СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Елімнің еркіндігі тәуелсіздік

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» мерекелік ертеңгілігі (ҚР тәуелсіздігінің 26 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс – шара сценарий конспекті) Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу. Класс іші мерекеге лайық безендірілген. Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді. Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 26 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз. Жүрг:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін, Серпін таста мұңды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,  Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.  Енді ағайын, көгінде қалықтасын,  Қазағымның қастерлі - Әнұраны! Әнұран орындалады. Барлығы орнынан тұрады. Сұрақ – жауап: Жүрг:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр. 1. Қазақстан Республикасының рәміздері.....(ту, елтаңба, әнұран) 2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана) 3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? «Қазақстан) 4. Біздің тіліміз қандай? (қазақ тілі) 5. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев) «Көк тудың желбірегені» әнін орындайды. Барлығы бірге отан туралы өлеңін айтады.

Барлық елдің бөбегі Бір-бірімен туысқан. Бәрімізге төгеді, Өз шуағын күміс таң.

 Бейбітшілік әніміз  Бауырласпыз бәріміз,  Қазақстан даласында   Жарасады сәніміз.   Ұлы Отанның аясында   Жадырайды жанымыз.

 Бізбен бірге бар әлем,   Қуанады балаша.   Қуанышқа бөленген,   Өмір қандай тамаша

Шұғылалы таңымыз, Қазақ жері – бағымыз Қайнарынан мөп-мөлдір Сусындайды жанымыз.

 Қазақ жері – сәніміз  Мәуесі мол бағымыз  Саясында жетілер   Балдай бала шағымыз

Отанды біз атамекен Деп аялап айтамыз.   Өйткені оны мекен еткен   Бабамыз бен атамыз

Отанды әркім анасындай,  Қастерлейді бағалап  Өйткені Отан баласындай   Бізді өсірер аялап.    Отан деген – атамекен,                             Отан деген – туған жер.    Отан – ана, Отан – үлкен,    Қазақстан – туған ел.

 Ашық болсын десек елдің аспаны   Мөлдір судай тұнық болсын жастары Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен   Балабақша тәрбиенің бастауы Ән: «Тәуелсіз қазақтың қызымын»

Просмотр содержимого документа
«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»

М.Жұмабаев атындағы орта мектеп







Тәрбие сағаты

Тақырыбы:



«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»






Класы: даярлық «в» тобы

Класс жетекшісі: А.А.Лекерова.



























2017 – 2018 оқу жылы

«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» мерекелік ертеңгілігі

(ҚР тәуелсіздігінің 26 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс – шара сценарий конспекті)

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Класс іші мерекеге лайық безендірілген.

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 26 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүрг:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!


Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Әнұран орындалады. Барлығы орнынан тұрады.

Сұрақ – жауап:

Жүрг:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1. Қазақстан Республикасының рәміздері.....(ту, елтаңба, әнұран)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? «Қазақстан)

4. Біздің тіліміз қандай? (қазақ тілі)

5. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

«Көк тудың желбірегені» әнін орындайды.

Барлығы бірге отан туралы өлеңін айтады.



Барлық елдің бөбегі

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.



 Бейбітшілік әніміз

 Бауырласпыз бәріміз,

Қазақстан даласында

  Жарасады сәніміз.

  Ұлы Отанның аясында

  Жадырайды жанымыз.



 Бізбен бірге бар әлем,

  Қуанады балаша.

  Қуанышқа бөленген,

  Өмір қандай тамаша



Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері – бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.



 Қазақ жері – сәніміз

 Мәуесі мол бағымыз

 Саясында жетілер

  Балдай бала шағымыз



Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз.

  Өйткені оны мекен еткен

  Бабамыз бен атамыз



Отанды әркім анасындай,

 Қастерлейді бағалап

 Өйткені Отан баласындай

  Бізді өсірер аялап.

  

Отан деген – атамекен,                          

  Отан деген – туған жер.

   Отан – ана, Отан – үлкен,

   Қазақстан – туған ел.



 Ашық болсын десек елдің аспаны

  Мөлдір судай тұнық болсын жастары

Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен

  Балабақша тәрбиенің бастауы

Ән: «Тәуелсіз қазақтың қызымын»