Дәлелдеп талаптану | Балалар қане шаттық шеңберін айтып сабағымызды бастаймыз.Бір кезде бір дауыс естіледі.Балалар, қане тыңдайықшы, бір дауыс шығатын сияқты. Қараңдаршы бізге адасып қалған қасқыр келіп қалыпты. Балалар қане, қасқырмен амандасайық.Бұл қасқыр бізге Қызыл телпек ертегісінен келіпті.Ертегіде қасқыр не істеп еді еске түсірейікші.Біз қасқырды орманға жеткізуіміз керек. Ал, осы қасқырдан басқа қандай жабайы жануарларды білесіңдер? Ия, балалар осы жабайы жануарлардың көбі біздің ертегілеріміздің кейіпкерлері. Балалар, осы қасқыр туралы ертегі білесіңдер ме? |
Балалар қасқырдың ертегідегі рөлін айтып береді. Балалар көмектесуге тырысады. -Балалар білген жабайы жануарларды айтып береді.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс. | Балалар, қасқыр қайда өмір сүреді? Ал, ендеше біз орманға барайық. Орман ауасы қандай таза, олай болса тыныс алайық. Балалар қасқырдың үйі апан деп аталады, сол апанға жеткізуміз керек, ол үшін кедергілерден өтсек, қасқырды үйшігіне жеткіземіз. Аюдың тапсырмасы- сендер мен туралы не білесіңдер? Тілдеріңді жаттықтырып,жаттығу жасаңдар. Ю-ю-ю –аю Балалар, аюдың баласын қонжық деп айтады. Маған мына жерден әр қайсысың бір балықтан аулап беріңдер. Балалар балықты аулап, артындағы суретті әңгімелейді. Балалар сергіту сәтін орындайды.
3.Менің жұмбақтарыма жауап беріңдер. Өзі қу, айлакер, жүрген жүрісі бұлғаң, бұлғаң. Жазда қыдырады, Қыста демалады. Бұтадан- бұтаға секіреді, Кішкентай ғана шапшаң аң. Орғыған қорқақ, көзі қыли. Қысы-жазы екі түрлі тон киеді. Балалар, жарайсыңдар, енді аюдың кедергісінен өттік.Енді түлкінің кедергісінен өтуіміз керек.Түлкі қандай аң?Балалар түлкінің баласын мыршай деп атаймыз. Тапсырмасы. Д;О «Кім немен қоректенеді» Берілген таблицалардан сөйлем құрастыру. Балалар, үйшік ертегісінде түлкі не істеді?. 3 тапсырма.Балалар мына кітаптарының ішінен бір ертегіні суретіне қарап айтып берсеңдер өтесіңдер. Ендеше, бәріміз жиналып, көзімізді жұмып 1,2,3 деп санасақ, өзіміздің топқа келеміз.
|
Балалар тыныс алу жаттығуын жасайды. Балалар, тәрбиешіні мұқият тыңдап, кедергілерден өтуге тырысады.
Балалар барлығы қосылып қайталайды.
Естіп қалып сыбдырды Ойлы қырлы жерлерден Ытқып, ытқып жүгірді.
Балалар түлкі қандай аң екенін айтып береді.
Балалар жабайы жануарлар немен қоректенетінін айтып береді. Балалар, түлкінің суретіне қарап түлкі туралы білгендерін айтады. Балалар қай ертегіде барын айтады. Балалар суретке қарап ертегіні айтып береді. «Үш аю»
Балалар көздерін жұмып, тәрбиешіні қайталайды. |