СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қазақстанның ежелгі қалалары" қазақ тілінен сабақ жоспары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка урока по казахскому языку для 8 класса

Просмотр содержимого документа
«"Қазақстанның ежелгі қалалары" қазақ тілінен сабақ жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ежелгі қалалары.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстанның ежелгі қалалары туралы мағлұмат беру. 
Сабақтың міндеттері: 
- Өз бетінше жұмыс істеуге ықпал ету, шығармашылық белсенділігін дамыту; 
- Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, күрделі сөздер туралы мағлұмат беру, оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру; 
- Қисынды ойлау, еске сақтау қабілетін дамыту. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ 
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы 
Сабақтың әдістері: түсіндіру, мәнерлеп оқу, аударма, тіл дамыту, сұрақ-жауап 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті ActivBoard тақтасы, флипчарттар, кестелер 
Сабақтың тәрбиелік мәні: оқушыларды еліміздің ежелгі қалаларын білуге, өз үлестерін қосуға, мақтан етуге тәрбиелеу 
Пәнаралық байланыс: тарих, география 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру 
ІІІ. Жаңа сабақ
 :

Кіріспе сөз: бейнефильм қарау
1. Жаңа сөздермен танысу 
көшпенділерден бөлініп – отделившись от кочевников 
тұрақты қыстаулар – постоянное зимовье 
қолөнер – ремесленничество, кустарничество 
жазба деректерде – в письменных источниках 
өркендеуі - развитие 
2. Бейнефильм бойынша талдау, мазмұнын ашу, ассоцияция құру
3. Сұрақтарға жауап беру
 
1) Әлемнің қандай көне қалаларын білесіңдер? 
2) Еліміздегі көне қалалардың бірі Түркістан туралы не айтасыңдар? 
3) Өзіңе таңдау берсе, қай қалаға барар едің? 
4. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру
1. Ырыс алды – ынтымақ 
2. Байлық байлық емес – бірлік байлық 
3. Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар 
4. Бірлік бар жерде тірлік бар 
IV. Грамматикалық тақырып 
Күрделі сөздердің емлесі 
Күрделі сөздер екі немесе одан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б. 
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: бірікен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер. 
Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы:көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б. 
Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек 
Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: Машина-трактор станциясы деген МТС болып, Америка Құрама Штаттары деген АКШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген Б¥¥ болып, Қазақтың мемлекеттік университеті деген ҚазМУ болып кысқарып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді. 
Тіркесті сөз - екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі. 
V. Тапсырмалар
Тапсырма №1. Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден жасалғанын және олардың мағыналарын түсіндіріңдер
Күркетауық, әлдебір, қосаяқ, темірқазық, егеуқұйрық, итмұрын, ақсүйек, көкжөтел, еңбекақы, қолбасшы, әрбіреу, баспасөз 
Мысалы: соқырішек – соқыр және ішек сөздерінен жасалған, аурудың түрі 
Тапсырма №2. Берілген күрделі сөздермен сөйлем құрастырып жазыңдар.
Жанкүйер, атқамінер, жаратылыстану, ешқашан, саңырауқұлақ, кәсіпорын. 
VІ. Оқушылардың білімін бағалау. Қорытындылау 
VІІ. Рефлексия 
VІІІ. Үйге тапсырма.
Қазақстанның көне қалаларының біріне презентация жасау