СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Использование интерактивного обучения на уроках казахского языка и литературы/Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивтік әдісін қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный материал предназначен для учителей казахского языка и литературы. В статье пррописаны теоретические знание по интерактивному обучению.

Просмотр содержимого документа
«Использование интерактивного обучения на уроках казахского языка и литературы/Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивтік әдісін қолдану»

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ИНЕРАКТИВТІК ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

А.Б Сарсенбаева

«Мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,Қостанай облысы Лисаков қаласы


XXI ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл технологиялар оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды талап етеді.

Жаңа педагогикалық технология оқушылардың сабақ процесінде белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Міне осы талап тұрғысынан алғанда сіздерге ұсынып отырған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті әдісін қолдану» шешуші орын алады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету.

Интерактивті оқыту әдістемесі дегеніміз не?

Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым- қатынас байқалса, осындай оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешім табуға тырысқан кезде байқалады.

Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барасында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

  1. мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);

  2. шақырылған адамдармен (немесе сынып оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);

  3. өзге оқушылармен (қосақталып жұмыс істеу барысында);

  4. шағын топтармен (3-5 оқушымен);

  5. оқушылармен үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

  6. кейбір техника түрлерімен (мысалы, компьютермен).

Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарам-қатынас сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі - оқушы өзгелермен араласу барасында ашыла түсетін болады.

Интерактивті әдістеме не үшін қолданылады?

Интерактивті әдістемені белсенді түрде пайдаланатын мұғалімдер білім беру ісі, әсіресе, өзара қарым-қатынас процесінде сәтті жүреді деп санайды. Олардың айтуынша, солайша оқытқан кезде оқушылар сабақты жақсы қабылдап, пікірталас кезінде айтылған жайттарды жылдам ұғады. Оның себептері:

  • оқушылар мағлұмат алып қана қоймайды, өздері айтқан пікірдің дұрыстылығына логикалық түсініктеме береді.

  • оқушылар пікірлерін алдымен терең ойланып барып айтады.

  • мәселені талқылаған кезде оқушылар өздерінің және өзгелердің тәжірибелерін пайдалады. Мұндай жалпы білім қоры кез келген оқушының білімінен артық болатындығы белгілі.

  • оқушыларынан жаңа мағлұматтар алу арқылы мұғалім де білімін толықтырады.

Интерактивті әдістемені қолданатын мұғалімдердің айтуынша, бүкіл сынып болып талқылау тәжірибесі жүргізілмейтін мектептерде тек сабақ түсіндіріп, одан соң үйге тапсырма берумен ғана шектелетіндіктен оқушылар мұғалімнің айтқандарын есте дұрыс сақтай алмайды. Бұл орайда зертттеулермен дәлелденген мынадай пікірлерді де жиі естуге болады - біз істілген нәрсеміздің 80 пайызын, оқығандарымыздың 20 пайызын және естіген нәрселеріміздің тек 10 пайызын ғана есте сақтаймыз.

Оған мысал - біздің тәжірибеміз. Мысалға, атқа мінуді үйрену үшін біреудің айтқаны немесе кітаптан оқығаның бойынша істеу аз, өзің талпынуың керек. Әйтпесе, іс жүзінде үйренбеген нәрседен еш нәтиже шықпайды. Сондықтан да оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады. Біз талап етілетін интеллектуалдық тәжірибелер деңгейінде қарай таным қабілеттерін былайша жеткізей аламыз:

а) ойлану;

б) алған білімін жаңа жағдайда пайдалану;

в) синтездеп үйрену (бір ғана ортақ идея шығару үшін барлық идеяларды

біріктеру);

г) баға беру (әлдебір нәрсенің сапасы туралы ой қорытқанда).

Қоғамның дамуы осы аталған нәрселердің бәрінің болуын талап етеді. Бірақта білімді қолдана білу, синтез бен бағалау аса маңызды қасиеттер.

Интерактивтілік дәстүрлі әдістерге қарама-қарсы қойылады ма?

Тек қана екі әдістеме бар деген пікір дұрыс емес. Мейілінше интерактивтілік пен төмен интерактивтіліктің арасында бірқатар әдістемелер бар деген дұрысырақ болады. Бұл оқушылардың өзара қарым-қатынасқа түсу мүмкіншіліктеріне қарай бөлінетін жүздеген әдістемелер болады деген сөз. Егерде сіз ескі оқулықпен жұмыс істеген күннің өзінде оқушылардан әлдебір жаттығуды жазбаша жауап берместен бұрын өзара талқылауды өтінсеңіз, интерактивті әдіс дегеңіміз сол. Өз жұмысыңызға осы тұрғыдан қарайтын болсаңыз, бұрын да кейбір жағдайларда интерактивті әдісті қолданғаныңызды көресіз. Былайша айтқанда, бұл әдіс сіз үшін сондайлық жаңа нәрсе емес. Тек оны қолданудың себебі ғана жаңа.

Төмен интерактивтіліктен - жоғары интерактивтілікке

Кейбір мұғалімдер дәстүрлі әдістерді қолдануды тоқтатсақ қайтеді дегенді айтады. Олай жасауға болмайды. Неге десеңіз біздің мақсатымыз сіздің білім беру әдістеріңізді одан әрі байыта түсу. Кәсіби мұғалім интерактивті әдістен жай әдіске көше білуі керек. Тіпті бір сабақтың өзінде осылай істеуге тура келуі мүмкін.

Жоғары интерактивті әдістерді қай кезде қолданған дұрыс? Дұрыс құралдарды таңдау.

Кейбіреулер интерактивті әдістер «қызықты» болғандықтан қолданылады деп санайды. Бұл қате пікір. Кез келген сабақтың мақсаты оқушының қызығушылығын тудырудан гөрі тереңіректе жатады. Жоғары интерактивті әдісті таңдаудың басты себебі, оның әлдебір пәнді оқытудағы тиімділігіне байланысты. Егер оңдай қажеттілік болмаса төмен интерактивті әдісті қолданған жөн. Яғни, әлдебір әдісті таңдамас бұрын сіз оқушыларға қандай дәріс беретініңзді, не үшін соны үйреткіңіз келетінін нақты білуіңіз керек. Егерде оқушылардың белгілі бір нақты фактілер жүйесін меңгергенін қаласаңыз, онда төмен интерактивті әдісті қолдану тиімді болады. Егерде оқушылардың қажетті тәжірибе мен білім жинағанын қаласаңыз (мысалға, қазақ тілінде сөйлеу), онда жоғары интеактивті әдісті қолданғаныңыз дұрыс.

Кейбір адамдар интерактивті әдіс бойынша сабақ кезінде оқушылар көп сөйлеп, мұғалімдер аз сөйлеуге тиісті болады, бұдан мұғалімнің рөлі бәсеңдейді деп санайды. Бірақ та мұндай пікір қате. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивті әдіс мұғалімнің де жоғары белсенділік танытуын талап етеді. Ал сабақ кезінде мұғалімнің көбінесе тыңдаушы рөлін атқаруы ол процестен тыс қалды деген сөз емес. Оқушылар сабақтың мәнін түсінуі үшін мұғалім олардың өзара пікірталастарын басқара білуі керек. Бұл былай қарағанда құрылыс жұмыстарын басқару сияқты. Басқарушыға тапсырманың жоспары беріледі. Ал ол болса, сол жоспарды жүзеге асыратын жұмысшыларды басқарады. Осы жағынан алғанда құрылысшылар салатын ғимараттың жоспары сабақ жоспарына ұқсас. Өйткені сабақтың жоспары оқушылар өзара талқылау барысында нені ұғынуы керектігін көрсетеді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін алға қойған мақсатқа жетуге бағыттайтын жетекшінің міндетін атқарады. Бұдан әрі интерактивті сабақ жүргізетін мұғалім білуге тиісті кейбір негізгі әдістер қаралады.

Жалпы жұмыс тәртібі.

Төменде көптеген интерактивті сабақтар мен жаттығуларды жүргізу барысында орындалатын іс –қимыл кешені беріліп отыр. Болжам бойынша оқушылар маңызды теориялық материалмен танысып, оны түсінді делік.

а) Дайындық

Бұған төмендегідей қадамдар жатады:

  • түрлі жаттығуларды орындау арқылы оқушылар санасында қандай ұғым қалыптастыру керектігін алдын ала анықтап алып, тапсырманы таңдау;

  • берілетін тапсырманың сіздің сыныбыңыздың мүмкіндігімен сәйкес келетіндігін аңықтау (тапсырманы орындау үшін материалдық ресурстар жеткілікті ме және оқушылардың білімі оған жетеді ме?);

  • осыған көз жеткізгеннен кейін бұл тапсырманың сыныпта қалай орындалатындығын ойлауыңыз керек. Сол арқылы сіз оқушылардың реакциясын алдын ала болжап, жауабыңызды дайындай аласыз;

  • сіздеңше түсініксіздеу болатын мәтінде талданатын тұжырымды аңықтау үшін тараудың мәтінмен танысқанға дейін оқушыларға бірнеше жаттығулар орындату.

б) Оқушыларға тапсырма

Оқушыларға жұмыстың мақсатын түсіндіріңіз. Жұмыс тәртібі мен тапсырманы орындауға бөлінген уақытты көрсетіңіз. Мұндайда кез келген оқушыдан сыныпқа қандай тапсырма берілгендігін сұрау тәрізді қолданған пайдалы.

в) Топтардың құрамын белгілеу (кім-кіммен жұмыс істейді, үш адамдық, төрт

адамдық топтарды белгілеу).

д) Топтардың жұмысын бақылау.

Егерде сіз оқушылардың әлдебір нәрсені түсінбегендігін немесе берілген тапсырма аумағынан шағын кеткендігін көрсеңіз, бүкіл сыныпты яки жеке топты қайта бағыттауға тура келетін болар. Барлық топтың дұрыс жұмыс істеп жатқандығын байқасаңыз, онда өзіңіздің де олардың біреуінің құрамына қосылуыңызға болады. Бірақта мұның оқушылар топпен жұмыс істеп үйренгенге дейін, біраз уақытты алатындығын ескерту керек. Топтардың тапсырманы талқылаған сәттерді үнемі бақылап отыруыңыз қажет. Сол арқылы сіз оқушылардың назарын берілген тапсырмаға жұмылдыра аласыз, әрі әрбір оқушының өз ойын білдіруін қадағалай аласыз.










Пайдаланған әдебиеттер

  1. Дженкинс С, Фатахова А. Интерактивные методы обучения и управления классом. К. 2004.

  2. БарболинМ. П. Методологические основы развивающего обучения. Москва: Высшая школа. 1991.

  3. Смыкова В.В. и другие. Интерактивные методы обучения демократии Т. 2004