СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертеңгілік Тақырыбы: "Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Алтын күз" ертеңгілігі 

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік Тақырыбы: "Алтын күз"»

1.Тақырыбы: «Армысың, Алтын күз!»

2. Ертеңлік:

3. 09.11.2017ж. Ән-саз бөлмесі.

4. Балаларды ң саны: (13 ұл-қыз, 7-қызбала би, 6-ұлбала тақпақ,)

5. Ата-аналармен балаларға.

6. Тәрбиешілер: Ф.С.Тажибева

7. Кейіпкерлер. («Алтын күз», Қоян, Саңырауқұлақ,)

8. Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

9. Көрнекіліктер: Ән-саз бөлмесінің іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

10.Теледидар, флешка.

11.Жеміс-жидектер, жапырақтар, себеттер.

12.Б.Бейсенова «Алтын күз», «Жау жау, жаңбыр» әндері, А.Қалаубаева «Көңілді күн» әні.

13. №1. Ән. «Жау жау жаңбыр» Б. Бейсенова. №2.Тақпақтар, №3. Би. (Жапырақтар, Ф.Шопен «Весенний вальс») №4. Ойын. (Кім жылдам), Ойын ата-аналармен (Дәмін қарай ажырат) ойыны.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Армысың, Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық. (Б.Бейсенова «Жау, жау жаңбыр» әуенімен Күз ханшайымы ортаға келеді)

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған, Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не? (Жапырақ)

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!


Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

1.Ән. «Жау, жау Жаңбыр»

(Балалардың орындауында)

2.Тақпақтар.

1.Темірлан: (Қарбыз)

Қарбыз, қарбыз, қарбыздар

Балдай тәтті қарбыз бар.

2.Жанель: (Бидай)

Алтын астық айнала

Далама менің сыймайды.

3.И.Адина: (Пияз)

Асханадан шықпаймын,

Атым – пияз бұқпаймын.

4.К.Адина (Қызанақ)

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ.

5.Жания: (Картоп)

Картоп – менің атым,

Жер астында жатамын.

6.Азамат (Сәбіз)

Өсіретін бойымды,

Дамытатын ойымды.

7.Ақжан: (Алма)

Мен –Алмамын , алмамын

Таңдай татар бал дәмім.

8.Ринат: (Қауын)

Қауын деген сары алтын.

Жүргізуші:

Қызыл, жасыл, сары алтындай,
Жапырақтар күздің көркі.
Ойланайық, толғанайық,
Әсем әнге елітіп!

3. Би: «Жапырақтар» (Адина, Жанель, Айнара, Кәусар, Аружан, Айкөркем, Әнел)

Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.


4. Ойын «Кім жылдам»

(Әуен ойналады, А.Калаубаева «Көңілді күн).

Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады.   

1.Ерасыл: (Алмұрт )                    

Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.                  

2.Нұрдәулет: (Жүзім)                       

Мен жүзіммін, жүзіммін

 Моншақ болып тізілдім .                     

3.Бағдәулет: (Өрік)                          

Мен өрікпін, өрікпін

 Табиғатқа көрікпін.                           

4.Айнара:(Алма)                       Мен алмамын, алмамын

 Тандайда қалар бәр дәмім.                  

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

Ата-аналармен ойын: «Дәміне қарай ажырат» Ойының шарты: Көздерін орамалмен жауып ауыздарына салу.
Алдындағы жемістер мен көкөністерді ажрату. Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Армысың Алтын күз!» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі кездескенше дейін сау болыңыздар! Ата – аналарға көп – көп рахмет.