СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз.

 

Просмотр содержимого документа
«Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз»

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы:

Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады;

  2. 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

  3. 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңды-лықтарын анықтайды.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;

әрбір оқушыға арналған 20 данадан дайындалған дөңгелек.

Тірек сөздер

Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 20-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен екі-екіден санай білуге жаттықтыру. Күнделікті өмірден тәжірибеде қолданылып жүрген екі-екіден санауға мысалдар келтіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ 2 сыныпта енгізілетін жұп және тақ сандар тақырыбына дайындық сабағы түрінде өткізіледі. Оқушылар орындаған жаттығулары бойынша екі-екіден санау кезінде сандардың 0, 2, 4, 6, 8-ге аяқталатыны туралы қорытынды жасай алады. Жұп сандардың 0, 2, 4, 6, 8-ге аяқталатынын, ал тақ сан-дар — 1, 3, 5, 7, 9-ға аяқталатын тани білуге жаттығу тапсырмаларын орындату.

Кіріспе тапсырма. Сабақты тәжірибе жасаудан бастаңыз. Оқушыларға “Алмаларды санаймыз” деген жаттығу жұмысын ұсыныңыз. Санау материалдарының топтамасындағы алмалардың суреттерінен әрбір оқушыға 20-дан таратып беріңіз. Егер ондай материал жоқ болса, алманың суретін қағаздан жасалған дөңгелектермен ауыстыруға болады. Оқушыларға себеттегі алмалар санына тең қағаздан жасалған дөңгелектерді үстелге санап қоюды ұсыныңыз. Екі-екіден қосып санау үшін орындалатын жаттығуға арналған нұсқаулық:

— Себетке 2 алма салынды. (Оқушылар үстелге 2 дөңгелек қояды). Себетте неше алма болды? (2)— Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (4)



— Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (6)



— Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (8)



— Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (10)



Дәл осылайша себетте 20 алма болғанша біртіндеп қоса беру керек.



20 санын алған соң, оқушылардан алмаларды қосқан сайын қандай сандарды алғанын сұраңыз. (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20) Осылайша санаудың екі-екіден тура санау деп аталатынын және сандардың өсу ретімен орналасатынын, сонымен қатар әр сан алдыңғы саннан 2-ге артық болатынын хабарлап айтыңыз. Содан кейін алмаларды енді кері қарай санауды жаттықтыратын тапсырма беріңіз. Екі-екіден азайтып санауды жаттығуға арналған нұсқаулық:

— Себетте неше алма бар? (20)

— Себеттен 2 алма алдық. Себетте неше алма қалды? (18)

— Тағы 2 алма алдық. Енді нешеу қалды (16)

— Тағы 2 алма алдық. Енді нешеу қалды? (14) Осылайша себетте 0 алма қалғанша ала береміз. 0 санын алған соң, оқушылардан алмаларды алған

сайын қандай сандар шыққанын сұраңыз. (20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2, 0). Осылайша санауды екі-екіден кері санау деп аталатынын және сандардың кему ретімен орналасатынын, сонымен қатар әр сан алдыңғы саннан 2-ге кем болатынын хабарлап айтыңыз.

Ұшып келді — ұшып кетті. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Тапсырманың мәтінін оқыңыз, ал оқушылар санауды жүргізіп отырып, өздерінің жауаптарын басқа жұптардың жауаптарымен салыстырып, тексеріп отырулары керек.

а) — Ағашта неше құс болған? (2)

— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (4)

— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (6)

— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (8)

— Олар 10 құс болу үшін тағы неше құс ұшып келуі тиіс? (2)

— Қандай сандар алдыңдар? (2, 4, 6, 8, 10)

— Біз қандай ретпен санадық? (екі-екіден, тура ретпен)

ә) — Ағашта неше құс болған? (10)

— Нешеуі ұшып кетті? Қанша қалды? (8)

— Тағы екі құс ұшып кетті. Енді нешеуі қалды? (6)

— Егер үнемі 2 құстан ұшып кетіп отыратын болса, ағашта бірде-бір құс қалмау үшін неше рет екі-екіден ұшу керек? (2 рет 2 құстан)

— Қандай сандар алдық? (10, 8, 6, 4, 2)

— Біз қалай және қандай ретпен санадық? (екі-екіден, кері ретпен)



Жауабы:



жұп сандар — 8, 10, 12, тақ сандар — 7, 9, 11.



20-ға дейінгі сандарды сана. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға ұйымдастырыңыз. 20-ға де-йінгі сандар таспасында санауды және тапсырмаға сәйкес сандарды атауды (немесе қағазға жазуды) ұсыныңыз. Оқушыларды топпен жұмыс істей білуге, тексеруге және бір-біріне көмектесуге үйретіңіз. Егер тапсырманы орындау қиындық туғызса, кей-бір оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырыңыз. Тапсырманы орындаған соң, топтарға жауапта-ры жазылған парақтарын тақтаға бекітіп, басқа топтардың жауаптарымен салыстырып тексеруді ұйымдастырыңыз.



Жауабы:



а) 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20; ә) 20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2; б) 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19; в) 15, 13, 11, 9, 7, 5, 3, 1.



Үйлердің нөмірі. Тапсырманы жалпы сыныпқа орындатыңыз. Тапсырмадағы сұрақтар бойынша әңгіме өткізіңіз. Тапсырманы орындау барысында оқушылар 20-ға дейінгі сандарды екі-екіден тура және кері санау дағдыны бекітуі тиіс. Сонымен қатар бұл дағдыны күнделікті өмірде қолдануға болатынына көздері жетуі тиіс.

Тапсырмаға арналған қосымша сұрақтар:

— Көшенің сол жағындағы үйлердің нөмірі қандай?

— Көшенің оң жағындағы үйлердің нөмірі қандай?

— Неге үйлердің нөмірін бір жағында 1, 3, 5 және т. с. с. нөмірмен, ал қарама-қарсы жағындағыны 2, 4, 6 және т.с.с. нөмірмен нөмірлейтіні туралы не ойлайсың?

— Оқулықтағы суреттегі ұл мен қыз үйлерді нөмірлеудің осы ережесі туралы біле ме? Сен қалай ойлайсың?

Шығарып көр. Берілген кестедегі сандар ара-сынан бұл топқа жатпайтын артық санды әрбір оқушыға жеке тапқызыңыз. Не себепті санның ар-тық болып тұрғанын түсіндіруді сұраңыз, өз ойын дәлелдеп айтып беруге жетелеңіз. Тапсырма қиындық туғызған жағдайда жетелеу сұрақтарын қоя отырып, артық санды өзінің табуына көмектесіңіз.

Жауабы:1-топта: 14; 2-топта: 7.Орындап көр. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін байқау үшін берілген цифрлардан екі таңбалы жұп және тақ сандарды топпен құрастыруды тапсырыңыз. Әр топтың қанша сан құрастырғанын тексеріңіз. Ең көп сан құрастырған топты мадақтап, атап өтіңіз.






Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың тілдік дағдыларын сабақ бары-сында жетілдіру және дамыту үшін математикалық терминдерді дұрыс айту және қолдануға қолдау көрсетіңіз. Топпен және жұппен талқылауда оқушы-лар коммуникативтік дағдыларын жетілдіру.

Бос дөңгелектерге тиісті сандарды жаз. Тап-сырманы орындау үшін оқушылар алған біліміне сүйеніп, жұп және тақ сандарды тауып, оларды тапсырма шартына қарай бояуы керек.

Жауабы:

түсіп қалған сандар: 2, 4, 6, 7, 11, 13, 15, 17, 19; қызыл түске боялған сандар: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

20 көлемінде екі-екіден тура және кері санай білуді меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз:

— 2-ден 20-ға дейін екі-екіден тура санау кезінде қандай сандар аламыз?

— 2-ден 20-ға дейін екі-екіден кері санау кезінде қандай сандар аламыз?

— Қажет болған жағдайда күрделірек сұрақтарды қолданыңыз