«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: О.Баймұратов
Күні: 20.11.2017
Сыныбы: 6 «Б»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы | Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан есім және реттік сан есім. |
Сабақтың мақсаты | Білімділік: Есептік және реттік сан есімдер туралы түсінік беру, олардың ерекшелігін меңгерту. Дамытушылығы: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады, салыстырады, сараптайды, білімдерін жинақтайды, жұппен және жеке жұмыс істеуді біледі, топ ережесі сақталады, уақытты тиімді пайдаланады, тапсырма орындауда шеберлік танытады, жаттығуларды орындайды. |
Негізгі идеялар | Мағыналық түрлері | Мысалы | Мағынасы | Есептік сан есім | Бір сағат өтті | Уақыт мөлшері.(Нақты санды білдіреді) | Реттік сан есім | Екінші үйде тұрады | Заттың реттік саны. (саналу ретін білдіреді. ) | Түрлері | Сұрақтары | Жасалу жолдары | Мысалдар | 1. Есептік | қанша? неше? | | бір, екі, үш, төрт, бес, он, жиырма, отыз, елу, жүз, жүз мың, бес мың | 2. Реттік | нешінші? қаншасыншы? | -ыншы, -інші, -ншы, -нші | бірінші, оныншы, жүзінші, мыңыншы | |
«Білу» | Үй тапсырмасын тексеру. «Блум түймедағы» әдісі. |
«Түсіну» | Жеке жұмыс «Insert» әдісі Топтық жұмыс «insert» мәтінмен жұмысты талдау |
«Талдау» | Топтық жұмыс. «Ой бәйге» |
«Қолдану» | «Қолдану» Жеке жұмыс. Кітаппен, дәптермен жұмыс. |
«Жинақтау» | Жеке жұмыс деңгейлік тапсырма |
«Бағалау» | Адам өмірінде сан есімді білудің маңызы қандай? |
Үйге тапсырма | §24, 25 оқу. 110-жаттығу. «Үшбу хат» жазу – 1 тапсырма. |
І.Ұйымдастыру. 2 мин
Сәлемдесу. Сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Сынып оқушыларын түгендеу.
Топқа бөлу (сапқа тұрғызып 1,2,3 санау арқылы )
1 топ. Түбір
2 топ. Жұрнақ
3 топ. Жалғау
ІІ. «Білу» Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин
«Блум түймедағы» әдісі. (қайталау сұрақтары бойынша)
ІІІ. «Түсіну» Жеке жұмыс. INSERT әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс §24, 25 3 мин
« » - бұл маған белгілі | |
« + » - бұл мен үшін жаңа, мен ол туралы тұңғыш рет оқып отырмын | |
« ? » - мен бұл жерде не айтылғанын түсінбедім | |
« ! » - бұл өте қызықты, ол туралы достарыммен әңгімелесуім керек | |
ІҮ. «Түсіну» Топтық жұмыс 5 мин
Берілген мәтінді оқып, INSERT әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасап болғасын, топпен
бірлесе отырып, талқылайды . Топ пікірлерін тыңдайды. Қосымша мәлімет беру:
Ү. «Талдау» Топтық жұмыс. «Ой бәйге» 2 мин
2-тапсырма
1-топ. Құрамында сан есімі бар жұмбақтар тауып жазу
2-топ. . Құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер тауып жазу
3-топ. . Құрамында сан есімі бар жаңылтпаштар тауып жазу
ҮІ. «Қолдану» Жеке жұмыс.
111-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазу. 3 мин
1-топ. 7, 10, 1, 3, 100
2-топ 28, 37, 695, 440, 259
3-топ 627, 1992, 187, 369, 2692
113-жаттығу. 7 мин
ҮІІ. «Жинақтау» 5 мин
"Білім мен дәстүр" сыны ойыны
Сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында кейбір сандарды киелі деп есептеген. Сондықтан төмендегі сұрақтарға жауап жазайық
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (3,7,9,13,25 т.б)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
7. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
8. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
Есептік және реттік сан есімдерді тауып сәйкесінше (+) таңбасын қой.
Мысалдар | Есептік | Реттік |
Бесінші | | |
Он алты | | |
Екі мың бірінші | | |
Сегіз | | |
Қырық жеті | | |
Арманда | алтыншы сыныпта оқимын |
Мен | бес кітап бар |
Биыл | сабақты беске оқиды |
Ол | ЭКСПО 2017 жылы болды |
Қазақстанда | екі мың он жетінші жыл |
ҮІІІ. Бағалау. Адам өмірінде сан есімді білудің маңызы қандай? 3 мин
ІХ. Үйге тапсырма. §24, 25 оқу. 110-жаттығу. «Үшбу хат» жазу – 1 тапсырма.
Х. Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі. Жақсы қатысқан оқушыларды смайликтермен бағалау. (көңіл-күйлерін, түсінген, түсінбегендерін бас бармақ арқылы көрсету) 2 мин
Оқушыларды бағалау