СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегілер еліне саяхат.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегілер әлеміне саяхат.

Сабақтың тақырыбы: «Торғай мен түлкі»  ертегісі

Сабақтың мақсаты: Ертегімен таныстырып,мазмұнын меңгерту.

Білімділік: Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: торғайдың,түлкінің суреттері,көркем әдебиет әліппесі.

Сөздік жұмыс: таң сәріден,жөңкіле көшкен бұлт,шоңқиып отыру,қыл өтпейтін дос.

Сабақтың әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап,түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Просмотр содержимого документа
«Ертегілер еліне саяхат.»

Ертегілер әлеміне саяхат.

Сабақтың тақырыбы: «Торғай мен түлкі» ертегісі

Сабақтың мақсаты: Ертегімен таныстырып,мазмұнын меңгерту.

Білімділік: Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: торғайдың,түлкінің суреттері,көркем әдебиет әліппесі.

Сөздік жұмыс: таң сәріден,жөңкіле көшкен бұлт,шоңқиып отыру,қыл өтпейтін дос.

Сабақтың әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап,түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Балалармен амандасу.

2.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

3.Балаларды түгендеу.Оқуға жұмылдыру.

II.Өткен сабақты қайталау: «Нан қайдан шығады?» М. Етекбаевтың әңгімесін еске түсіру.

III.Жаңа сабақ:

-Балалар түлкі туралы қандай ертегілер білесіңдер?

-Балалар бүгін біз болгар халқының «Торғай мен түлкі» ертегісімен танысамыз.

« Торғай мен түлкі» ертегісі.

Бір кезде торғай мен түлкі араларынан қыл өтпейтін дос болыпты.Бірде түлкі:

-Торғай,бауырым,көңілің қаласа,кел,бірлесіп егін егейік,-дейді сөз бастап.Торғай келіседі.

Олар бірлесіп егін егеді. Егін жайқалып,бітік шығады. Егін піскен соң оны оруға екеуі таң сәріден кіріседі.

-Торғай бауырым,-дейді түлкі,-сен егінді ора бер,ал мен сонау төбеге шығып,аспанды тіреп,ұстап тұрайын,әйтпесе ол төбемізге құлап кетіп жүре ме деп қорқамын. Торғай келіседі.Ал түлкі төбеге шығады. Осы сәтте жардың арғы жақ бетінен жөңкіле көшкен бұлт көрінеді.Түлкі аспанды тіреп ұстап тұрған секілденіп,алдыңғы екі аяғын жоғары көтеріп,шоңқиып отыра қалады.

-Түлкім,бері кел,енді астық басайық,-дейді торғай.

-Торғай,астықты өзің баса бер,мен тұра бермесем болмас,әйтпесе аспан құлап кетіп,бидайымызды басып қалар,-дейді түлкі.

Торғай өгізді жегіп,астық басып,бидайды тазалап болып:

-Түлкім,бері кел,бидайды бөлісіп алайық,-дейді. Түлкі болса торғайдың қасына жетіп келіп,шелекті алады да:

-Торғай,саған бір шелек,ал маған екі шелек.Аспанды тіреп тұру астық басқаннан әлде қайда ауыр ғой,-дейді. Торғай үн қатпайды. Еншісіне тиген бидайды алып,ұшып кетеді.Ұшып келе жатып бір итке жолығады.

-Сен неге көңілсізсің?- деп сұрады ит торғайды аяп.Торғай өзінің түлкіден көрген қорлығын баяндап береді.Түлкінің бұл қылығына қатты ыза болған ит:

-Жүр,мнеі түлкіге ертіп бар,-дейді ашуланып.

Торғай итті түлкінің астық қоймасына ертіп келеді. Ит қоймадағы бидайға көміліп,түлкінің келуін аңдып жатады.Келесі күні астығын диірменге тарттырып алмақ болған түлкі қоймасына келіп,астығын қаптай бастайды.Осы кезде ит атып шығып түлкіге тап береді.Зәресі ұшқан түлкі әзер дегенде қашып құтылады.

-Түлкі торғай мен шын дос болды ма?

-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Түлкі қандай қулық жасады?

-Бидайды бөліскенде түлкіңің өзінің жұмысын қиын деп есептеуіне қалай қарайсыңдар?

-Ит түлкінің жазасын қалай берді?

IV.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір.

Орнымызды табайық.

V.Бекіту:Әліппе-дәптермен жұмыс. Суретке қарап ертегінің мазмұнын айтқызу.

ә)Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»

Ойынның шарты: өлеңді оқи отыра, торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.

Торғай, торғай, торғайсын

Ұшып, қонып қорғайсын.

Сен өзің қандайсын?

Қарғаға да ұқсамайсын

Өзің кіші торғайсын,

Түсін қоңыр торғайсын,

Ұяңа мамық тасып ап,

Өзің сондай торғайсын.

Балаларға суреттегі сөзді тауып, жіберілген дыбысты атап, сөйлем құрау.


VI.Қорытындылау:

-Балалар біз бүгін болгар халқының ертегісімен таныстық.Түлкі сияқты алдамшы дос болудың жақсы емес екндігіне көзіміз жетті....