СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегі "Шұбартауық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

шұбартауық ертегісін әр түрлі театр үлгісімен айтып беру.Ертегіні оқу арқылы балаларлың сөздік қорларын дамыту.

Просмотр содержимого документа
«Ертегі "Шұбартауық"»

Тақырыбы; "Шұбар тауық"
Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным»

Кіріктірілген оқу іс –әрекеті: «Тіл дамыту», «ҚМҰҚ».
Мақсаты:

Білімділігі:Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету.

Дамытушылығы: Белсенді сөздік қорларын, дамыту. Түстерді, геометриялық пішіндерді ажыратып, құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі:Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу.
1.Шаттық шеңбер
(Балалар шеңберге тұрады.)
Қуыр - қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Түлкі келсе есік бас,
Әжең келсе есік аш.
Бас бармақ, Балаң үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Қуыр - қуыр, қуырмаш.,
Тауықтарға тары шаш.
Шеп - шеп - шеп.
- Балалар, ертегі тамашалағыларың келе ме?


2. Ертегі: «Шұбар тауық»

3. Сөздік ойын: « Кім тез жауап береді?»
(Ертегі желісі бойынша сұрақтар беру)
- Қандай ертегі көрдіңдер? (Шұбар тауық)
- Шұбар тауық кімдердің үйінде тұрды? (Ата мен әженің үйінде тұрды)
- Шұбар тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа туып берді? (Алтын жұмыртқа)
- Жұмыртқаны не жарды? (Тышқан)
- Тышқан жұмыртқаны қалай жарды? (Құйрығымен қағып кетті)

4. Психологиялық гимнастика: «Көңіл - күй»
- Ата мен әже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңданды? (Таңдану)
- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді (Көңілсіз)
- Жай жұмыртқа туып бергенде қалай қуанды? (Қуану)
Қыт - қыттап Шұбар тауық келеді
Шұбар тауық: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, қыт - қыт - қыт.
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Шұбар тауық: - Мені таныдыңдар ма?
Балалар: - Иә, таныдық, Шұбар тауықсың.
Шұбар тауық: - Мен сендерге ойындар әкелдім. Егер ойындарды дұрыс ойнасаңдар, менің мына жұмыртқаларым ашылады.
Тәрбиеші: - Шұбар тауық, біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.

5. Дидактикалық ойын: «Суретті ретімен қойып, әңгімеле»
(«Шұбар тауық» ертегісі бойынша бейнеленген суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп береді

Тәрбиеші: (жұмыртқаны қолына алып ) – Ой, балалар, мына жұмыртқадан бір дауыс шығады – деп қолына алады. (Ішінен шиқылдап, балапан шығады)

Балалар: - Балапан. (балалар таңданады)
Шұбар тауық қыт - қыттап рахмет айтады.

6. Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата және сипатта»
2 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.

7. Дидактикалық ойын: «Балапанды пішіндерден құрастыр»
3 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.

Дидактикалық ойын: «Неше балапан, неше жұмыртқа»(санау)
- Шұбар тауық: - Жарайсыңдар, балалар, жұмыртқаларымды ашуға көмектескендеріңе рахмет!
- Балалар: - Шұбар тауықпен бірге, ән айтып би билейік.
Ән «Шөжелерім» (музыкамен)
Шеп - шеп шеп - шеп шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем беремін,
Дәнге толы алақаным.

Шұбар тауық: - Балалар, сендермен өте көңілді болды. Мен сендерге сыйлық ала келдім (сыйлық – киндер жұмыртқаларын балаларға таратады)
Мені атаммен әжем іздеп жүрген болар, мен енді үйге қайтайын, сау болыңдар балалар.

















«ОРДА Султан» ЖШС «Алтынсақа» балабақшасы






Ертегілер елі



Тәрбиеші:Утепова А.Б.











Атырау-2017 оқу жылы