СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі 5 класс

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-сыныпқа арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: "Дене мүшелері" 

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі 5 класс»

Қазақ тілі 5 «Б» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: «Адамның дене мүшелері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөздік қорларын молайту, сөйлем құрастыру дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсатта әңгімелер жүргізу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме

Сабақтың көрнекілігі: : кеспе қағаздары, презентация, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Амандасу

Түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру (7 мин)

Парта үстінде гүлдің күлшелері тұрады. Ол күлшелерде сұрақтар жазылған. Оқушылар бір-бірлеп шығып, сұраққа жауап беру арқылы гүл жасайды

  1. Қандай спорт түрлері бар?

  2. Бокс үйірмесіне кімдер қатыса алады?

  3. 22-қыркүйектен бастап қандай үйірме ашылды?

  4. Бокс қандай мектеп?

  5. Ақ қағазға жазылған хабарландыруды қайда іледі?









ІІІ Жаңа сабақ

Топқа бөлу. (3 мин.)

(Адамның дене мүшелерінің кескіндерімен топқа бөлу)

  • Балалар, біз қандай кескіндермен топқа бөліндік?

  • Алдарыңыздағы көріністен не көріп тұрсыздар?

(Балалар слайдтағы суретпен жұмыс жүргізеді, жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады)


Сергіту сәті. Интерактивті тақтада жай әуенмен керемет гүлдердің суреттері көрсетіледі. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, өз көңіл күйлерін айтқызып, сабақты гүлмен ашамыз.


Сөздікпен жұмыс (7 мин)

Қол-рука

Аяқ-нога

Тізе-колена

Шынтақ-локоть

Іш-живот

Иық-плечо

Маңдай-лоб

  • Мұғалім оқиды, оқушылар тыңдайды

  • Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды

  • Оқушылар сөз тіркесін құрайды

Мұғалім оқушыларды жемістер арқылы бағалайды. Тақтада ағаш және алмұрт, алма, лимон ілулі тұрады.

Лимон-3

Алмұрт-4

Алма-5

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аяқтаңыз (3 мин.)

1-топ

  1. Адамдар баспен .......................................

  2. Көзбен ......................................................

  3. Мұрынмен ...............................................

  4. Құлақпен .................................................

2-топ

  1. Ауызбен ..................................................

  2. Тілмен ......................................................

  3. Аяқпен .....................................................

  4. Қолмен ....................................................

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Екі топқа ақ беттен беріледі. Әр топ сұраққа жазбаша жауап береді.

1-топ. Көзбен көруге болмайтын мүшелерді атап беріңіз

2-топ. Көзбен көруге болатын дене мүшелерін атап беріңіз

3-тапсырма. «Құрастыр» ойыны (7 мин.)

(Адамның дене мүшелерін қиып-қиып беріледі, оқушылар қағазға дұрыс жабыстырып, тақтаға шығып қорғайды)

IV Сабақты қорыту. Сөзжұмбақ



Д

Е

Н

Е

1.Лоб

2.Подбородок

3.Локоть

4.Колена

М

Ү

Ш

Е

Л

Е

Р

І

1.Шея

2.Сердце

3. Волосы

4.Губы

5.Поясница

6.Кишечник

7.Почки



V Рефлексия. Оқушыларға стикер таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.

VI Бағалау. Оқушылар өз-өздерін бағалайды

VII Үй тапсырмасы: сөздікті жаттау, 157-бет 5-тапсырма