СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ежелгі ата-бабаларымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып дуниетану

ежелгі ата бабаларымыз

Просмотр содержимого документа
«Ежелгі ата-бабаларымыз»

Бекітемін:


Мұғалімнің аты-жөні: Баймбетова Майгүл

Күні :

19.01

Пән: дүниетану

Сабақ тақырыбы:

Ежелгі ата-бабаларымыз

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы мақсат арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау

1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу

Сабақ мақсаттары: күтілетін нәтиже, саралау.

Барлық оқушылар: ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алу;


Оқушылардың басым бөлігі: сақ ханшайымы Томириспен танысy;

Кейбір оқушылар: қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйренy.

Тілдік мақсат: Тірек сөздер:

көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport;

әскер – армия – army; бостандық – свобода – freedom.

Сыныптағы диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі: «сұрақ-жауап»

Сұрақтар:

Бізді қоршаған орта қалай аталады?

Орман ішінде адасып кеткенде бізге не көмектеседі.

Алдыңғы оқу:

Менің отбасым, отбасындағы мерекелер

Дағды:

- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті.

- қарым – қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда)

Рухани құндылықтар:

- қарым – қатынас жасау қабілеті.

- жауапкершілік

- қамқорлық

- өмірмен байланыстыру

Жоспар:

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз

Ресурс

Басы:

Психологиялық ахуаол: ым-ишара

Жоғары қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға қарап, солға қарап,

Егеменді ел көрдім.

Өткенді пысықтау.

Бүгін сабақта біз саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Өткен сабақта біз алғашқы адамдар туралы айтқан болатынбыз. Олар туралы білгенімізді қайталап кетейік.

-Алғашқы адамдар қайда пайда болды?

-Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

-Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды?

-Отты қалай алды?

-Олар қайда тұрды?

-Қандай азықпен тамақтанды?



Ортасы:

Көшпенді халық

• Суретке мұқият қара. Бұл сақтардың қонысы.

• Суретте берілген адамдардың тіршілігін сипатта.

Сақтар туралы (бейнежазба)

-Біздің ежелгі ата-бабаларымыз - сақтар. Олар көшпенді халық болған.Олар өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде, тіпті , әйелдері де қорған бола білген. Олардың басшысы- Томирис ханшайым. Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылдылығымен көзге түскен. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда , елін жаудан қорғап, парсы патшасын өлтіреді. Сол кезден бастап сақтар әйел адамға үлкен сыйластықпен қараған. Сақ қоғамы үшке бөлінген. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.

Томирис ханшайым (бейнежазба)

Сақ ханшайымы Томирис батыл, ержүрек әрі сымбатты еді.

Жауыз Кир патша әскерлеріменжерімізді басып алмақ болды.

Томирис Отанын жаулардан қорғап қалды.

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Екі сұрақ

Томирис ханшайым туралы 2 сұрақ дайында. Оларды досыңа қой.












Кері байланыс:

-Жарайсыңдар, Өте жақсы!


Соңы:

Қатынас көліктері

• Сақтар қандай көлікпен жол жүрген және жүктерді тасыған?

• Қазіргі кезде қандай көлік түрлері қолданылады?

• Болашақта көлік түрлері қандай болады деп ойлайсың?

Кері байланыс


Дескриптор:


–– ежелгі ата-бабамыз сақтардың тіршілігі;

–– сақтар патшайымы Томирис туралы білді.

–– қазіргі заманғы және ежелгі көлік түрлерін ажыратуды;

–– дерек көздеріне сүйене отырып, негізделген тұжырым жасауды;

–– өткен мен қазіргінің арасындағы айырмашылықты түсінуге үйренді.

Кері байланыс:

-Жарайсыңдар!

Рефлексия.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Тапсырмалар сәйкес болды ма?