Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: шығарманың мазмұнын меңгерту,
тарихи фактілерге назар аударту,
Ақан мен Құлагердің құдіреттілігіне
көз жеткізу;
ә)дамытушылық: тіл байлығын терңдету,
тапқырлыққа,ой еркіндігіне,
зерделікке баулу.Өз ойларын айта
білуге дағдыландыру;
б)тәрбиелік: өнер адамына,еліне,тарихына,
табиғатқа деген патриоттық сезімін
ояту,ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге
тәрбиелеу,жаманнан жирендіру;
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірме,баяндау
Көрнекілігі: слайд,ақын портреті,сөзжұмбақ,қанатты сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығын және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі
Үйге берілген Ілиястың поэмалары сұралады.Әрі қарай Ілияс шығармашылығы мен өміріне арналған «Жансүгіров» сөзжұмбағын пайдаланамын. Сөзжұмбақта ақынның шығармалары мен өмір жолына байланысты кейбір жайттар қамтылған.
| | | | | | | | | 1 | Ж | е | т | і | с | у | |
| | | | | | | | | 2 | А | б | а | Й | | | |
| | | | | | | 3 | Ж | а | Н | с | ү | г | і | р | |
| | | | | | | | | 4 | С | а | ғ | а | н | а | қ |
| | | | | | | | 5 | К | Ү | й | | | | | |
| | | | | | | | | 6 | Г | и | м | а | л | а | й |
| | | | | 7 | К | ү | й | ш | І | | | | | | |
| | | | | | | 8 | Қ | а | Р | а | ғ | а | Ш | | |
| | | | | | | | 9 | М | О | л | ы | қ | б | а | й |
10 | Н | а | й | м | а | н | б | а | е | В | | | | | | |
Сұрақтары:
1.Ілияс туған өлке.
2.Ілиястың ақындық өнерге басқаша көзқараспен қарауына ықпал еткен ақын.
3.Ақынның ең алғашқы ұстазы.
4.Тұңғыш өлеңдер жинағы.
5.1929 жылы жазылған поэмасы.
6.Халықаралық тақырыпқа арналған шығармасы.
7.Кенесары хан ақынның қай шығармасында бейнеленген?
8.Ең алғашқы оқыған мектебі қай жерде?
9. «Күй» поэмасындағы күйші шал.
10.Автордың «Тұңғыш тоғысу» деп аталатын шығармасы кімге арналған?
3.Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Слайдты пайдалану арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
1.Жансүгіровтың 1936 жылы жазылған «Құлагер» поэмасы. Поэмаға тоқталмас бұрын оқушылардан 10 – сыныпта өткен Ақан сері өміріне байланысты жайттар сұралады.
1.Ақан серінің қандай шығармаларын білесіңдер? («Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Құлагер»).
2.Ақан басында қандай трагедиялық жағдайлар болды? (әйелі өлді,қыран құсы Қараторғай,қүмай тазысы Базарала өлді,1876 жылы жүйрік аты Құлагер мерт болды).
3.Ақанның «Құлагерін» еске түсіріп көрелік. (оқушыларға жекеленген шумақтарын айтқызамын).
Осыдан әрі қарай поэмаға көшемін. Ақынның шығармасы 19 – ғасырда болған нақты оқиғаларды бейнелейді. Поэманың басында Көкшенің әсем табиғаты суреттеледі. Әрі қарай момақан тау, шипа көл , қыз қайың, жігіт қарағай арасында қу бас ілінген ағаштың көлеңкесінде бір қара шал отыр. Яғни, бұл шал – поэманың бас кейіпкері – Ақан сері.
Автордың өзі:
Тұсында пері болсын, сері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған, - деп анық әрі ашық атап көрсеткен. Тентіреп тау- таста жүру себебін,оның әлеуметтік, қоғамдық сырын ашады.
1.Ас туралы түсінік беру. (тереңдетіп өрбітемін).
2.Ат бәйгесі.
1300 ат қосылған. Ақын осы тұлпарларға жалпы сипаттама береді. Осылардың ішіндегі ең жүйрік ат Құлагерге сипаттама белгілі ат сыншысы Күреңбайдың көзімен беріледі:
Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық,
Не қою, не болмаса емес сұйық.
Бұтының арасынан ел көшкендей,
Жамбастың басы делдек,қуыс қолтық.
Қанында шығысың мен батысың жоқ,
Ағылшын арғымақтың шатысы жоқ.
Қашаннан қазағымның қол тумасы,
Арабтың дүлдүлінің қатысы жоқ.
1300 аттың алдына 4 саңлақ шығады. Талай ат судан кеуіп,түтігіп, құдыққа түсіп өледі. Алыстан екі ат қатар көрінеді:бірі – қылаң,бірі – баран,кенет көлденеңнен бір ат қылт еткендей болады, сол – ақ екен баран ат мүлде көрінбей кетеді де,қылаң заулап алға шығады. Бұл – Көктұйғын. Екіншісі – Айтпақтың Күреңі. Үшіншісі – Шорманның Бурылы. Құлагер жоқ!..
Поэманың «Жалғыз қазық» тарауында Құлагердің трагедиялық сәті суреттеледі. Қайғылы ақын,қанатынан айырылған Ақан сері адамды жоқтағандай, Құлагердің ажалына арнап аяқ астынан суырып салып ән шығарады. Ілияс бұл жерде Ақан серінің әйгілі шығармасының өз мәтінін поэмада өте шебер қолдана білген. Құлагердің өлімі Ақан серінің сұлулық, әсемдік мұратының өлтірілуі еді. Дарынсыздың талантты жерге тығуын,қызғаныштың даңқты таптауын трагедиялық қуатпен бейнелеген автор мәңгі өлмес туынды жасады. Ол көркем сөзбен өрен жүйрік тұлпарға мәңгі өшпес,тозбас ескерткіш орнатып кетті. Поэманың ең басты айтар ойы,идеясы: «Жүйрікті күндеме,оған қастық қылма». Қазіргі өскелең заман биігімен бағамдасақ, күншілдік,қасқкүнемдік ол заманда, 19 - ғасырда , Ақан мінген Құлагерді мерт етсе, ал 20 – ғасырда Ілиясты мерт етті. Құлагер ат үздігі болса, оны жырлаған Ілияс ақын жүйрігі еді. Екі дәуірде екі тұлпар да қастықтан опат болды. Ілияс, Құлагер есімдері – бір-бірімен сабақтасып, байланысып жатқан ажырағасыз ұғымдар. Осы екеуінің басындағы трагедиялық жағдайлар болашақта біздің халқымыз үшін сабақ болуы тиіс.
Енді поэманың көркемдік ерекшелігіне тоқталайық , жекеленген шумақтар арқылы талданады.
1.Оқулықтағы Көкшетау бейнесін суреттеген үш шумағы.Мұндағы көк орман,көркем тоғай,көк кілем,ақ қанат,қия құз – эпитет.
Жамылған қыста ақ үзік ақ қардайын,
Төселген жазда кілем мақпалдайын.
Қырдағы ел «Құлагердің» әнін тыңдап,
Былайша әңгімелер Ақан жайын. Ақ қардайын,мақпалдайын – теңеу.
Ассонанс: Адуын алып көк бөрі, Аллитерация: Жылқыдай селт етпейді не мінезі,
Арыста талай бәйге алып, Жай салаң мінезі ме бой күйеді.
Айқаста талай көп көрді
Айқайда талай түсе қап,
Асқынғанды бөктірді.
3 4 4
^ ^ ^
/Бұрқ етті//кезең асып//шұбалған шаң/, а 4 тармақты,3бунақты,11буынды,
3 4 4 қара өлең ұйқасы.
^ ^ ^
/Қобалжып//қозды құрты//астағы жан/. а
3 4 4
^ ^ ^
/Ойысты//үш-төрт қара//үздік-создық/, б
4 4 4
^ ^ ^
/Алдыңғы ат//бірі – қылаң/,/ бірі – баран/. а Бұрқ етті,ойысты – инверсия.
Қайталау: Кей – кейде Жауын болып, жылап ақты,
Кей – кейде Дауыл болып, соқты қатты.
Кей – кейде Күңіреніп, көлдей толқып,
Кей – кейде Қу ағаштай құлап жатты.
4. Жаңа білімді бекіту кезеңі
5 жолдан тұратын қорытындылау тақпағы (сэнкуэн). Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту.
1.Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім. Ілияс
2.Екі сын есім. Жүйрік,дүлдүл.
3.Етістік. Жазады,суреттейді,сипаттайды.
4.Мағыналы сөйлем. Ілияс – қазақ поэзиясының Құлагері.
5. Құлагер.
5. Үй тапсырмасын хабарлау және орындау бойынша нұсқау беру.
Поэманы оқу.