«Бәрі де сен үшін, бәрі де сен жайлы Арқалығым!» атты қалалық мектепаралық
жас ақындар айтысының өтілу сценарийі
Арқалық қаласы 10.03.2017 жыл
/күй ырғағымен шымылдық ашылады/
Монолог оқылады
Фан-фар, жүргізушілер сахна төріне шағыды
Ханзада:
Армысыздар, төл өнеріміздің қадірін бағалай білетін арқалы әлеумет!
Тұрсынай:
Киелі де, қастерлі қазақтың қара домбырасын серік еткен азуынды жас ақындарымыздың өнерін тамашалауға қош келдіңіздер!
Ханзада:
Әр азамат өзінің туған жерін қанша жырласа да, туған жеріне деген махаббатының сарқылмасы анық. Мінеки, бүгінгі ақындар айтысына да жан-жақтан өз елін, туған жерін жырлау үшін дүлдүл ақындарымыз келіп отыр. Олай болса бүгінгі ақындар мүшайрасын бастауға рұқсат етіңіздер!
Тұрсынай:
Шуақты жырға бап керек,
шешендік мінге жақ керек.
Әліне ешбір қарамас,
мансапқорға тақ керек.
Достында орны бір бөлек,
бөлісуге сыр керек.
Орынсыз сөйлеу қажетсіз,
Ақынға сезім жыр керек.
Зор қошеметпен, шапалақ сыңғырымен,
Ақындарды рет-ретімен ортаға алдырайық.
Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі атынан Рагатов Талғат Талапұлын ду-қол шапалақпен қарсы алыңыздар!
№4 жалпы білім беретін мектебі атынан Төлеуов Жәнібекті қарсы алыңыздар!
Восточный жалпы орта мектебі атынан Байғазин Руслан Фазылбекұлын қарсы алыңыздар.
Фурманов жалпы орта білім беретін мектебі атынан Төлеубай Айгерімді ду-қол шапалақпен қарсы алыңыздар!
Ханзада:
Бүгінгі әділ баға беретұғын,
Ақындардан мол үміт күтетұғын.
Жайдарлы білгір жанның жазы,
Ортамызда отыр екен әділ қазы.
Тұрсынай:
Бүгінгі жас ақындарымызға әділ бағаларын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы: облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Өтепбаев Тоба Монтайұлы;
Қазылар алқасының мүшесі «Жас қалам» жас журналистер клубының жетекшісі Маженов Бакыт Аляскарович;
Қазылар алқасының мүшесі жас айтыскер, бірнеше дүркін ақындар мүшайрасының жеңімпазы Рагатов Айбар Талапұлы.
Ханзада:
Ақындарымызға сәттілік серік болсын дей отырып, ду-қол шапалақпен сахна сыртына шығарып салайық. Бүгінгі жас ақындар мүшайрасын бастамас бұрын, көңіл-күйімізді тамаша әнмен көтеріп алайық достар! Қалай қарайсыздар? Достар!
Тұрсынай:
«Домбыра-дастан» отауының жас өнерпаздары Кәусар мен Ернұрдың орындауында «Қол соғайық өнерпаздарға» әнімен қарсы алыңыздар
Ән: «Қол соғайық өнерпаздарға»
Ханзада:
Сөзімен таудан өзен құлататын,
Керек десең бәрін де жылататын.
Әлі талай айтыста кездесерміз,
Ақындарды халық міне ұнататын.
Ендеше, 1-жұпты қошеметпен қарсы алыңыздар.
1-жұп: Рагатов Талғат пен Байғазин Руслан.
2-жұп: Төлеубай Әйгерім мен Төлеуов Жәнібек.
Жұптар өзара айтысады, ұпай сандары көрсетіледі
Ханзада:
Ақындарымыздың сөз шеберлігін анықтау үшін тағы да келесі айналымға өткіземіз.
Байғазин Руслан мен Дүйсенов Шахмұрат.
2-жұп: Рагатов Талғат пен Төлеубай Әйгерім.
3-жұп: Төлеуов Жәнібек пен Байғазин Руслан.
Ханзада:
Құрметті бүгінгі байқауға келген қонақтар, ұстаздар, оқушылар, осымен жас ақындарымыздың өнерін әділ бағалайтын кезде келіп жетті. Ендеше ду - қол шапалақпен барлық қазылар алқасы мүшелерін кеңесу бөлмесіне шығарып салайық.
Тұрсынай:
Қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанға дейін «Домбыра-дастан» отауының белсенді өнерпаздарының өнерлерін тамашалайық. Сахна төріне осы отаудың кішкентай әнші қызы Болат Аймаржанның орындауында «Еркемін» әнін тамашалаңыздар.
Ән: «Еркемін»
«Домбыра туралы баллада» әнімен сахна төріне жас әнші қызымыз Жанарды қарсы алыңыздар.
Келесі сахна төріне өздерінің туған жерге деген махаббатын әндерімен жеткізгісі келіп отырған сері жігіттерімізбен сұлу қыздарымыздың орындауында «Туған жер» әнін бірге шырқайық. Қарсы алыңыздар достар!!!
Ханзада:
Өлең сөз қызыл тілге жүйрік едің,
Тура сөз әділ болса биік едің.
Жастан-жасқа бүгінгі ақындарымыз,
Бірінен-бірі асқан жүйрік болсын,-дей келе бүгінгі жас ақындарымызды марапаттау үшін сахна төріне барлық қазылар алқасы мүшелерін шақырымыз.
/қазылар алқасы өз шешімдерін шығарады, жеңімпаздарды марапаттайды/
Ханзада:
Осымен «Бәрі де сен үшін, бәрі де сен жайлы Арқалығым!» атты қалалық мектепаралық жас ақындар мүшайрасы өз мәрісіне келіп жетті. Төл өнерімізді қолдап келген барша халыққа алғысымызды білдіре отырып, келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
музыка ойналып тұрады адамдар залдан кеткенше
Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы
«Бәрі де сен үшін, бәрі де сен жайлы Арқалығым!»
атты қалалық мектепаралық
жас ақындар айтысының өтілу сценарийі
Іс-шараның өтілуіне жауапты: Кәрім Т.Қ.
Арқалық қаласы