Просмотр содержимого документа
«Информатика пәнінен "Pascal" факультативтың сабақ жоспары»
Түсінік хат
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісіне ақпараттық технологияны пайдалау болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Ақпарат мемелекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Бейіндік бағдарлама мем лекеттік білім стандартының 9 – сынып бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Қазіргі кезде қоғам индустриялық кезеңінен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен –күнге артып, мазмұны өзгеріп отырады. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Казіргі кезде адамдар үшін «компьюртерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де президентіміз Н.Ә. Назарбаевта назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдынғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептермен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
Қазіргі кезде орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролінің артуы еліміздің информатика мұғалімдеріне үлкен міндет қойып отыр. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің ойлаудың математикалық меңгереді. Пәннің мазмұны тек жалпы дамушылық міндеттері ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге ақпарат туралы ұғымдарды қамтиды. 9 сыныптарға арналған «Ақпараттық коммуникациялар және компьютерлік желі үғымдары» атты тақырыбында жазылған бұл бейіндік бағдарлама Операциялық жүйе және оның дамуын, Visual Basic визуалды бағдарламасы және компьютерлік желілер, интернет желілері информатика пәнінің оқытудың оқу бағдарламасы бастапқы жалпы білім беру мектептеріне арналған.
Факультативтің басты мақсаты – ақпаратық әлем туралы түсінікті қалыптастыру, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, компьютерлік желі ұғымы туралы түсінік беру, Турбо Паскаль программасы жайлы және компьютерлік желі, бүкіл әлемдік байланыс интернет желісімен жұмыс жасауды, есеп шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту, компьютерді қызметтік құрал ретінде сарамандық меңгеру.
Теориялық бөлім. Мұнда ақпарат үрдістері және ақпараттық коммуникациялар ұғымы. Нәтижесінде әлемнің ақпараттық құрылымдарды көру және Турбо Паскаль программасын, компьютерлік желілер, массивтер мен айнымалылар ақпараттық үрдістерін тану және талдау бірліктерін қалыптастырады.
Дамытушылық бөлім. Курс барысында алгоритм негіздері, Паскаль программалау тілі, символдар, мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері, көмекші программалар, массивтер, модельдер және моделдеу тәсілдері, компьютерлік желілер және интернет желісі туралы кіріспе оқылады. Нәтижесінде алгоритм негіздері, Паскаль программалау тілі, компьютерлік желілер және интернет желісі оларды тарату мен орындау әдістері туралы ұғым қалыптастырады. Курстың мазмұны мен әдісі шығармашық дамытуды мақсат еткен.
Сарамандық бөлім. Бұл бөлімінде компьютердің әмбебап ақпараттық машина екендігін туралы түсінік қалыптасады және ЭЕМ әр түрлі мақсата қолдану.
Пәнді меңгерудің деңгейлі талаптары
«Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз. XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық жєне ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың деген қанатты сөздерінің үлкен мән беруіміз тиіс.
Яғни бұл бейіндік бағларламада оқушылар өзінің алдағы орындайтын жұмыс нысанымен танысады .Қандай логикалық жүйеде орындалу кезеңін анықтайды. Оқушылар қабылдағанын ойша айтып немесе жазып отырғанда мін бермеген сөздерін анықтап білгендерін сұрыптаудан өтдкізеді. Оқушылар алған білімін сырттай бақылап жүзеге асырады. Жаттығуларды жазбаша орындайды «Есеп шығару жүзеге асыру» үлгілері арқылы оқушылардың өң бойларында жаңа білімді игертіп, оның жүйесін білім алуларын бойында қалыптастыру мұғалімнің жетекші парызы деп санаймыз. Осы кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылардың бойларында қызығушылықтарын ояту, заман ағымының басты талабы екенін ұмытпауымыз керек.
Бағдарлама
бөлім. Алгоритм негіздері және алгоритм құру технологиясы. 10 сағат
Атқарушы командалар жүйесі. Алгоритмдер көрсеткішінің әдістері. Атқарушы түсінігі.Алгоритм типтері. Көмекші алгоритм.
2 – бөлім. Паскаль программалау тілі. 6сағат
Turbo Pascal программалау тілі. Тілдің алфавиті,жазылу тәртібі. Стандартты функциялар, қызметші сөздер.
3 - бөлім. Символдар. Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері. Көмекші программалар. 18 сағат
Read және Write операторлары. Сызықты программалар құру. Символдық шамалармен сызықты программалар құру. Таңдау командалары. Қайталану командалары . Циклдік операторлар. FOR ..TO; WILE…DO; REPEAT UNTIL. Цикл ішіндегі цикл. Негізгі графиктік процедуралар және функциялар. Негізгі графиктік тұрақтылар , айнымалылар. Бір өлшемді массивтер
Информатика пәнінен факультатив сабақ жоспары
Р/с | Тақырыптар | Сағат саны | Мерзімі |
1 | Атқарушы командалар жүйесі | 2 | |
2 | Алгоритмдер көрсеткішінің әдістері | 2 | |
3 | Атқарушы түсінігі | 2 | |
4 | Алгоритм типтері | 2 | |
5 | Көмекші алгоритм | 2 | |
6 | Turbo Pascal программалау тілі | 2 | |
7 | Тілдің алфавиті , жазылу тәртібі | 2 | |
8 | Стандартты функциялар , қызметші сөздер | 2 | |
9 | Read және Write операторлары | 2 | |
10 | Сызықты программалар құру | 2 | |
11 | Символдық шамалармен сызықты программалар құру | 2 | |
12 | Таңдау командалары | 2 | |
13 | Қайталану командалары . Циклдік операторлар. FOR ..TO; WILE…DO; REPEAT UNTIL | 2 | |
14 | Цикл ішіндегі цикл | 2 | |
15 | Негізгі графиктік процедуралар және функциялар | 2 | |
16 | Негізгі графиктік тұрақтылар , айнымалылар | 2 | |
17 | Бір өлшемді массивтер | 2 | |
Барлығы | 34 сағат | |
Факультативтің міндеті
Оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын және компьютерлік біліктілігін дамыту
Компьютерлік сауаттылықтың басты міндеті - казіргі қоғамның ең негізгі құралы екенін, адам құқығын құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ оны ластауға, бүлдіруге қарсы белсенді күресуге, туған өлкені сүйе білуге тәрбиелеу.
Қазіргі заманға сай компьютерлік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, ақпараттық материалдарда өздігінше жұмыс істей білетін, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қортынды жасай алатын адам тәрбиелеу.
Шығармашылық жұмыспен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу.
Курс сабақтарында шешілетін негізгі міндеттер- бұл өткенмен тақырыптарға таладау жасай білу, қазіргіні біртұтас етіп қабылдауды қалыптастыру.