СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 10.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Іс-шара «Тұсау кесер»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тұсау кесер»«Тұсау кесер»«Тұсау кесер»

Просмотр содержимого документа
«Іс-шара «Тұсау кесер»»

№7 бөбекжай - балабақшасы










Тәрбие сабағы

Тақырыбы: «Тұсау кесер»






Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.
















Қостанай қаласы

Мақсаты: Балаларға қазақтың салт-дәстүрі туралы айтып, ұлттық тәрбие беру,

имандылыққа баулу.

Тілектер, тақпақтар айтқыза отырып, тілдерін дамыту.


Әдіс- тәсілдер: әңгіме,түсіндіру, көрсету,

тақпақ, ойын.

Көрнекілік: ала жіп, шашу.

Барысы:

Тәрбиеші сабақты «танысу» атты ойынмен бастайды. Ойынның шартын түсіндіреді.

Добым, добым домала,

Шеңберді қуып жағала-деп допты кімге домалатып жіберсем, сол бала менің сұрағыма жауап береді. Ойын кезінде балаларға:

-Қандай республикада тұрасың?

-Елбасымыз кім?

-Өз отбасындағы адамдарды ата


Тәрбиеші: Балалар, естеріңе түсіріңдерші, қандай ұлттық салт-дәстүрлерді

білесіңдер? ( бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той, тілашар т.б.)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Осы кезде бір бала атқа мініп, шауып келіп: «сүйінші, сүйінші », Сара апамның ауылында «Тұсау кесу» тойы басталады,келіңіздер, көріңіздер, қуанышқа ортақ болыңыздар деп жар салады.

Балалар ауылға келеді.

Сара апай:Сәлеметсіңдер ме, ботақандарым, төрлетіңдер, жоғары шығыңдар.

Менің немеремнің азан шақырып қойған аты Азамат.

Тұсау кесер рәсімін бастамас бұрын балалар Азаматқа не тілек айтар екен?

Балалар: Бақытты болсын! Дені сау болсын! Ер азамат болсын! Абай атамыздай ақын болсын! т.б.

Сара апай: Рахмет, қарақтарым!

Енді тұсау кесу рәсімін бастайық.

Баланың тұсауын ала жіппен, көк шөппен, тоқ шекпен кесуге болады.

Әрбіреуінің өз ырымы бар деп Сара апай түсіндіріп тоқталып өтеді.

Мен Азаматымның тұсауын ала жіппен кесемін. Не үшін ала жіппен кеседі деп ойласаңдар, болашақта Азаматым ешкімнің ала жібін аттамасын деймін, яғни әрқашанда шыншыл болсын, ешкімді алдамасын.

Баланың аяғына ала жіпті байлап, кесу:

Қаз,қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін-деген өлең айтылады.


Тұсау кескен адам баланың екі қолынан ұстап, қадам бастырып жүргізеді, ал балалар әр қадамын дауыстап санап тұрады.

Осыдан кейін санамақ айтылады.


Қане, балам, қаз басқын,

Бір қа-дам аз бастың

Қаз,қаз бірің аз!



Енді ерінбе, екі бас,

Ерге сендей екі де аз,

Қаз,қаз екің де аз!


Тұсау кесіп болған соң, баланың басқан қадамың санайды.Сара апа шашу шашады, Азаматқа тақия кигізеді де, өскенде ел сыйлайтын азамат бол –дейді.

Балалар Азаматқа «Бала,бала,балқан» әнін айтып береді.


































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!