Тақырыбы: «Ана-аса қымбат жан!»
Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, арқылы аналар мен әжелерді, аруларды мерекемен құттықтау,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып, жұп-жұптарымен кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана десем, алғыс алам халқымнан
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар - дей келе бүгінгі «Ана-аса қымбат жан!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Абзал аналарымыз бен әжелеріміздің құрметіне бүлдіршіндеріміздің орындауында «Құттықтаймын Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Құттықтаймын Ана»
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді» - демекші, сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Рухия: Ана деген асыл жандар, болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды талатпай.
Жақсылық: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!
Мирас: Анам үшін күнде мен,
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Қоям шайын қайнатып,
Жылай қалса бөпемді,
Жұбатамын ойнатып.
Алтынай: Айналайын анашым-әлемдегі жан асыл
Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым-әлемдегі жан асыл
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.
Айбек: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Тәрбиеші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Би «Рок-н-Ролл»
Тәрбиеші: Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салада ағады.
Бүршік атып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Тәрбиеші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге Көктемді шақырайық.
( Музыка әуенімен залға Көктем кіреді).
Тәрбиеші: Амансың ба Ару көктем? Ұлан-байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағың мен нұрыңды мол төге бер. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Ән «Көктем келді»
Тақпақтар:
Ақниет: Жыршы құстар көп келді
Гүлдер жапты бөктерді
Кел балалар әнменен
Қарсы алайық көктемді.
Абдуннур: Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан төгіліп
Күн пердесі төгілді
Марғұлан: Көктем келді күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп
Бәйшешектер дүркіреп
Шыға келді қыр түлеп.
Каусар: Көктем кеп жер жайнады
Көкпеңбек жер аймағы
Нұрлы шақта құс келіп
Нулы бақта сайрады
Қырдан қызық көреміз
Қызғалдағын тереміз.
Ойын « Гүл сыйлау»
Тәрбиеші: Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда мінекей бүлдіршіндер,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, -демекші, ендігі кезекте биді қабыл алыңыздар!
Би «Чунга-чанга»
Тақпақтар:
Малика: Будь примером на пути,
И с него не дай сойти.
Я люблю тебя, родная,
Мама – лучше не найти.
Игілік: Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Нұрбек: Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Адия: Маму любят все на свете,
Мама первый друг.
Любят мам не только дети,
Любят все вокруг.
Иясин: Ин эйтс оф мач,
Ай гив ю мач.
Ол ю вил дртм,
Ю джаст бегин.
Інжу: Фо май мазе,
Хиа а флавес.
Фо э вери спешил дэй,
Джаст фо ю,
Он мазес дэй.
Тәрбиеші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Ән «Праздник бабушек и мам»
Би «Мамма-Мария»
Тақпақтар:
Азат: Очень добрая она
Бабушка моя
Любят мою бабушку
Вся наша семья
Днем восьмого марта
Поздравляю я
И целую нежно
Бабушка тебя.
Медина: Әжем менің шежіре
Көп ертегі біледі
Сыртта жүрген кезінде
Бізді ойлап жүреді
Әрбір айтқан ақылын
Жүрегіме сақтаймын
Ертегісін тыңдамай
Ұйқыға мен жатпаймын!
Ақмарал: Бабушка любимая
Самая красивая
Руки золотые
Глазки молодые
Будь всегда счастливой
Мудрой и красивой
С праздником, родная
Снова поздравляю!
Мерей: Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі
Таусылмайтын жыр маған.
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
Ғазима: Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, гүлім дейтін.
Тәрбиеші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Әжетайым»
Тәрбиеші: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі, - дей келе келесі қыздарымыздың сән үлгісіне кезек береміз.
Ойын «Ананың алақанын сипап сезу»
Би «Жүректен жүрекке»
«Бекітемін»
МКҚК № 22 «Ақбұлақ» балабақшасы
Директоры______Джаманшалова Г.Н
«___» ______2017ж
Мерекелік іс-шара
«Ана-аса қымбат жан!»
Дайындаған: № 11 «Аққу» тобының
тәрбиешісі Дабысбаева А.М.
2016-2017ж