Просмотр содержимого документа
««Еркетай» балабақшасы»
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қос жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі».
Әбу Насыр Әл-Фараби
Айтар-айтпастан қуанышты күйге әкелетін жайлар бар, жарық және жылы сезім әкелетін жайттар. Геринга көшесіндегі «Еркетай» балабақшасы сондай сезімге иелі. Қазіргі кезде «Еркетай» балабақшасына 320 баладай келіп отырады. Балабақшаны Карибаева Гульнур Аблаевна басқарады. Өзінің жан дүниесін арнап, күш қуаты мен жігерін қосып, балабақшадағы жұмыскерлерге қолдау көрсетіп ісін атқарып жүр. Балабақша ашылмай тұрып, ғимараттың абаттандыруы басталды.
Балабақша таза, жайлы, жарық және әдемі. Дәлізде балалардың қолымен салған суреттерінен көрмелер безендірілген және олар үнемі жаңаланып отырады. Әрбір топ өзінің безедірілуімен және жайлылығымен ерекшеленеді. Балалардың ойнау және оқу бөлмелелері арнайы әдістемеліктермен және заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әрбір топ және ұйықтайтын бөлме жайлы және сәнді жинаулы, оқу бөлмелері арнайы әдістемеліктермен толықтырылған және заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Балабақшада тамаша безендірілген музыка, дене шынықтыру, медициналық кабинеттер бар, онда балалардың демалуына және би, ән айтуға, дене шынықтырумен айналысуына барлық жағдай жасалған. Музыка залында балалардың қуанышты күлкілері ешқашанда кетпейді, балалар онда қуана-қуана жүгіріп, жаттығулар жасайды.
Балабақшаның тәрбиешілері кәсіби шеберлігі жоғары мамандар, барлық күш-жігерлерін, сүйіспеншіліктерін балаларға береді. Балалардың жастарына сай сабақтар, сонымен қатар қосымша ағылшын, орыс тілдері, тіл дамыту, айналамен таныстыру, сауат ашу, математика секілді сабақтар оқытылады. Балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында әр-түрлі танымдық ойындар, музыкалық сағаттар өткізіледі. Әртүрлі көрнекі құралдарды пайдаланып, қызықты тақпақтар үйретіледі. Жас ерекшеліктеріне қарай қызықты ертеңгіліктер, спорттық және қызғылықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Әрбір іс-шара балалардың ынталарына байланысты өткізіледі. Жалпы жайлы және әдемі балабақшадан балалар кеткісі келмейді.
Жуырда «Менің әдемі тоным» сайысы болып кетті. Ата-аналар балаларымен бірге өздерінің фантазиясына байланысты әр түрлі құрал, материал мен заттардан тон жасап құрастырды. Сайыстың мақсаты: баланың ойын қалыптастырып, фантазиясының ашылуына мол мүмкіншілік беру, алаңда өзін ұстай алуына және ата-аналармен бірге жұмыс жасай білуіне көмектесу.
Педагогикалық ұжыммен бірге бірігіп, әр түрлі жыл мезгіліне байланысты көрмелер, спорттық сайыстар өтті. Балалар белсенді қатысып, әр түрлі жүлделі орындармен қуантып отыр.
Біз ата-аналардың балабақша ішіндегі іс шараларға белсенді қатысып отырғандарына алғысымызды айтамыз.
Бүгінгі күнге дейін тәрбиешілер ата-аналармен бірге толық жайлы атмосфера құрып, жұмыс жүйесі қалыптасты деп айтуға болады. Әр түрлі жұмыс формаларының арқасында тағайынды нәтиже орнатылып отыр.
Барлық ұжым баланың ойын толық дамыттырып, балабақшада көңілді болып жүруіне ықпалын жасау керектігін біледі. Бұл шынымен де солай. Балабақшада мейірімді тәрбиешінің көмекшілері, профессионалды тәрбиешілер, тамаша басқарушы бар. Олар бала үшін барлық мейірімдерін қосуда.
«Еркетай» балабақшасының ортаңғы «Ә» Қонжық тобынан бірнеше сұрақтарға жауап берулерін сұрадық: «Біздің балабақша қандай?» және өте тиімді жауап алдық. Олар: « Біздің балабақша жақсы, әдемі, үлкен және ең күшті! деп жауап берді. Бұл ұжымның жұмысының ең дұрыс бағасы деген ойдамын. Өйткені мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық бар жерде еңбектің нәтижесі жоғары болады. Педагогикалық ұжымның жұмысы жауапты, шығармашылық профессионалды және новаторлық болып табылады.
Ортаңғы «Ә» Қонжық тобының тәрбиешісі Ж.А. Карибаева