СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қазақ есімдерінің шығу тарихы» ғылыми жоба

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады.

Бұл - өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты.

Просмотр содержимого документа
««Қазақ есімдерінің шығу тарихы» ғылыми жоба»



КІРІСПЕ

І тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу

1.1 Антропонимдер-ономастиканың бір саласы.

Антропонимдер ономастиканың антропонимдерді, яғни, кісі аттарын, фамилияларын лақап аттарын және бүркеншік есімдерді зерттейтін саласы. Кісі есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады.

Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады.

Бұл - өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты.

Міне, осындай себептермен мен осы тақырыпқа тоқталдым. Мен бұл жұмыс барысында тек өз жетекшіммен ғана емес, мектептің басқа ұстаздары тарапыннан да көп қолдау таптым. Сонымен бірге сыныптастарым да көп көмек көрсетті. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі біздің бастамамызбен 7 «Ә»-сыныбында «Өз есіміңнің сырын білесің бе?» атты сабақтан тыс іс-шара өткізді. Оған балалар зор қызығушылықпен қатысты. Өз есімдерінің мағынасын түсінбей жүрген балалар мұғалімнің, құрдастарының, ғаламтордың көмегімен көп мағлұматтар алды

Сонымен, менің бұл тақырыпты таңдап алған екінші себебім, қазіргі кезде сан алуан әдемі, заманауи аттармен қатар, біртүрлі оғаш, құлаққа жағымсыз, ең бастысы ешқандай мағына бермейтін есімдердің де көп кездесетіні. Шет елге еліктеп, ағылшын, неміс т.б. елдердің атауларымен қоса, баяғы кезде ата-әжелеріміз заманына байланысты Совет, Кеңесхан, Сиязбек сияқты оғаш есімдер тәрізді, қазіргі дағдарыстың салдарынан сәбиге Дағдарыс , олимпиада өткен кезде туған сәбилерге Олимпиада, Азиада деп ат қою да арагідік блса да кездесіп жүр. Бұл, менің ойымша, ата-аналардың сәбиінің тағдырына атүсті қарауы деп ойлаймын. Өйткені адам есімі қандай әсем болса, ол да болашақта сол есімді ерекше қуанышпен, мақтанышпен айтып жүреді емес пе?!

Бұдан бөлек елімізде Партизан, Армия, Патриот сынды езуге күлкі ұялататын есімдер де бар. Сонымен қатар, Жүрегім, Әттаһиат деген құлақ үйренбеген аттар да кездеседі. Ал Совхозбек, Колхозбектер қазақ есімдерінің тізімінен әлдеқашан орын алып қойған. Бұл есімдер келмеске кеткен кеңестің сүйегімізге салған таңбасы іспеттес. Сол кездегі Съезд, Слёттердің ізін қазір Саммитхан, Азиадалар жалғастыруда. Бала дүниеге келген сәттегі ірі оқиғаны ат қылу үрдісінің белең алғаны соншалық, соңғы әлемдік дағдарысқа байланысты елімізде бір отбасы жаңа туған сәбилерін «Дағдарыс» деп атапты. Бір кездері еліміздің оңтүстік өңірінде Бен Ладен есімді бала дүниеге келгенін естіп: «Бұл қалай болғаны?»-деп таң қалған болатынбыз. Ал Дағдарысты естігенде жағамызды ұстадық. Осы ретте пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисін айта кеткен жөн: «Расулла «с.ғ.с.) мағынасыз және жағымсыз аттарды жақтырмайтын еді. Бірде Хузн деген сахабадан : «Атың кім?»-деп сұрайды. Ол: «Хузн (яғни «қайғы»),-дегенде, Мұхамед (с.ғ.с.): «Сенің атың – Сахл (мағынасы «жеңілдік» ) болсын,- дейді. Сол кезде сахаба: «Жоқ, әкем қойған атты өзгертпеймін»,-депті. Кейін Хузнның баласы: «Әкем қойған атын өзгертпеді. Біз ешқашан қайғыдан құтылмадық»,-деген екен. Яғни, ат қою - ойнап емес, ойланып істейтін үлкен міндет.

Сонымен қатар, біз еліктегіштігіміз ұстап, өз тіліміздегі мағынасына мән бермей, өзге ұлттың есімдерін де қойып жүрміз. Мысалы, Зина деген есім негізінен орыс ұлтына тән болғанымен, өкінішке орай, осы атты иемденіп жүрген қаракөздеріміз де бар.

Сондай-ақ, құдайсыз идеологияның негізін қалаған адамдардың атымен аталып жүрген Мэлс есімді қазақтардың да бар екенні өкінішті. Радамира, Руфинат, Лилиада сияқты есімдер де өзгенің жылтырына қызығушылығымыздан туған дүниелер. Оның үстіне, бүгінгі телесериалдар да қазақ есімдерінің бұрмалануына айтарлықтай ықпалын тигізуде.

Жалпы, балаға ат қоюдың маңызы өте жоғары. Бұның ата-ананың бала алдындағы ақысы екендігін жоғарыда айтып өттік. Бұл жөнінде Ибн Аббастан (р.а.) Имам Байһақи риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкенің бала алдындағы міндеті-жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру» ,-деген. Келесі бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні өз аттарыңызбен әне әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар»,-деп, ат қоюдың қаншалықты маңызды екенін айтқан.





ЖАНАТ — ең асыл, көркем, керемет, рахат. 
ЖАНЕРКЕ — қараңыз: Еркежан. 
ЖАНИПА — иран және тәжік тілдерінен алынған жан-джон — яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі. 
ЖАНИЯ — иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем. 
ЖАННА — көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін. 
ЖАННАТ — араб тілінен — бақ, жұмақ бағы. 
ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған. 
ЖАНСҰЛУ — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім. 
ЖӘЛИЛА — араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты. 
ЖӘМИЛА — араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы. 
ЖЕҢІСГҮЛ — (қараңыз: Гүлжеңіс). 
ЖҰЛДЫЗАЙ — жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған. 
ЖҰМАБИКЕ — араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш. 
ЖҮПАР — хош иіс. 
ЖІБЕК — мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.
ЗАҒИЛА — араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира. 
ЗАҒИПА — араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» — қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша. 
ЗАҒИРА — (қараңыз: Зағила). 
ЗАЙДА — иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. 
ЗАЙРА — араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. 
ЗАЙТУНА — бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті. 
ЗАҚИРА — араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. 
ЗАМИЛИЯ — араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. 
ЗАМИРА — араб тілінен — асыл арман, тәтті қиял, ой. 
ЗАРА — иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. 
ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім. 
ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай. 
ЗӘКИЯ — араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сөзімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. 




     ҚОРЫТЫНДЫ 


Адамдар ат қойған кезде біріккен сөзді ат қоямын ба немесе қысқа ат қоямын ба деп ойлана бермейді ғой. Бірақ сол аттың белгілі біреудің атымен ұйқасқанын немесе ол аттың қандай мағына беретінін ойлайды.«Жаралғанға жабысқан» деген жұмбақтың өзінен-ақ адам баласының дүниеге келген кезінен белгілі бір атқа ие болатынын білеміз.
Мұсылмандардың ежелгі салты бойынша жас балаға ауыр тиеді деп кейбір аттарды қоймағандығын аталарымыз айтып отыратын. 
Осы еңбекте есімдер сырына терең үңіліп, жалпы адамдар өз нәрестелеріне жақсы әрі өнегелі ат қойса екен деген ниетпен біршама жазбаларды аударыстырдық. 
Содан түйген ойымыз кейбір адамдардың еліктеушілігі болмаса, жалпы қазіргі күнде халқымыздың нәрестелеріне халқымыздың ерекшелігіне сай аттарды қоюды әлі де жалғастырып келе жатқандығын, әсіресе қайта оралған зиялыларымыздың есімдері қазір көптеп қойылып жүргендігін байқауымызға болады.Т.Жанұзақ «Есімдер сыры» еңбегінде қойылған аттардың мағынасын ашса, бұл еңбекте жалпы есімдердің қойылу мақсатына көбірек мән бердік. 
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесінде айтылғандай адамның аты бір-ақ рет қойылады, ал сол есім сол адамның өмір бойы серігі болып жүретіндей, мақтанышпен айта алатындай болғанға не жетсін! 








1