«Қазақстан жалауы» аттты Тәуелсіздік мерекесіне орай
ересек тобына арналған сценарий.
Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншілікті дамыту,патриоттық сезімді ояту, мерекелік көңіл күйді сыйлай білге үйрету.
Кейіпкерлер:
Жүргізуші
Желаяқ
Мерген
(Балалар залға қолдарында ұстаған жалаушалармен, марш екпіндегі бимен кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, сүйікті балалар! «Қазақстан жалауы» атты мерекелік ойын-сауығымызға хош келіпсіздер! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл болды. «Елу жылда ел жаңа» демекші, 25 жылда да біраз өзгерістер болды, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің бүлдіршіндері үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды.
Құрметті меймандар, бүгінгі салтанатты мерекемізді еліміздің Ән ұранынан бастайық.
♫ (Әнұран)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, Тәуелсіз елеміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылуға аяқ басты. Аспанымыз ащық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа жетеміз деген сенімдеміз.
Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір демін
Рухын ұлттық өсіпті, өлместей боп.
Көк байрағың төбемнен көрінген күн.
1-бала: Елдігімнің –реңі,
Теңдігімнің -тірегі
Мүдесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым- арай таңым!
2- бала: Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
3-бала:
Жұпар самал бұйраланған көп белең,
Далам менің еңбігіммен көктеген.
Қызғалдақтың алаулаған отттары,
Туған жерді жалғап жатыр көк белең.
4- бала:
Сүйем сені қасиетті мекенім,
Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.
Сенде ғана көтерілем биікке,
Сенде ғана арманыма жетемін!
5-бала:
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы отан аясында
Жадырайды сәніміз!
6-бала
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн
Ән: «Он алтыншы желтоқсан»
(Ортаға «Жеті алып» ертегісінен Желаяқ келеді)
Жүргізуші: Біздің мерекемізге қонақтар да асығып келеді. Алдымен қонақтарды қарсы алайық. «Жеті алып» ертегісінен Желаяқ келе жатыр.
Желаяқ: Мен «Жеті алып» ертегісінен келген Желаяқпын. Аяғым жүгіргісі келіп, тыным таппайды. Бір жерде тұра алмаған соң, аяғыма қазандай тас байлап едім, соған қарамастан араларыңа жылдам жеттім.
Жүр: Желаяқ жүгіре , жүгіре шаршаған боларсыз, отырыңыз, төрлетіңіз, демалыңыз. Көрмейсіз бе біздің балалардың жүздері жарқын, неге десеңіз бүгін біз Тәуелсіздік мерекесін тойлаудамыз. Мерекеге арнайы біздің қыздарымыз би дайындапты.
Би «Шашу» (қыздар)
Желаяқ: Тамаша, бұл неткен ғажап мереке. Маған сендердің билерің ұнады. Бірақ Тәуелсіздік деген не? Ол нені білдіреді?
Жүр: Желаяқ қазір біздің балалар саған Тәуелсіздік туралы түсіндіріп береді.
6-бала:
Жұпар самал бұйраланған көп белең,
Далам менің еңбегіммен көктеген.
Қызғалдақтың алаулаған отттары,
Туған жерді жалғап жатыр көк белең.
7-бала:
Отанды жас кәрімізде
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Туып өмір сүреміз
8-бала:
Отан халық жүрегі
Әр кеудеде тұр ұрып
Анаң болып күледі
Келе жатсаң жүгіріп
9-бала:
Жастан сүйіп аңсаған
Тәтті күй мен кәусәр ән
Ол біздің Қазақстан
10-бала:
Шаңырағым Отаным
Содан мәңгі от алдым
Таңы болып атамын
Күні болып батамын
Ән «Елтаңбасы елімнің»
Желаяқ: Қандай керемет ән айтасыңдар! Рахмет балалар мен енді Тәуелсіздік мерекесі туралы білетін болдым! Ой аяғым шыдатпай бара жатыр . Сау болыңдар балалар! Мерекелерің құтты болсын!
(Желаяқ залдар шығып кетеді)
Жүр: Балалар мынау кімнің жебесі болды екен? А-а бұл мергеннің садағының жебесі ғой.
(Залға Мерген кіреді)
Мерген: Сәлеметсіздер ме? Балалар, менің жебем сіздерге қарай ұшып кетті: Бұл не думан?
Жүр: Біздің балабақшада той болып жатыр дәл келдініз, егемендік алған қуанышты той, Тәуелсіздік мерекесі өтіп жатыр, төрлет мерген, қонақ бол. Сен қалай мерген атандың, соны атшы.?
Мерген: Мен кішкене кезімнен асық атып жүріп, мерген атандым.
Ойын «Арқан тарту» «Асық ату»
Мерген: Ал маған енді айтыңдаршы Тәуелсіздік деген не ? оны қалай түсінуге болады?
Жүр: Мерген аға сізге оны біздің балалар түсіндіріп береді.
11-бала:
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем
12-бала:
Туған жерде толамыз
Ертен жігіт боламыз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз
13-бала:
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне біздер қандаймыз
Ән «Елімнің ертеңгі иесі біз»
Мерген: Тамаша балалар, мен Қазақ жерінде көп ұлттар мекендейтінін білдім. Сендермен сондай көңілді, ал күш сынасуға қалай қарайсыңдар? Келіңдер ойын ойнайық!
Ойын «Қыз қуу»
Мерген: Балалар мен сендермен қоштасқым келмейді бірақ, мен тағы бір жебемді іздеп табуым керек. Сау болыңдар балалар! Мерекелерің құтты болсын!
(Мерген залдан шығып кетеді)
Жүр: Міне, біздің қонақтарымыз да кетіп қалды, ал біз болсақ мерекемізді әнмен жалғастырайық.
Би «Достық биі »
Жүр: Ал балалар осымен біздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекеміз аяқталды.
Мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық денімізсау болып, осы отырған бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалай отырайық! Сау болыңыздар!