СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мақсатына тапсырма арқылы жеттім. Тапсырмалар бір- бірімен байланысты, оқу мақсатын ашуға негізделген. Жоспарланған саралау  тапсырмалар оқушыларға тиімді болды. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс істеді. 

Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарымда дескрипторлар қолдандым. Мен жоспарыма өзгеріс енгізбедім, өйткені сабақ жақсы деңгейде өтті. барысында ешқандай ауытқулар байқалмады.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары»



Пәні: қазақ тілі

Мектеп: Астана каласы, №14 мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Капанова Марьям Есентаевна

СЫНЫП: 5

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Судың пайдасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.А6 Тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияны сипаттау.

5.О6 Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарастарын білдіру.

5.ТБ1.3 сан есім(бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

сан есімдерді тауып, түрлерін ажырата біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • иллюстрацияларды сипаттайды, көзқарастарын білдіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді, сан есімдерді табады, иллюстрацияны сипаттайды, көзқарастарын білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Шипажай , ауыз су, тұщы су, тіршілік , жарамды, адам құрамы, жаз мезгілі, үйде де суды пайдаланамыз

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:




  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған сұрақтар:

Су қандай болады?

Судың қандай қасиеттері бар?

Ащы суды пайдаланамыз ба?

Судың пайдасы қандай?

Не себепті …. деп ойлайсыз?


Алдыңғы оқу:

Судың маңызын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

10 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу.

Психологиялық ахуал туғызу.

«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік білдіреді: «Бүгінгі күнің сәтті болсын!», «Жақсы баға алуыңа тілектеспін!», «Жүзіңнен күлкі кетпесін!», т.б.



Үй жұмысын тексеру.

МК) (Ө) «Кофе араластырғыш таяқшалар» әдісімен сұрақтарға жауап береді.



Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жаңбырдың тырсылы» тақырыбына сурет арқылы оқушылар жаңбырдың қалай жауып жатқанын анықтайды.














Оқушылардың аттары жазылған таяқшалар







суреттер

Ортасы


30 минут


Сабақтың мақсатымен таныстыру. - Бүгінгі сабақта жұппен жұмыс арқылы суреттермен, мәтінмен жұмыс жасаймыз, судың пайдасы қандай екенін түсіндіреміз.

Бейнефильм көрсету.

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақ қою.

  • Бейнефильмнен не байқадыңдар?

  • Судың қандай қасиеттері бар?

  • Сусыз өмір сүруге бола ма?

  • Қалай ойлайсыңдар?

Қалыптастырушы бағалау.

«Үш шапалақ»


Топқа бөлу. Түрлі стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы суреттермен жұмыс.

Оқылым алды тапсырма: 1.Әр оқушы суреттермен танысады, жұпта белсенді оқытудың айту, көрсету, түсіндіру және сипаттау түрлерін қолдана отырып, иллюстрацияны сипаттап, қазіргі кездегі көтеріліп отырған су мәселесі бойынша ауыз су, шипажай туралы әңгімелету, шағын топтарда сурет бойынша «Адам құрамында да су бар», «Табиғаттағы су айналымы жаратылыстану пәнінен таныс», «Үйде де суды пайдаланамыз ( шай, ыдыс жуу, жуыну т.б.)», «Жаз мезгілінде шомылуға өзен, көлге барамыз» деген тақырыптарды ашады.

Тірек сөздер: шипажай , ауыз су, тұщы су, тіршілік , табиғат, жарамды, адам құрамы, жаз мезгілі, үйде де суды пайдаланамыз




Сурет бойынша жұмыста жақсы қатысқан оқушыларды «Жұлдызшалар» арқылы бағалау.





Сергіту сәті

«Жаңбырдың тарсылы» керісінше сурет бойынша қимылдарды өздеріне жасатамын.

ТКО (тыңдау- көру- орындау) әдісі.

  • Тыңдау.

- Мәтінді оқимын (мұғалімнің өзі оқиды). Оқушылар мұқият тыңдайды.

Cу - тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды.

Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп.

Су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен.

Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады.


- Көру






  • Орындау

  • Мәтіннен сан есімдерді тауып, атайды, ережесін еске түсіреді. Оқушылар сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын біледі, орынды қолданады.


Бағалау: Қ.Б: «Екі жұлдыз , бір тілек»



-«Дара диаграмма» әдісі арқылы сабақтағы мәліметтерді жинақтап, көзқарастарын білдіреді.


Қалыптастырушы бағалау.

Өзара бағалау «Смайликтер».


Дескриптор Білім алушы.

  • Сан есімдерді анықтап, атауларын білдіреді.

  • Мәтінде сипаттауда сан есімдерді дұрыс қолданады.

  • Мәтіннен түсінгендерін дара диаграммасы арқылы. көрсетеді.

Кері байланыс

1. Тапсырмаларды орындай алдыңыз ба?

2. Оларды орындау оңай/ қиын болды ма?





https://www.youtube.com/watch?v=

3_ZQDr_tugg




бейнефильм


























Суреттер








































Су, стақан




















(Графикалық органайзер)















Соңы

5 минут







Рефлексия.

«Бағдаршам» арқылы мұғалім кез келген оқушылардың көтерген түстеріне қатысты пікірлерін сұрайды.

«Бүгінгі жұмысымды қалай бағалаймын?»

Жасыл- мен сабақта өте белсенді жұмыс жасадым.

Сары- тапсырма маған қиын болды, бірақ мен орындадым.

Қызыл- маған көмек қажет.


Үйге тапсырма:

Су туралы мақалдар, жаңа сөздерді жаттау.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

  • Оқушылардың білім деңгейін ескере отырып, мен мына тапсырмаларды саралай отырып ұйымдастырдым. Мәтінмен жұмыс, суреттер арқылы сипаттау, мәтіннен түсінгендерін дара диаграмма арқылы тақырыпты анықтады. Жұппен жұмыс жүргізілерде қабілеті жоғары оқушылармен, қабілеті төмен оқушыларды бірге отырғыздым. Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтар қояды,сөздердің мағынасын түсіндіреді, мәтінді мазмұндайды.

Сабақтың басында, ортасында, соңында тиімді қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдандым. Кері байланыс, бірін-бірі бағалау, бағдаршам, жұлдызшалар, үш шапалақ, смайликтер арқылы оқушылардың уәж, ынтасын, назарын шоғырландырып отырдым.

  • Жаратылыстану, математика.

  • Бейнефильм, слайд.

  • Судың пайдасын түсіне отыра, ауыз судың тазалығын сақтап, қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Сабақ мақсатына тапсырма арқылы жеттім. Тапсырмалар бір- бірімен байланысты, оқу мақсатын ашуға негізделген. Жоспарланған саралау тапсырмалар оқушыларға тиімді болды. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс істеді. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарымда дескрипторлар қолдандым. Мен жоспарыма өзгеріс енгізбедім, өйткені сабақ Сабақ жақсы деңгейде өтті. барысында ешқандай ауытқулар байқалмады.


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Сабақ мақсатына тапсырма арқылы жеттім. Тапсырмалар бір- бірімен байланысты, оқу мақсатын ашуға негізделген. Жоспарланған саралау тапсырмалар оқушыларға тиімді болды. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс істеді.

Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарымда дескрипторлар қолдандым. Мен жоспарыма өзгеріс енгізбедім, өйткені сабақ Сабақ жақсы деңгейде өтті. барысында ешқандай ауытқулар байқалмады.






Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Топпен жұмыс

2:Жұппен жұмыс


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Алдыңғы оқу кезінде оқушылар өткен тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсете білді. «Көфе араластырғыш таяқшалар» арқылы дұрыс жауап берді. Оқушыларды жұлдызшылар, смайликтер, үш шапалақ арқылы мадақтап, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын ояттым.

2:Тиімді әдіс-тәсілдер мақсатқа жетуге ықпал етті.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?


1: Сабақ барысында мен барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.

2: