Пәні: Қазақстан тарихы | Сынып: 7 «Б» | Мерзімі: 20.02 |
Тақырыбы: | Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек |
Мақсаты | Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы білу керек |
Күтілетін нәтиже | Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы аумағы мен қазақ хандары Керей мен Жәнібек туралы біледі. |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | 5 саусақ әдісі, өкіл әдісі, ерекше күйме әдісі, Венн диаграммасы |
Қолданылатын ресурстар | Интербелсенді тақта |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін. Оқушыларды Керей, Жәнібек хан етіп 2 топқа бөлемін. Топ ережесін еске түсіремін. 5 саусақ әдісі арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызамын. | Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. 3 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. Бір – бірінің жақсы мінездерін 5 саусаққа жазады |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Үй тапсырмасы | «Ерекше күйме» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді? Қазақ хандығы құрылуы қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасындағы талас-тартыс неден туды? Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына экономиканың дамуы қалай әсер етті? Қазақ хандығының құрылуына экономиканың дамуы қалай әсер еткен? Қазақ хандығы құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды? | Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар үлестіру | Берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру |
Білу, түсіну | Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру. Жеке, жуппен, топпен оқу. «Өкіл» әдісі | Тақырыпқа байланысты қысқаша мәлімет беру. Жеке, жұппен, топпен оқуға байланысты мәтіндерді көрсету. | Тақырыпқа байланысты жаңа мәліметті тыңдау, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау |
Қолдану | Картамен, кестемен жұмыс. Білгендерін постерге түсіру | Ортаға бірнеше тапсырма беремін. Тәжірибенің орындалуын, сапалық нәтижесін айтамын. | Оқушылар суретпен арнайы ресурстармен жұмыс жасайды, түсіндіреді, көзбен көреді. Постермен айтады |
Сергіту сәті | «Қыдырып қайтайық» атты жаттығу жасау | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | Венн диаграммасы 1-топ: Керей мен Жәнібек және Н.Назарбаев 2-топ: Қазақ хандығы мен Қазақстан Республикасы | 2-топқа тапсырмаларды таныстыру, ақ қағаздар үлестіру | Берілген тапсырма бойынша Венн диаграммасын сызу |
Жинақтау | Тақырыпқа байланысты тест тапсырмасы 1.XV ғ.басында Әбілқайыр кімдерден жеңіліске ұшырады А)орыс әскерінен Ә)қытайлардан Б)моғол хандығынан В)ойраттардан 2.Моғолстан ханы кім еді А)Мұхаммед Шайбани Ә) Әмір Темір Б) Ұбайдаллах В) Есен-бұға 3. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды А) Әл-Марвизи Ә) Идриси Б) Мұхаммед Хайдар Дулати В) Рашид ад-Дин 4. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі А) Моғол хандығы Ә) Хиуа хандығы Б) Ойрат елі В) Орыстар 5. Керей мен Жәнібек Қозыбасыда Қазақ хандығын қай жылы құрды А) 1464-65 Ә) 1465-66 Б) 1466-67 В) 1456-57 | Тақырып бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа тест тапсырмалары тапсырылады | Тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындайды. |
Бағалау | Критерилері: Үй тапсырмасы бойынша; Мәтінді талдау; Жеке, жұппен, топпен оқу. Салыстыру жұмысы Тест тапсырмасы | Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын. | Өзін өзі топпн бағалайды Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Тақтаға шығып топқа баға береді. Ал қасындағылардың бағаларын ауызша айтады. |
Рефлексия | Стикерлер таратылады. 1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Сабақтан алған әсерім? 3.Бүгінгі көңіл-күйім? | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |