Сыныбы: 8 «А» Пәні: Информатика
Тест
Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі
Компьютердің кеңарнасы дегеніміз?
А) сыртқы құрылғы б) жадтау құрылғысы с) компьютердің негізгі бөліктерін жалғастыратын сымдар;
2. Қандай құрылғылар сыртқыға жатады?
а) микропроцессор б) плоттер с) басқару құрылғысы
3. Қандай құрылғылар қосымша деп аталады?
а) математикалық процессор б) принтер с) арифметикалық-логикалық құрылғы
4. Мультимедиа құрал-жабдықтарының функциялық қызметтеріне нелер жатады?
а) арифметикалық операцияларды орындау, б) сөздерді тану с) компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын реттеу ;
5. Жүйелік шина функцияларына не жатады?
а) деректерді оқу б) файлдарды жазу. с) ақпарат сақтау;
6. Стримердің міндеті.
а) сыртқы құрылғыларды компьютер кенарнасына қосу;
б) берілген программа бойынша компьютер жұмысын басқару
в) сирек пайдаланылатын ақпаратты тұрақты сақтау
7. Жедел жадтау құрылғысы, бұл- ішкі жад, онда
а) компьютер желіден ағытылғанда да ақпарат сақталады,
б) нақтылы міндеттерді шешуге арналған программалар сақталады
с) уақыттың осы мезетінде орындалатын программа және ол тікелей жұмыс істейтін деректер сақталады.
8. Кеш жады:
а) уақыттың берілген мезетінде программа өңдеу жады;
б) шағын көлемді жедел жад, онда жедел жадтың ең жиі пайдаланылатын бөліктері сақталады;
9. Сыртқы құрылғылар қандай қызмет атқарады?
а) ақпарат сақтау және өңдеу
б) компьютердің пайдаланушымен, басқару обьектілерімен және басқа ЭЕМ –дермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету
10. Келесі құрылғылардан енгізу құрылғысын көрсетіңдер?
а) телефакс б) сәулелік қалам в) плоттер г) қатқыл магниттік дискіде тасымалдаушы д) 11. Процессор ақпаратты қандай түрде өңдейді?
а) ондық санау жүйесінде б) мәтіндік түрде в) екілік кодта
12. Компьютер құрамына мультимедиа құрал-жабдықтарымен бірге міндетті түрде мыналар енеді:
а) модем б) CD-ROM үшін дискжетек және дыбыстық плата с) диджитайзер мен плоттер
13. Адаптер:
а) компьютерге сыртқы құрылғыларды қосуға арналған программалық құрал-жабдық
в) арнайы құрылғы, ол арқылы сыртқы құрылғы ақпараттық кеңарнаға қосылады.
с) сегіз, он алты немесе отыз екі сымнан тұратын жиынтық.
14. Компьютер жұмысының өнімділігі (операцияларды орындау шапшандығы) неге байланысты?
а) жадтаушы құрылғылардың сыйымдылығы мен тезәрекеттігіне;
в) қоректендіру кернеуіне;
с) сыртық жад сыйымдылығына
д) проецссордың тактілік жиілігіне;
15. Компьютерді желіден ағытқанда қай жеріндегі бүкіл ақпарат өшіріледі?
а) магнитоптикалық дискіде;
б) магниттік тоспаларда;
с) жедел жадта
16. Микропроцессордың міндеті:
а) сыртқы құрылғыларды ақпараттық кеңарнаға қосу;
б) ЭЕМ-нің барлық блоктары жұмысын басқару;
с) жоғары деңгейдегі программалық тілдерінде жазылған программаны машиналық кодқа аудару;
Жауаптары
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
С | В | А | В | А | С | С | В | В | В | С | В | В | Д | С | В |