Сыныптан тыс іс-шараның жоспары
Күні/Дата/Date:28.10.2015 ж.
Пән/Предмет/Subject: Сыныптан тыс
Сынып/Класс/Class: 4 «Ә»
Тақырып/Тема/Theme:«Қазақ хандығына -550 жыл»
Мақсаты/Цель/Aim:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Дамытушылық:Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Түрі: Пікір алмасу
Әдісі: Ой — қозғау
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар
Сыныптан тыс іс-шараның барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі
1-жүргізуші
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген.
2-жүргізуші
«Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1-жүргізуші
Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар.
2-жүргізуші
Бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Қазақ хандығының құрылуына – 550 жыл».
1-жүргізуші
Бүгінгі тәрбие сағатымыз дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін біздің қосқан үлесіміз болып табылады.
1- жүргізуші
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына-550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
2-жүргізуші
Сәлем бердік кешіміздің көрермені
Қазақтың ол аныққой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз
Алдарыңда болашақтың өрендері
ІІ.Негізгі кезең.
1-ші жүргізуші
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.
Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты видео ролигін ұсынамыз.
Өз тарихын білмеген халық,өзін де сыйламайды” (Н. Ә. Назарбаев)
2 –жүргізуші «Қазақ хандығына - 550 жыл» өлең жолдары
1.Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің қағанатын
2.Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз- тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған
3.Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
4.Сол үшін ұзақ түндер ұйықтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған
5.Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік- таққа таласқан аға –бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.
6.Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру –тайпа өзінше хандық құрған.
7.Айрылып айбынды түр келбетінде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.
8.Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек,Керей хандар басын қосып,
ӨміргекелгенедіҚазақелі.
9.Алтай мен Атыраудыңарасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында
*Қазақ хандығының негізін құраушы Керей мен Жәнібек хандары
*1465 — 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге асырды.
*Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
1-жүргізуші Көрініс « Қазақ хандығын құру»
(Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.)
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
Би «Қара жорға»
*Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
*1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбаста қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Суы мол, топырағы құнарлы, жер жанаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
*Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.
*15-18 ғасырларда қазақ хандары тұрақты әскер ұстаған. Елімізге қауіп төнгенде үш жүздің басын бір тудың астына біріктіріп жауға қарсы шыққан. Елі- жері үшін аянбай күрескен қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Тайлақ, Малайсары , Баян, Райымбек, т.б. ерлігі халық арасында аңыз, әңгімеге айналған.
2-жүргізуші көрініс «Малайсары мен Сырым батыр»
Автор:Сырым елу жылқыны елге айдатып, олжасын басқа жолдастарына үлестіреді. Қалы кілем жабылған қара нарды Малайсары қарттың босағасына әкеп байлайды. Малайсары Сырымға разы болып қой сойып, қонақ қылады. Сөз арасында Сырымға:
Малайсары қарт:
Арқаң қара нардай жауыр болсын.
Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың жетпіске жетпесін,-
Автор: дейді қарт.«Жасың жетпіске жетпесін» дегенді Сырым көңіліне алып қалады.
Сырым батыр: «Кеудең толған бауыр болсын» дегеніңіз – өкпеші болма, кешірімді, кең бол, азғана қазақты алыс- жақын деп бөлме дегеніңіз болар. «Арқаң қара нардай жауыр болсын» дегеніңіз – ел бастайтын ердің жүгі ауыр болады, сондықтан сабырлы , шыдамды бол дегеніңізшығар. «Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, құлағыңнан сыбыр кетпесін» дегеніңіз – жора- жолдастарың көп болсын, есігің ашық болсын дегеніңіз болар. Ал «Жасың жетпіске жетпесін» дегеніңізді түсінбедім
Автор :-деген екен Сырым.
Малайсары қарт:
Мен жасым жетпіске жеткелі жеті пәлеге кездестім:
Асусыз тауға кездестім,
Арылмас дауға кездестім,
Алынбас жауға кездестім,
Өткелсіз суға кездестім,
Елсіз шөлге кездестім,
Табылмас жоққа кездестім,
Дауасыз дертке кездестім.Мен сені сол жеті пәлені көрмесін деп едім. Сен соған түсінбеген екенсің ғой»
Автор:-дейді қарт.
*Көтеріліс басшысы Сырым Датов 1802 жылы ханның қолынан қаза табады.
*Сырым әрі батыр, әрі шешен, тапқыр, ақылды адам болған. Ол хан- сұлтандарға қарсы күрескен халық қамқоры, өжет, батыл, адал адам бейнесінде көрінеді. Бір мәжілісте Нұралы хан Сырымнан:
Ханның құны не болады?- деп сұрапты. Сонда Сырым:
Ханның құны – бір арба жібектің күлі, - дейді.
Жібектің күлі болушы ма еді?- дейді хан. Сонда Сырым:
Тақсыр, сіздей ханда құн болушы ма еді?- деген екен.
*Елі көшсе, бел – жетім.
Үйрек, қаз кетсе, көл – жетім.
Ері жоқ ел – жетім.
Елі жоқ ер- жетім.
Жоқтаусыз кетсе, қыз жетім.
Жасы жеткен қарт- жетім.
Парықсыз болса, сөз жетім дегендей, бұл күнде атадан қалған асыл сөз, айта берсек таусылмас, Бүгінгі Тәуелсіздікке жету үшін қазақ халқы басынан бес кезеңді өткізген еді
Олар: 1. Жоңғар шапқыншылығы,
2. Ашаршылық,
3. Репрессия,
4. Ұлы Отан соғысы,
5. Желтоқсан оқиғасы.
*Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан майданға аттанған жауынгерлеріміз қаншама. Олардың 100 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен марапатталды. 500-ге тарта жауынгер Батыр атағына ие болды. Олардың ішінде Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова , Талғат Бигелдинов және басқалардың есімі бар.
*Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерліктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бауыржан Момышұлы , Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, БақтыоразБейсекбаевтарға Халық қаһарманы атағы берілді.
Бостандық таңы атты, Өтірік, өсекті
Қазағым, көріңдер. Біржола қойыңдар.
Арға ие басшының Намыс, жігер,
Соңынан еріңдер. Бойыңа жиып қайрат,
Таң артынан ақиқат Қажымай адалдық
Күн шығады, Жағында болыңдар.
Еріншек, жалқаулық Бірлік пен талапты
Әдеттен безіңдер. Еңбекке салыңдар,
Арамдық, аразды Өнерлі елдерден
Түбімен жойыңдар. Өнеге алыңдар.
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!
Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса
Туған тілім
Туған тілім- бабам тілі- өз тілім!
Туған тілім- анам тілі- өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім- адам тілі- өз тілім!
Көк аспанда қанат қағып ұшқанда
Өз тілінде қиқулайды құстар да
Өз тілінде кісінейді құлыншақ
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып- ақ алыңдар.
Кеңсің, дала Төсің сүтті,
Туған ана, Бауырың құтты,
Көйлегің кең, көк ала. Сен- тіршілік анасы.
Жан беретін, Жібек жасыл,
Тән беретін Анық асыл,
Мейірімді ана- сен ғана. Кестесі гүл киімің.
Төсіңді емген, Көркем ана,
Саған сенген Сенде ғана
Жан- жануар баласы. Тіршіліктің түйіні
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбдырлаған.
Жаным менің , кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.....
*Бірлігі мықты ел болса,барлығы бауыр болады.
Отқа иелік болмаса,жеріңді өрт шалады.
Әділбилікболмаса,халқыңдыдерталады.
• Қазақ халқының басын біріктіруге орасан еңбек сіңірген үш ұлы би.
Үш арыстың үлгілері
Төле би:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің:
Жаңбыр жаумаса- жер жетім,
Басшы болмаса- ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім....
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса
Жан мен тәннің шырағы
Қазыбек би:
Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Төле би
Рақмет, дәл тауып жалғастырдың,
Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің
Мынау жиналған халыққа тағы не айтасың,
Қаз дауысты Қазыбек би?
Қазыбек би:
Алтын ұяң- Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,
Мейірімді – апаң қымбат,
Кіндік кескен- жерің қымбат,
Ұят пен ар қымбат.
Төле би:
Сөзің- асыл, Қаз дауысты Қазыбек.
Ендігі сөздің кезегі өзіңде, Әйтеке би.
Әйтеке би:
Бай болсаң,
Халқыңа пайдаң тисін.
Батыр болсаң,
Жауға найзаң тисін
Әумин!
Қазыбек би:
Өркенің өссін десең, Қайғысы көшер басыңа.
Кекшіл болма Жанашыр жоқ жарлыға
Кесапаты тиер еліңе Жәрдемші бол асыға,
Елім өссін десең, Қиын- қыстау күндерде
Өршіл болма Өзі келер қасыңа.
Өскеніңді өшірерсің. Бүгін сағы сынды деп,
Басыңа іс түскен бақырға Жақыныңды басынба!
Қастық қылма
Көрініс
Автор :Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен:
Төле би:Бата- басқа, қына – тасқа,ақыл- жасқа, не қалайсың балам?
Автор :-депті.Сонда Жетес бала:
Бала Жетес:
О, қасетті баба! Ат берсеңіз, өліп қалады, тон берсеңіз,тозып қалады. Ат- тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір сөз айтсаңыз, соған ризамын ,
Автор :-депті.Онда қолыңды жай, балам, - деген Төле би:
Төле би:
Көп үйдің санасы бол!Өзіңе- өзің кәміл бол!
Бір елдің атасы болма, Халқыңа әділ бол!
Бар елдің данасы бол! Жауыңа қатал бол!
Бір тонның жағасы болма, Досың адал бол!
Автор:-деп бата беріпті.
«Үш бақытым» М. Мақатаев
Ең бірінші бақытым- Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей- кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты ?- десе біреу, - Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай- ақ кел дағы от ал менен.
«Біз қазақ – мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Басымыздан құт- береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз.
Дәм- тұзды ақтай білген елміз»
ІІІ.Қорытынды.
1 – жүргізуші:
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен – мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
2 – жүргізуші:
Біз қазақпыз есігі – ашық, төрі – кең,
Жылап өттік жылдар өмір өзегінен.
Жетер енді желпінейік қарайық,
Мына өмірге иелердің көзімен.
Ортаға қолдарына көк ту ұстап барлық қатысушылар шығады
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін Мұқатов Азамат( ата-ана) орындайды.
Мұғалімнің қолы_________
Әдіскердің қолы_________