СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саликова Елмира Мергенбаевна   қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Павлодар облысы. Баянауыл ауданы. Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты

Просмотр содержимого документа
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»


Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


І Фанфар

ІІ Жүргізуішілер шығады 1 Зарахан Нұржол

2 Айтбай Айымнұр

1-жүргізуші

Қош келіпсіз ақжаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

2-жүргізуші

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты әжелер! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекеcі қарттар мерекесімен құттықтаймыз.

1-жүргізуші

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

ариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер.

2-жүргізуші:
Құттықтау сөз, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Жакина Тұрсынай Өмірзаққызына береміз.

1-жүргізуші

Дүниеге келер бір рет

Құрыштан құйған құдірет

Балалар, ол кім? Әрине қарттарымыз.
/ Сахнада, Нұрланұлы Нұрасыл мен Сағадатова Мөлдір.

«Мерекем» әні, қабыл алыңыздар!/

2-жүргізуші

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақыл менен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат

1-жүргізуші

Жадыраймын жадырайын,

Көңілденіп күлемін.

Жанар ма деп талабым,

Ата ақылын тыңдаймын.

/6 сынып оқушысы Оңалбай Маридың орындауында «Атам-Әжем»

әнін қабыл алыңыздар./



2-жүргізуш:
Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

/Оқушылар өлеңдерін оқиды, музыка ойнайды/


1-жүргізуші:

Асқар тауым, ақылг өйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

/ Сахнада, «Бозінген» биі, қарсыалыңыздар!/


2-жүргізуші:

Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің

Маған бақыт неге керек ақ әже – ау

Өзің бірге көре алмасаң қызығың.

/Вокал тобының орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар./


1-жүргізуші:

Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.


2-жүргізуші

Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.

/ М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын Шаймардан Иманғали/

1-жүргізуші

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады

/ «Құстар биі» қабыл алыңыздар/


2-жүргізуші

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

Ал әкелер өздеріңе арналмақ

Бұл айтатын асқақ ән.








1-жүргізуші

Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке нақты анық бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.

/ Биші қыздарымызды « Грек » биімен қарсыалайық!/

2-жүргізуші

Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем? 

/ 6 сынып оқушысы Болат Мерейдің орындауында «Ата-әже» әні.

Қабыл алыңыздар!/


1-жүргізуші

Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.


1-жүргізуші

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.

2-жүргізуші:

Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.


1-2жүргізуші бірге: Хош, сау болыңыздар!