Сөздік жұмысы. Жаңа сөздер: кездесуге шақыру, кеше, бүгін, ертең. Сөздерді сөздік дәптеріне аудармасын жазады. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. 1-тапсырма. Үлгіге қарап, сөйлемдерді толықтырып айт. Үлгі: Кеше сейсенбі, бүгін сәрсенбі, ертең бейсенбі, бүрсігүні жұма. Кеше дүйсенбі, бүгін..., ертең..., бүрсігүні... . Кеше ..., бүгін дүйсенбі, ертең ..., бүрсігүні... . Кеше..., бүгін ..., ертең дүйсенбі, бүрсігүні... . Кеше..., бүгін ..., ертең ..., бүрсігүні дүйсенбі. 2-тапсырма. « Қашан?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз. Сөйлем құра. Бүгін, кеш, таңғы ас, түстен кейін, жеңіл, түске дейін, ұқыпты, кешке дейін, қиын, ертең, бүрсігүні, пайдалы, кеше, жазда, қыс, қысқа, көктемде. 33-тапсырма. «Кім жылдам» ойыны. Сурет бойынша сұраққа жауап бер. Сұраққа кім бірінші болып жауап берсе, сол жеңімпаз атанады. —Бәйшешек қашан гүлдейді? —Жапырақ қашан сарғаяды? —Тосапты қашан қайнатады? —Құстар қашан ұшып келеді? —Оқушылар қашан мектепке барады? —Ай қашан көрінеді? —Наурызтойы қашан болады? —Қар қашан жауады? —Шыршаны қашан безендіреді? 4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Біз биыл ауылдан Алматы қаласына көшіп келдік. Қаладағы М.Мақатаев атындағы №146 мектептің бесінші сыныбына қабылдандым. Сыныптағы оқушылармен тез тіл табысып кеттім. Бірақ мен ауылды,сыныптастарымды, әсіресе досым Азаматты қатты сағындым. Біз ауылда Азаматпен көрші тұрдық. Ата-аналарымыз да жақсы араласып тұрды. Азамат екеуміз телефон арқылы сөйлесіп тұрдық. Оқу жылы да аяқталды. Кеше Азамат маған қоңырау шалды. Ол ертең әкесімен қалаға келетінін айтты. Мен досымды бүрсігүнге кездесуге шақырдым. Ол келісті. Әкесі де қарсы болған жоқ. Азамат циркті ұнатады. Ертең досым екеуміз циркке барамыз. 5-тапсырма. Мәтіндегі бес сөйлемге үлгі бойынша бірнеше сұрақ қой. Үлгі: Биыл біз ауылдан Алматы қаласына көшіп келдік. 1. Қашан біз Алматы қаласына көшіп келдік? 2. Биыл кім Алматы қаласына көшіп келді? 3. Биыл біз қайда көшіп келдік? 4. Биыл біз қайдан Алматы қаласына көшіп келдік? 6-тапсырма. Сұраққа жауап беріп, сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтыр. Мен ... (қашан?) кинотеатрға бардым. Біз ... (қашан?) мұражайға барамыз. Олар ...(қашан?) кітапханаға барады. Сендер ... (қашан?) саяжайға барасыңдар. Сен ... (қашан?) аквапаркке барасың. Топпен жұмыс.Оқушыларды қатар бойынша үш топқа бөлу. Ой-өрістерін дамыту үшін «Автор орындығы» тәсілін пайдаланып, әртүрлі жағдаяттарда ұялы телефонды қалай қолдануға болатыны жайлы шағын мәтін құрастыру. «Автор орындығы» тәсілі бойынша әр сөзді кезекпен сөз қосып жалғастыра береді. Соңында әр топ тақырыпқа қатысты толық мәтін құрап айтады. І топ — Мектепте; ІІ топ — Автобуста; ІІІ топ — Үйде. Формативті бағалау. Мұғалім оқушылар- дың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. Диалог құру |