Күні:09.02
Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу.
1.Жазушының өмірімен, шығармашылығына шолу.
2.Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету.
3.Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу
Үй тапсырмасы
Тірек сөздермен жұмыс.Иманшарт,Ана, Найза.,Сойыл, Сарша тамыз, Саңылақ.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
1.Ғабит Мүсірепов кім ? /жазушы,қоғам қайраткері,академик-классик /
2. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі қай жылдары басталды?/20 жыл,аяқ шенінде/
3.Ғ.М. қай жылы дүниеге келген? /1902 ж, СҚО,Жамбыл ауд/
4.1930 ж бас кезінде көбірек көңіл бөлген тақырыбы қандай?/Ауыл.шаруаш . ұжымдастыру мәсел/
5. Әңгіме жанры дегеніміз не? /Қара сөзбен жазылған шағын көлемді көркем шығарма/
6.Шығарманың негізгі идеясы не ? /Ананы құрметтеу/
7. Әңгіме оқиғасы қай кезде болған ? /Жаугершілік заманда/
8.Ғ.М. Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне неше мәрте депутат болып сайланды?/6/
9. Ғ.М.неше жасында өмірден озды?/83 жасында/
10.Жазушының ана тақырыбында жазған шығармаларын ата. / Ананың анасы, Ашынған ана, Ер ана, Ақлима/
11.Аппақ, ақбас соқыр қарт етектей сақалын балуан бармақтарымен салалай тарап отыр еді.Кейіпкер кім?/Әйтілес қарт/
12 Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы қай жылы берілді? / 1974 жылы//
13.Жалпақтың елін шапқан кімдер?/ Ергенекті елі/
14.Жазушы Ананның анасы әңгімесі арқылы нені айтқысы келді?/Ана махаб, арқылы әлеуметтік теңсіздікті, қоғам бейнесін, адам тағдырын, адамзат өміріндегі ана рольін/
15.Еркек десең өзімді әкет, қызымды қайтарып бер.Кімнің сөзі?/Жылқышы/
16. Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы не үшін берілді? /кеңес әдеб өркендетуде сің.еңбегі үшін/
17.Жалбағай деген не? /жазда киетін жеңіл тымақ/
18.Басы бәйгеге тігілген байғұс әйелге мұқалмас күш беретін не?/Оның баласының тағдырына деген ананың байыз таппас жүрегі мен шексіз махаббаты/
Қарама – қарсы сұрақтар:
1.Барымташыларды тоқтату үшін әйел қандай айла-амал жасайды?./барымташыларды орай шауып, жылқының алдына түсіп айдатпады/
2.Ана қай едің қызы еді? /Керей/
3.«Керей деген ел көрсеңдер, сәлем айт, Жалпақ деген батыр көрсеңдер, сәлем айт!» - деп жөнеле берген әйел Жалпақ балуанның кімі?/қалыңдығы/
4.Қай кейіпкердің сөзі екенін табыңыз.?/ – Батыр, лұқсат етсең, екеуін де тайға теңдеп алып жүрейік. Қызы қатынға, шешесі отынға жарар./ Кейкінің
5.Бишараның боз көйлегі жырым-жырым,Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара. Кім туралы айтылған?
6. Иманшартымды қолтығыма қыстырып сабаққа келсем, балалар жиналмаған екен. Кім сөзі?/шәкірт/
7. .Үркер жамбасқа келіп, су Шолпан маңдайға таянғанда. Қай уақыт?/таң алды
8.Бала би Жалпақ батырды барымтаға не деп жұмсайды?./«Сен тоналдың, қалыңдығынды тартып алған» дегенмен жұмсайды/
9.Жалпақ балуан жорыққа не үшін аттанғанын белгілеңіз./ бала би мен өз кегін алу үшін/
10.Жалпақ қай рудың батыры болған?/Керей/
11.Ана кім деген кісінің қызы болған?/Сонар/
12.Ана неше жасында бас бостандығынан айырылған?/ 15жас/
13.Әңгіменің соңында жалпақтың есінен танып қалуының себебі?/ Ана- кезінде алып кеткен қалыңдығы/
14.Ана мен қызына бостандық берілеме?/Иә/
15.Шіркін, әйелдің де әйелі екен. Кай кейіпкердің сөзі?/ Жанай/
16.Ғ.М. ерекше сүйіп жырлаған тақырыбы қандай?/Ана/
17. Керей деген ел көрсеңдер, Жалпақ деген батыр көрсеңддер сәлем айт:/кімнің сөзі?/
18.Жазушы қай жылы дүниеден озды?/ 1985/
Сын тұрғысынан сұрақтар:
1.Ғ.М. батыр болған- /жазушы,қоғам қайраткері,академик-классик /
2.Ғ.М ШҚО-да дүниеге келді- /СҚО/
3. Жалбағай жазда киетін жеңіл тымақ/ +
4.Ананың әкесі Сонар +
5. Ғ.М. 90 жасында өмірден озды - /83/
6.Ана Ергенекті елінің қызы еді?- /Керей/
7. Әңгіме оқиғасы жаугершілік заманда болған +
8.Ана 19 жасында бас бостандығынан айырылған- / 15жас/
9. Шығарманың негізгі идеясы батырды кұрметтеу- /Ананы құрметтеу/
10. Жалпақтың елін шапқан Ергенекті елі +
11. Ғ.М.көбіне көңіл бөлген тақырыбы халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік - /Ауыл.шаруаш . ұжымдастыру мәсел/
12. Жалпақ Тобықты руының батыры болған - /Керей/
13. Иманшартымды қолтығыма қыстырып сабаққа келсем, балалар жиналмаған екен.шәкірт сөзі+
14. Ана мен қызына бостандық беріледі +
15 . Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі 50 жылдары басталды - /20 жыл,аяқ шенінде
16. Горькиден аударған новелласы Адамның анасы, Өлімді жеңген ана+
17. Ғ.М.1995ж қайтыс болды - 1985
18. «Өз еркім өзімде тұрғанда менде бір адамға ерік берейін ,қыз сенікі»Жалпақтың сөзі+