ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЭЛЕкТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ пайдалануДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
альсейтова Айгуль Джапаровна
№5 колледж, шымкент, қазақстан
В данной статье написано об эффективности применение электронных учебников на уроке информатики.
The article reveals the advantage of using electronic manual at informatics.
Қазіргі еліміздің даму қарқыны мемлекет құрылысының барлық салаларына әсер етуде. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы жан-жақты білім нәрімен сусындаған жас ұрпақтың тәжірибесіне байланысты. Жаңа заман талабына сай теориялық білімді игеру мен жаңғырту технологиялық процестерді үздіксіз қолдану арқылы ғана үйреткенде студенттердің алған білімі мен біліктілігі жаңаша да шынайы, нақтылы қалыптасады.
Қазіргі алға дамып бара жатқан ХХІ ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі өскелең ұрпаққа қат-қабат міндеттер қойды. Солардың бірі білім саласында студенттерге осы заманғы сай білім жүйесі білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл информатика пәнінен сабақ беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияға негізделген қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен және жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықтау арқылы студенттерді ойлауға, талдау жасауға, жағдаймен есептесуге, мақсат, міндеттерді қоюға, пайда болған мәселелерді шешуге үйрете отырып, оқу орындарында инновацияға сай материалдық-техникалық базасын (оқытушыларға және студенттерге арналған компьютерлік сыныптар, телебайланыс, электрондық пошта, Интернет торабы т.б.) қалыптастыру қажет.
Ақпараттық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
студентті ізгілік тұрғысынан қарау;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
студенттің белсенділігін қалыптастыру және дамыту;
студентті өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
студенттің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
оқу үрдісін студенттің сезінуі.
Оқытудың компьютерлік технологиясын мақсаты – ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, «ақпараттық қоғамға» түбегейлі бетбұрыс жасау[1].
Бүгінгі күндері білім беруде қолданылып жүрген дәстүрлі сабақтар мен әдеттен тыс, яғни, дәстүрлі емес сабақтардың барлық түрлеріне дерлік аудио-бейне материалдарды оқытушы шеберлігіне байланысты электронды оқулықты қолдануға болады. Студенттердің қазіргі заман талабына сай жерсерік арнасы арқылы қашықтықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып, қоғамдық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, әрбір оқытушының міндеті. Әрине электронды оқулықтарды қолданудың әсері мол. Осы талаптарды жүзеге асырудың бірінші талабы – студенттің компьютерлік- біліктілігіне байланысты. Мемлекеттік білім бағдарламасында көрсетілген қашықтан оқыту жүйесін қалыптастыру және студенттердің білім сапасын көрсету негізгі мақсат болып табылады.
Электронды оқулықтың мазмұны студенттің интеллектілік ойлау қабілетін дамытады және оның мына қасиеттерді қанағаттандырады: жинақылық, жүйелік, көркемділігі, жылдамдылығы.
Бұл электронды оқулықтың тиімді жері, ара қашықтықтан оқытуға, студенттің өздігінен оқып- үйренуіне жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықта материалдар логикалық байланыста модульдермен берілген. Әр модуль мазмұнына және анықтамалық аппаратына сәйкес құрастырылған.
Материалдық мәтін, сурет, карталар, қосымша түсініктерге болатын сілтемелер берілгендігі, оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтармен тапсырмалар берілген. Студент өз деңгейін моральдық - қорқу- психологиялық қауіп- қатерсіз бағалайды.
Электронды технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды студенттермен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады:
өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі;
бақылау формалары : толықтыруды қажет ететін тестілер;
балама жауаптары бар тестілер (шешім дұрыс немесе дұрыс емес «иә», «жоқ»);
таңдаламалы тесті (бірнеше жауаптардың дұрысы таңдалынады);
диктант ретінде құрастырылған тесті (мәтін арқылы оқытып отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады);
сәйкестілік тесті (өзара байланысқан фактілерді табуға құрылған);
Электронды оқулық жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни мәтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиялық және басқарылатын анимацияларды пайдалануға, дыбысты қосарлап қамтуға студенттердің білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар.
Құрастырылған оқулық «шығармашыл ұстаз - уақыт талабы, нәтижесі- уақыт жеңісі» демекші, оқытушының оқытуды ұйымдастырудағы шеберлігі артса, оқу процесін ұйымдастыруда үй тапсырмасының көлемі азайып, оқу материалдарының есте жақсы сақталуына өте тиімді. Осы ақпараттық технологияны игерген студенттердің жұмысын оқытушылар кез келген даярлық деңгейінде оқу процесін нәтижелі, тиімді ұйымдастыра алады, мұның бәрі шығармашылық сипат алуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар ақпараттық технологияларға компьютерлік телевизияларды, радио, интернет құраладарын пайдалану жатады. Бұл құралдар информатика пәнін әзірге кеңінен пайдаланылмай отыр. Президент Жарлығы алғашқы электронды оқулықтардың шыға бастауына түрткі болды. Интернет арқылы көп жағдайда бұрмаланған, әлі сыннан өтпеген мағлұмат алатын бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік қалыптасып отырған қазіргі кезде арнайы жасалған электронды оқулықтың маңызы арта түседі.
Қорыта келгенде электронды оқулықтардың мынадай артықшылықтары бар.
студенттің танымдық мүмкіндігін кеңейте түседі.
электрондық оқулық білімді есте сақтауға жақсы әсер етеді. Оқыту үрдісінде студенттің өзінің қатысуы оның ойлау қабілеті мен оқуға деген ынтасын арттырады.
Оқулықтар мазмұнының негізгі арқауы соңғы жылдардағы ғылыми жетістіктер.
Сонымен элекронды оқулық – ерекше көрнекілік. Ал информатика сабақтарында көрнекі құралсыз студенттерді сабаққа ынталандыру, олардың алған білімдерінің тиянақты, баянды болуы қиын. Сондықтан да студенттердің ақпараттық мәдениетін көтеру үшін әрбір пән сабақтарында компьютерді қолдануды жолға қою керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбілқасымова А. «Қазіргі заманғы сабақ». Алматы 2004-218 б.