Интеллектуалды ойын
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді
Мақсаты: Оқушылардың интеллектік ақыл – ойын дамыту.
Білімге деген құштарлығын арттыру.
Тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану ,сауат ашу
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Таңғы шеңбер
Бүгін сабағымыз жарыс түрінде өтеді. «Сандар әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық.
Ойын мынадай бөлімдерден тұрады:
«Кел, танысайық»
«Кім ойлампаз?»
«Кәне, жұмбақ шешейік»
Бәйге
«Шеберлер сайысы»
Ойынымыз әділ болу үшін, әділ-қазыларды сайлаймыз.
І. бөлім: «Кел, танысайық»
І. топ –Ботақандар
Ұраны: Ботақанбыз маң басқан
Жұлдызбенен таласқан.
ІІ. топ –Қошақандар
Ұраны: Қошақанбыз момақан
Жарысқа бүгін жол ашқан.
ІІ. бөлім: «Кім ойлампаз?»
Жылдам сұрақтарға жауап беру.
Жылдың төрт мезгілін ата.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Бүгін аптаның қай күні?
Бір аптада неше күн бар?
Артық затта тап (Ұшақ)
Артық затты тап (Құс)
Артық затты тап (Түйе)
ІІІ. Бөлім: «Кәне, жұмбақ шешейік»
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2. Өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу. (түлкі)
3. Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ матадай?
Кәнеки, кім табады? (қар)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
4. Үш көзі бар қырағы,
Жол тәртібің ұғады.
Өткендерге көшеде,
Көзін қысып тұрады.(бағдаршам)
5.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
6.Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. (доп)
7.Жұп-жұмыр жоны бар,
Инеден тоны бар,
Түйреген, түрпі...
Бұл не? (кірпі)
Сергіту сәті.
Би билегім келеді,
Бірақ, қалай бастаймын.
Бір анда, бір мында /
Өзімді -өзім айналам. / 2 р.
Бас аяқты топ-топ-топ.
Шапалақта хоп-хоп-хоп.
Бір анда, бір мында /
Өзімді -өзім айналам. / 2 р.
IV. бөлім: Бәйге
Математика 4 сұрақ
Сауат ашу 4 сұрақ
Мультфильмдер елінде 4 сұрақ
Менің Қазақстаным 4 сұрақ
Математика
1 сұрақ: 1 ден -10 ға дейін тура сана
2 сұрақ: Қандай фигуралардан құралған (үшбұрыш, тіктөртбұрыш,
дөңгелек, шаршы)
3 сұрақ: Есептер шығару
3 + 5 = 8
10 – 4 = 6
1 + 9= 10
8-2=6
4 сұрақ: Логикалық есеп
Қолымда 5 алма, табақта 2 алма. Қосқанда барлығы болады неше алма? (7)
5 сұрақ. Үшбұрыш пен дөңгелек шешеу? (үшбұрыш -6, дөңгелек-6)
6 сұрақ.Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі,
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4 жапырақ)
7. 9 және 10 сандарының құрамын жаз.
Сауат ашу
1 сұрақ: Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. сұрақ.: Я және Ю әріптері неше дыбыс құрайды? Неге?
3 сұрақ: Сөздерді буынға бөліп оқы,буын түрлерін ажырат
Алма, орамал, үкі, балға, тас, лақ, шана, қалам, қой.
4 сұрақ: Доп сөзімен сөйлем құрастыр
5 сұрақ: Төрт түліктерді ата
6 сұрақ.: Буындардан сөз құра? Ма то та ты ша ор на ман
7 сұрақ: Қоян,аю сөздерінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Мультфильмдер елінде
Кунфу Панда
Мадагаскар
Шалқан
Шрек
Бауырсақ
Винни Пух
Қасқыр мен қоян
Менің Қазақстаным
1 сұрақ: Ел ордасы қай қала?
2 сұрақ: Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3 сұрақ: Қазақстан Республикасының президенті кім?
4 сұрақ: Ненің суреттері бейнеленген? (Ту, Елтаңба)
5сұрақ: Тәуелсіздік күнін қай күні атап өтеміз?
6сұрақ: Біз қай облыста тұрамыз?
7сұрақ: Қостанай қай өзеннің бойында орналасқан? (Тобыл)
V. бөлім: «Шеберлер сайысы»
Көрермендермен ойын
1. Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Үлкен – кіші
Ұзын – қысқа
Жоғары – төмен
Жалпақ –жіңішке
Биік –аласа
Қалың –жұқа
Артық –кем
Алыс –
2. Бұл ертегіде кімдер, нелер өмір сүреді? (Бауырсақ ертегісі)
3.Дөңгелек шарлар қайсысында көбірек? (5, 7)
Сергіту сәті.
Екі көз не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлақ неге керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяқ не үшін керек?
Шетте жүрсең елге қайту үшін.
-Ал, қазір ортаға әділ- қазылар алқасын шақырайық.
Әділ-қазылар алқасының шешімімен
І. топ – орын
ІІ топ – орын
Қорытынды.