Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі . Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау және оның графигін сала білу дағдыларын бекіту. Дамытушылық: Логикалық ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды берілген тапсырманы тиянақты орындай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі:қайталау және бекіту сабағы Типі: білімділік пен дағдыны қалыптастыру. Әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап, есептер шығару. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, плакат.
Просмотр содержимого документа
«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі»
Екі айнымалысы бар теңдеу және оның графигі
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі .
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау және оның графигін сала білу дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Логикалық ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды берілген тапсырманы тиянақты орындай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі:қайталау және бекіту сабағы
Типі: білімділік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап, есептер шығару.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, плакат.
Сабақтың барысы:
1 .Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Қайталау оқу анасы.
4.Сергіту сәті.
5.Тапқыр болсаң тауып көр.
6.Ойлан да тап.
7.Құпия сөзді табыңдар
8. Жаттығу жұмыстары.
9.Қортындылау,бағалау.
10.Үйге тапсырма.

3.Қайталау оқу анасы:
1.ах+bу=c, сызықтық теңдеудегі а, b, с әріптері нені білдіреді?
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 1-қасиетін айтыңдар.
3.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 2-қасиетін айтыңдар.
4.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?
5.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі қандай сызық болады?
6.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі дегеніміз не?
7.х-ң коэффициенті a=0 болғанда теңдеудің графигі қалай орналасады?
8.у-ң коэффициенті b=0 болғанда теңдеудің графигі қалай орналасады?
4.Сергіту сәті.
Мына теңдеулердің қайсысы сызықтық теңдеу (ауызша):
1. 3х-у=14
2. 5у+ х2=16
3. 7ху-5у=12
4. 5х+2у=16
5. х2 +у2=9
6. х+у=1






9. Қорытындылау:
1. ах+bу=c түріндегі теңдеу қалай аталады?
2. Мұндағы х пен у - нелер?
3. а, b, с - әріптері нені білдіреді?
4. у=х+3 және у=х-3 теңдеуінің графигі қалай орналасады?
5. 4.у=4х+5 және у=7х-3 теңдеуінің графигі қалай орналасады?
10. Бағалау: белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
11. Үйге тапсырма: §8.1.-§8.2. қайталау. № 1465; 1466
Жұрынбаев Мейіржан
математика пәні мұғалімі
Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы