Тақырыбы: «Ана-аса қымбат жан».
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, Ана ұғымы және көктем мезгілі туралы түсініктерін бекіту.
Дамытушылығы: Балаларды ананы құрметтеуге,сыйлай білуге,балалар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын,эстетикалық талғамын,шеберлігін дамыту.
Тәрбиелігі:Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімді -лікке, сұлулыққы тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Кәмпиттер, гүлдер, суқұйғыш, безендірілген зал
Жүру барысы:
Балалар залға «Ламбада» биімен кіреді
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,аналар,әжелер,қырмызы қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты көктем мерекесі-8наурызбен шын жүректен құттықтаймыз.Бүгінгі «Құлыншақ» тобының сіздерге арнаған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей щалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Иісін жұпар аңқытқан !
Бұл кім?
Балалар:Ана,ана,ана!
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Олай болса балалар анамызға,бүгінгі мерекеге арнаған өлең жолдарымызды ұсынайық.
Санжар: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде.
Бексұлтан:Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Ибрахим:Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Әнге қосытық өзіңді
Ауырмашы анашым!
Нұриман:Кетті қысқы ызғар
Еріп жатыр мұздар
Мерекеңіз бүгін
Қызғалдақтай қыздар!
Жүргізуші:Ой,жарайсыңдар балалар!Ендеше,аналарымызға арнаған әдемі әнімізге кезек берейік.
Ән: «Анашым-анажаным».
Жүргізуші:Бүгінгі күн қандай керемет! Қонақтарымызда көп жиналған екен.Балалар естисіңдер ме?Бір дыбыс естілетін секілді.Ұшақтың дыбысына ұқсайды.
Ортаға ұшақ дыбысымен Карлсон ұшып кіреді.
Карлсон:Ой,мына кішкентай бүлдіршіндер қандай сүйкімді,қандай мереке тойлап жатсыңдар?Білесіңдер ме?Балалар мен ертегі кейіпкері Карлсонмын мен көңілді,сүйкімді,тәртіпті,сендер сияқты ақылдымын.Менде сендермен көңіл көтерсем бе деп келгем,
Жалқаулықты сүймеймін
Қане, достар ойнайық
Шеңбер болп тұрыңдар
Көңілденсін қонақтар!
Ойын: «Гүлді күтіп баптап,қыздарға сыйлау»
Карлсон:Ой,балалар маған сендермен ойын ойнаған ұнады. Қандай керемет балалар!Менің сендерге арнаған тосын сыйым бар.Әуенмен ортаға тәтті ханшайымы кіреді.
Тәтті ханшайымы:Сәлеметсіздер ме?
Мен тәттімін,
Дастарханның сәнімін
Мерекенің әнімін
Балалар қандай керемет,әсем әдемі болып кетіпсіңдер,қандай мереке тойлап жатырсыздар,жылдың қай мезгілі? жарайсыңдар.Балалар мен сендермен көңіл көтерсем ба деймін.Сендердің өнерлеріңді тамашалап,сендерге арналған сыйымды берсем деймін.
Жүргізуші:Тәтті ханшайым қош келдің! Мерекенің сыйлы қонағы болып,ортамыздың сәні бол!Әрине балалар қонақтарымызға аналарымызға арнап өнерлерін дайындады.Ендеше,сіздерге арнаған ұлдардың биін қабыл алыңыздар.
Би: «Бала махаббаты»
Карлсон:Жарайсыңдар балалар,Тәтті ханшайымы ендеше балалардың көңілін көтеріп,ортаға ойын ұйымдастырсақ қайтеді.
Ойын: «Түсіне және пішініне қарай ажырат»
Ләйләнің жеке орындауында:
Ән: «Мамочка милая мама моя»
Кәусәр:Мерекесі бүгін
Алтын анамның
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даламның
Күлімдеген көзі
Күннің нұрындай
Ұлым деген сөзі
Ақын жырындай.
Тәтті ханшайымы:Балалар керемет!Мен сендердің өнерлеріңе тәнті болдым.Бүгінгі көктемнің алғашқы күндерімен қатар келген Аналар мерекесі құтты болсын.Мен сендерге әкелген тәттілерімді сендерге ұсынамын.Мен сендермен қоштасамын,басқада бүлдіршіндерге барып өнерлерін тамашалап тәттілерімді ұсынайын.Ендеше Карлсон сенде менімен бірге жүр.
Жүргізуші:Рахмет сізге!
Балалар көңілімізді бір көтеріп тастадыБалалардың әліде өнерлері бар .тамашалаңыздар.
Нұртілек:Мамин праздник наступает
Символ счатья и весны
Самая красивая
В мире,мама,ты.
Арлан:Мамы,бабаушки и тети
Вам-душевный теплоты,
Вам-сегодня не работать,
Наготовить вкусноты!
Хор: «Добрая милая мама!»
Ал,енді әдемі қыздар аналарымен бірге әдемі би билеп береді,қабыл алыңыздар.
Би: «Мама и дочка».
Флешмоб
Жүргізуші:Міне,құрметті қонақтар сіздерге арналған «Құлыншақ» тобының ертеңгілігі аяқталды,аналарға деген ыстық лебізін осында әдемі кешпен жеткізді.Ертеңгілігімізді қорытындылай келе,сөз кезегін балабақша директоры Султанова Лаура Кусманқызына береміз.