Мерзімі | 23.01.2017 | Информатика 5-сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі |
Сілтеме | « Информтаика» 5 сынып оқулығы Алматы «Арман ПВ» 2015 ж «Информатика негіздері» Республикалық Ғылыми әдістемелік журналы № 3, 2013ж. Интернет материалдары. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. |
Мақсаты | Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру. |
Нәтижесі | Қарапайым мәтіндік редактор бағдарламасымен жұмыс істей алады. Оқушыларды бірлесе оқыту мақсаттарын орындау барысында жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалану арқылы өзара әрекеттесу дағдылары дамиды. |
Ақпарат көздері | Компьютерлер, слайд, интерактивті тақта,Word Pad бағдарламасы, кеспе қағаздар, тест, бағалау парақшасы, үлестірмелі материалдар, paint бағдарламасында дайындалған оқушылардың жұмысы. |
Сабақ жоспары | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) | Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, даярлығын тексеру. Ынтымақтастық атмосферасын құру (шаттық шеңбер құру әдісі арқылы оқушылар бір – біріне тілек айтып қол шапалақтау), қарандаш, өшіргіш, бүріккіш суреттерін таңдау арқылы топқа бөліну). Бағалау оқушылар жеке – жеке геометриялық фигуралар беріп отыру арқылы бағаланады | Кезекші оқушы тізім бойынша түгендейді Бір біріне тілек айтады Үш топқа бөлінеді «Карандаш» «Өшіргіш» «Бүріккіш» |
Білу (5 мин) | «Мен – саған, сен – маған» әдісі арқылы сұрақтар Paint қандай редактор? Paint редакторының сурет салу құралдары туралы не білеміз? Шығармашылық суретіңді көрсет (қандай элементтерді қолдандың?) | Бір-біріне сұрақтар қояды. |
Түсіну (7 мин) | Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы: WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа: | Интербелсенді тақтадан өздері оқып танысады |
Талдау СТО (8 мин) | Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп , жаз. І топ. Бұл қандай ертегі? Суретке қарап мәтін құру және оны компьютерде қою қара етіп (жирный) жазу. ІІ топ. Бұл қандай ертегі? Суретке қарап мәтін құру және оны компьютерде жіңішке белгісін (курсив) пайдаланып жазу. ІІІ топ. Бұл қандай ертегі? Суретке қарап мәтін құру және оны компьютерде асты сызылған белгісін (подчеркнутый) пайдаланып жазу. | Оқушылар топта талқылап, қорғайды. |
Қолдану (10 мин) | Компьютерде тәжірибелік жұмыс | 1.Тәжірибе . Дербес компьютерде орындату | Терілген мәтінді жартылай жуан әріппен ерекшелеп, сақта _ТХТ деп,ал файлдың типін тақырып атымен көрсетіңдер. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы тұжырымдап, дәптерге жазыңдар. |
Сергіту сәті | Жаттығу | «Көз жаттығу» | Оқушылар жаттығу жасайды (музыка ырғағымен) |
Синтездеу (4 мин) | Лото ойыны | Лото ойынның сұрақтары: 1) WordPad бағдарламасын іске қосу жолы? 2) Құжатты сақтау жолы? 3) Мәтін түсін өзгерту командасы қай жолда орналасқан? 4) Қаріпті өзгерту командасы қай жолда орналасқан? 5) WordPad бағдарламасындағы негізгі элементтер 6) WordPad бағдарламасын жабудың неше жолы бар | |
Үйге тапсырма (1 мин) | | (еркін тақырыпта шығарма ) | Күндлікке жазады Редактор интерфейсі. оқу «Қазақстан Тәуелсіздігі» тақырыбында эссе жазу |
Рефлексия | | Екі жұлдыз, бір тілек | |
Бағалау (3 мин) | Жиынтық баға | Бағалау парағы арқылы бағаланады | |