СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Еңбек етпеген адам ішіп-жемейді »

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бір байдың керемет сұлу қызы болады, бірақ өте жалқау екен. Әсте ештеңе істемепті, тіпті іске икемі де жоқ екен. Күнде айна алдында таранып, сыланып отыр екен.

Оны ұзататын шақ та келеді. Патша көпшілікке былай деп жарлық қылады: «Кімде-кім менің қызымды жұмысқа үйрете алса, соған тұрмысқа беремін».

Уақыт өте береді, бірақ патша қызына ешкім құда түспейді. Патша төңірегіндегі нөкерлерін шақыртып, қызына күйеу іздеуді бұйырады. Олар жан-жаққа тарап, іздеуге кіріседі. Бірде сегіз өгізбен жер жыртып жүрген жігітті кездестіреді. Олар жігіттің патшаға барып жолығуын сұрайды. Жігіт қорқып қалады, бірақ патшаның алдына келеді. Ал патша оған бәрін рет-ретімен түсіндіреді. Жігіт келісіп, қызды үш жылда жұмысқа үйретуге уәдесін береді. Сосын патшаның қызын ертіп, өз үйіне келеді. Үйінде анасы бар еді. Анасы әдемі, сұлу қызды көріп, қайран қалады.

Келесі күні жігіт соқаға өгіздерін жегіп, жұмыс істеуге кетеді. Ол анасына «келініңе жұмыс істетпе» деп тапсырып кетеді. Кешке жұмыстан келеді де, кешкі асын жеуге үстел басына отырып: 

  • Апа, бүгін кім жұмыс істеді? деп сұрайды.

Просмотр содержимого документа
««Еңбек етпеген адам ішіп-жемейді »»

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Еңбек етпеген адам ішіп-жемейді »

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін диктант арқылы тексеру

2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлжандыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар жинағы (121 сөз)

Сабақтың түрі: бақылау сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен амандасу

- Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

- Сабаққа даярлығын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ Мәтінді оқып, оқушылармен сөздік жұмыс жасау

Мәтінді толық оқып шығу , сөйлеммен оқу, сөз тіркесімен оқу, тыныс белгілерін қою үшін сөйлемді қайталап оқу, жазып болғаннан кейін мәтінді толық оқып шығу

Бір байдың керемет сұлу қызы болады, бірақ өте жалқау екен. Әсте ештеңе істемепті, тіпті іске икемі де жоқ екен. Күнде айна алдында таранып, сыланып отыр екен.

Оны ұзататын шақ та келеді. Патша көпшілікке былай деп жарлық қылады: «Кімде-кім менің қызымды жұмысқа үйрете алса, соған тұрмысқа беремін».

Уақыт өте береді, бірақ патша қызына ешкім құда түспейді. Патша төңірегіндегі нөкерлерін шақыртып, қызына күйеу іздеуді бұйырады. Олар жан-жаққа тарап, іздеуге кіріседі. Бірде сегіз өгізбен жер жыртып жүрген жігітті кездестіреді. Олар жігіттің патшаға барып жолығуын сұрайды. Жігіт қорқып қалады, бірақ патшаның алдына келеді. Ал патша оған бәрін рет-ретімен түсіндіреді. Жігіт келісіп, қызды үш жылда жұмысқа үйретуге уәдесін береді. Сосын патшаның қызын ертіп, өз үйіне келеді. Үйінде анасы бар еді. Анасы әдемі, сұлу қызды көріп, қайран қалады.

Келесі күні жігіт соқаға өгіздерін жегіп, жұмыс істеуге кетеді. Ол анасына «келініңе жұмыс істетпе» деп тапсырып кетеді. Кешке жұмыстан келеді де, кешкі асын жеуге үстел басына отырып:

  • Апа, бүгін кім жұмыс істеді? – деп сұрайды.

  • Сен екеуміз, - дейді анасы.

  • Ендеше кім еңбек етсе, сол ғана ішіп-жейтін шығар, - дейді жігіт.

Патша қызына бұл ұнамайды. Ол ашуланып, аш қалпында ұйықтап қалады. Келесі күні де дәл осылай болады. Үшінші күні патша қызы енесіне келіп:

  • Апа, маған бір жұмыс беріңізші, бос отыра алар емеспін, - депті.

  • Ендеше, балам, отын жара ғой! – дейді енесі.

Кеш болды. Кешкі асқа отыра беріп, жігіт тағы сұрайды:

  • Апа, бүгін кім жұмыс істеді?

  • Бүгін үшеуміз де жұмыс істедік: мен, сен және патша қызы.

  • Ендеше, еңбек еткен ішіп-жейтін болар.

Сөйтіп, үшеуі кешкі асты бірге ішеді. Осылай патша қызы ептеп-ептеп жұмыс істеуге үйрене бастайды.

Үш жылдан кейін патша қызының халін білуге келеді.

Қайын енесімен бірге үйлесе жұмыс істеп жүрген қызын көріп:

  • Қалай, қызым, жұмыс істеуді үйрендің бе?- дейді патша қуанышты үнмен.

– О не дегенің, әке, - деп жауап береді қызы, - біздегі тәртіп мынадай: еңбек етпеген адам ішіп-жемейді. Әке, кешкі асты ішкің келсе, отын жар!- дейді патша қызы.

Патша қызы мен күйеу баласына көп сыйлық әкеліп, қонақ болады. Содан соң үшеуін де өзінің сарайына алып кетеді. Ол жігітті туған ұлындай көріп, барлық патшалығын табыс етеді.

Бекіту кезеңі: Синтаксистік, морфологиялық талдау жасату.

Үй тапсырмасы: Үйге сөйлемнің түрлерін қайталау.

Бағалау.