СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

И.Байзақов "Құралай сұлу"поэмасы ашық сабақ

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Құралай сұлу" поэмасы тақырыбына ашық сабақ

Просмотр содержимого документа
«И.Байзақов "Құралай сұлу"поэмасы ашық сабақ»

Иса Байзақов Құралай сұлу поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын аша отырып,шығарма оқиғасы арқылы Монтай сияқты әділ билердің, Келден батыр тәрізді жауға тізе бүкпеген батыр бабаларымыздың болғандығын, солардың жасаған ерлігі ұрпақты жігерлендіріп, қауаттандырып, елінің патриоты болуға жетелеп тұрғанын ұғындыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, миға шабуыл,СТО- технологиясының элементтері,өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд - презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
-Оқушылармен сәлемдесу;

-Назарларын сабаққа аудару;

-Сыныпты түгендеу;

- Топқа бөлу;

Түрлі-түсті кескіндер арқылы топқа бөлу.

1-топқа Төртбұрыш

2-топқа Үшбұрыш

3-топқа Дөңгелек

4-топқа Алтыбұрышты кескін алғандар отырады

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Лездеме» стратегиясы

1.Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?

• Ақын

• Жазушы

• Актер

• Әнші, жыршы

2. Құралай сұлу поэмасы нешінші жылы жарық көрді?

3.Поэмадағы кейіпкерлерді атаңдар

4.Монтай бидің руы? (орта жүз, қыпшақ)

5.Қайыргелді кім? (Монтайдың тоқалынан туған ұл)

6.Армансыз адамның есімі (Келден)

7.Құралай сұлу кімнің қызы?, ол неге қазақ жеріне қашпақ болды?

8. Ол кездегі қалмақ ханы кім болды? (Сейқын)

9. Құралай неден қаза болды?

10. Құралайдың соңғы айтқан сөзі не еді?



ІІІ.Жаңа сабақ.

Сұрақтар салынған конверт. Оқушыларға «Конверт-сұрақ» беремін.

1-топ Тақырып дегеніміз не? (поэманың тақырыбы)

2-топ Идея дегеніміз не? (поэманың идеясы)

3-топ Сюжет дегеніміз не?

4-топ Поэмаға жоспар құрау

5-топ Құралайдың суретін салып шығу.

IV.Топпен жұмыс.

Баяндаушы топ

І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды

Талдаушы топ

ІІ топ: «Құралай сұлу» поэмасының тақырыбы, идеясы, ерекшелігі туралы ой қозғапйды.

Сипаттаушы топ

ІІІ топ: Кейіпкерлеріне тоқталу, мінездеме беру, іс-әрекеттеріне талдау жасау.

Жас әдебиетшілер тобы

IV топ:

Шығарманың ерекшелігі, өздеріне ұнаған тұстары туралы әңгімелеу. Топ болып жұмыс жасайды. Әр оқушының пікірін, идеясын тыңдайды, қажет деп шешкендерін жазады. Әр оқушы өзінің не істегендерін айтып шығады.

І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды, постер жасап , қорғайды.

Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған.

9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді.Ол кішкентайынан "Домбырашы бала", "Әнші Иса " атанады.

1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған. 1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық театр ашылғанда Ә.Қашаубаев,Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұлов,Е.Өмірзақов,т.б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Алғаш М.Әуезовтің "Еңлік-Кебегі"мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдерде ойнаған.

"Біржан-Сарада" Біржан рөлінде ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндірген.

Атақты "Гәкку" әні әншінің орындауымен ешбір өңдеусіз "Қыз Жібек "операсына енді. Радиода, филормонияда, Жазушылар Одағында қызмет етті.

Иса әйгілі "Құралай сұлу" дастанын шығарған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап,үгітшілік қызмет атқарған. Әкесі - Байзақ, әжесі - Жанбала, анасы - Ғазиза. Әнші

Ақын

Актер

Күйші Домбырашы

Сазгер

ІІ топ:

Басқа туындыларына шашырамай-ақ, тек осы «Құралай сұлу» поэмасын сүзіп шыққанның өзінде-ақ өлі сөзге жан бітіре сөйлету мен тілдің өзін тірі тіршілікпен астастыра, ұластыра жырлаудың асқан үлгілерін көреміз.

Ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл маңының көркін айна-қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен сурет салады.

Өзеннің екі жағы қамысты көл,

Жайылып екі тарап болады сел.

Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,

Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.

Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп,

Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.

Ғажап емес пе, тіпті ешқандай талдама, түсініктемесіз-ақ әрі қарай оқи бергің келеді.

Шығарманың композициялық құрылысы

Армансыз адам туралы ойлану , оны көруге

деген құштарлығы, іздеп баруы.

3

Оқиғаның дамуы

Армансыз Келден байға жолығуы.

4

Оқиғаның шиеленісуі

Келден байдың да арманы болуы. ішкі күйініші.

Оның әңгімесі.

5

Оқиғаның шарықтау шегі

Құралай сұлу трагедиясы

6

Оқиғаның шешілуі

Монтай би мен Келден байдың түсінісуі.

Армансыз адамның өмірде болмайтынын

Монтай бидің түсінуі.


ІІІ топ:

Негізгі кейіпкерлері:

Монтай би.

Келден бай.

Құралай сұлу.

Құралай сұлудың анасы.

Қалмақтардың ханы Сейқын.

Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр.

И.Байзақов портрет жасауда да қазақ сөзінің қаймағын тергіштеп қана қоймай, оны әсемдік пен әдемілік әлемінің жиһаздарындай етіп құлпыртып, құбылтып жібереді. Құралайдың сұлулығын «Жерде туып, көкте күнге нұрын қосқан» ғажайып құбылыс іспетті толғайды.

Екі бет уылжып тұр қаны тамып,

Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып,

Жас баланың аузындай кішкене аузын,

Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.

Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,

Ақылдан орнатқандай өлшеу алып.

Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай,

Сұлулық есі кетіп тұр, таң қалып.

IV топ:

Шығарманың ерекшелігі, өздеріне ұнаған тұстары туралы әңгімелеу. Өздері ақынның орнында болған жағдайда шығарманы қалай аяқтауға болатыны туралы ой қозғау.

Топта талқылап, өз ойларын ортаға салады.




Постермен жұмыс

10 минут Миға шабуыл

Шығармадан Құралайдың портретін оқып беріп, сол бойынша Құралайдың суретін салып шығу. Оқушылар топтасып жұмыс жасайды. Постерлерін қорғайды.

8 мин Кестелер. «Ішіне сыртына» әдісі бойынша шығармадағы ұнамды кейіпкерлерді ішіне, ұнамсыз кейіпкерлерді сыртына жазамыз. Берілген кестені жұптасып отырып толтырады. Жұмысты аяқтаған соң қорғайды.

8 мин Сыни ойлау сұрақтары. Егер Келден батыр қалмақтардың алдында тізе бүккенде не болар еді деп ойлайсың? Өз пікірлерін айтады.

8 мин Сыни ойлау «Егер мен автор болсам…» Оқушы пікірі

V.Бекіту. Монтай биге хат, Келден батырға хат

ҮІІ. Қорытындылау

Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.

ҮІІІ. Білімді бағалау

Сабақ барысында оқушылардың сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай таңбалар таратылып отырған. Соған байланысты оқушыларды бағалап өту

ІХ. Үйге тапсырма

«Қасиет дарыған, құт мекен – қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.

































Тақырып дегеніміз не? (поэманың тақырыбы)





Идея дегеніміз не? (поэманың идеясы)







Сюжет дегеніміз не?





Поэмаға жоспар құрау





Құралайдың суретін салып шығу.