СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатикадан сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Үздік информатик»

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру

Просмотр содержимого документа
«Информатикадан сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Үздік информатик»»


7 мектеп-лицей














Информатикадан сыныптан тыс сабақтың тақырыбы:


«Үздік информатик»




Пән мұғалімі: Байкенжеева Г.С.

Сыныбы: 4














Қызылорда, 2018 ж.



Пәні: Информатика
Сыныбы: 4
Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Үздік информатик»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру, сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Үздік информатик» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Үздік информатик» сайысына 4 сыныптан құралған «Ақпарат» және «Интернет» атты 2 команда қатысады. Сайыс 7 турдан бойынша өткізіледі.
І. тур. «Таныстыру»

ІІ. тур. «Ойлан тап!»
ІІІ. тур. «Полиглот»
ІV. тур. «Адасқан әріптер».
V. тур. «Кім жылдам».
VI. тур. «Дешифратор».
VІI. тур. «Үй тапсырмасы»

Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Ендеше 4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Үздік информатик» сайысын бастайық.

1 – тур «Таныстыру». Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

I-топ «Ақпарат»
Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»

ІІ - топ «Интернет»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.
Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ - қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады).
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

ІІ- турды бастайық «Ойлан тап!» сұрақ- жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Сурет салуға арналған бағдарлама?

2. “Компьютердің миы” деп нені айтады?

3. Компьютер жанындағы өсімдік?

4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша?

5. Ақпаратты шығару құрылғысы?

6. Ақпаратты енгізу құрылғысы?

7. Дискілерді оқу құрылғысы?

8. Дыбыс жазу құрылғысы?

9. Ақпараттың өлшем бірлігі?

10.Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама?

11.Word қандай редактор?

12. Алғашқы есептеу құрылғысы?

13. Информатика қандай ғылым?

14. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы?

15. Екілік жүйенің сандары?

16. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз?

17. Төңкерілген маус?

18. Тышқанның негізгі батырмасы?

19. Ең ұзын перне?

20. Принтердің неше түрі бар? Түрлерін ата?


Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?

ІІI – тур «ПОЛИГЛОТ».


Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
3 ұпай, шәкірт саған несібе.
Бұл бөлімнің шарты ІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған топтан бастаймыз. Топтарға слайдта компьютердің құрылғыларының суреттері көрсетіледі,  көрсетілген суретті қазақ, орыс, ағылшын тілінде атап айту керек. Егер топ 3 тілде де айтса – 3 ұпай, 2 тілде айтса – 2 ұпай, 1 тілде айтса – 1 ұпай. Келесі жауап беру мүмкіндігін тетікті бірінші басқан топқа беріледі. 
1. Жүйелік блок, Системный блок, System unit.
2. Монитор, Монитор, Screen.
3. Құлақшын, Наушник, Headphones.
4. Камера, камера, chamber.
5.  Мәтіналғы, Сканер, Scanner.
6. Тінтуір, Мышка, Mouse.
7.Пернетақта, Клавиатура, Keybord.
8.Басып шығарғыш, принтер, printer.
ІV. кезең. «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.
«Процессор» тобы
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД - дискета
«Пернетақта» тобы
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт

Сайысымыздың V кезеңі «Кім жылдам».

Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.
І топқа: модем, веб - камера, тышқан, процессор, Enter
ІІ топқа: кактус, сканер, диск, компьютер, электрондық пошта


«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз

VI. кезең. «Дешифратор». Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І топ: 1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

Енді келесі VІI кезеңіміз «Үй тапсырмасы» яғни бұл кезеңде әр топ үйден салып келген «Компьютер - 2030» суретін қорғайды. Жақсы суретке 10 ұпайдан беріледі.


Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ  – деп әділқазылар алқасы ұпай сандарды есептеп қорытынды шығарғанша біз жанкүйерлермен ойын өткізейік.
Көрермендермен ойын:
1. С әрпінен келетін информатикалық сөздер айту
2. 2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.

  1. Сенің атың кім?
    2. Жасың нешеде?
    3. Ең жақсы көретін тамағың?
    4. Сенің мектебің қалай аталады?
    5. Таңертең не жедің?

6. Сенің фамилияң қалай?
7. Нешінші сыныпта оқисың?
8. Мектепке немен келесің?
9. Түнде аспанда не болады?
10. Қандай пәнді ұнатасың?



Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

Осымен «Үздік информатик» атты сайысын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!