Күні: 27.11. Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру.
1.Білімділігі:сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылығы: сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3.Тәрбиелігі: өзара құрмет сезімін тудыру, басқаның пікірін сыйлауға, әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топтық жұмыс, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кеспе қағаздар, «Құпия сөз», тиындар, жинақ қоры, рәміздер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Қонақ күту салтымыз,
Оқып – біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз – дей отырып, бүгінгі сабаққа қонақтар қатысып отырғанын, өз білімдерін қонақтарға көрсете білулері керек екенін ескертемін.
ІІ. Қызығушылығын ояту:
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу. Оқушылар, менің қолымдағы қоржынның ішінде кеспе қағаздар бар. «Каспий банк», «Халық банк», «Казком банк», «Еуразиялық банк» суреттер бар. Сол суреттерді келіп, әрқайсысының бір-бірден аласыңдар. Енді сол суреттер бойынша топқа бөлінесіңдер.
Оқушылар бөлінген топтарға «Каспий банк», «Халық банк», «Казком банк», «Еуразиялық банк» деп топқа ат берілген әр топтың жинақ қоры мен теңгесі бар. Осы атауларды естігенде ойларыңа не келді? Сендердің ата-аналарың осы банктерге ақша салады, ақша шешіп алады, алыстағы апа, ағаларына банктер арқылы есеп шотына ақша салып жібереді.
Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады ?
Теңге.
Олай болса, бүгін мен сендердің банк басшысы боламын. Сендер банк тұтынушылары боласыңдар.
1 тапсырма Ұяшық таңдау.
І-кезең: Үй тапсырмасын тексеру:
Кіріспе: 1. Сөз не үшін керек?
2. Сөз неден құралады?
3. Мағынасы бір-біріне жуық сөздерді ата.
4. Мысал келтіру.
5. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ата.
6. Мысал келтіру.
7. Айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді ата.
8. Мысал келтіру.
Үй тапрсырмасын қорытындылау.
Сонымен, Әдемі, сұлу, көркем, ару – (мағынасы бір-біріне жуық)
Биік-аласа, жақсы-жаман, ақ-қара, лас-таза – (мағынасы қарама-қарсы сөздер).
Жаз келді. Әңгіме жаз. Әдемі үй. Топырақты үй. Жаз, үй сөздері – (айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер).
ІІ кезең. Тұсау кесер.
Жаңа сабақ. 2 тапсырма. Жұмбақ шешу.
Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз). Жауапқа байланысты сұрақ қою.
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (үтір)
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр. (сұрақ белгісі)
Қадалды бір ине.
Нүктедей түймеге. (леп белгісі).
Көркем жазу.
Ее Ее Ее Ее
Ерасыл егеумен егеді.
Сергіту сәті:
Би билегім келеді.
Бірақ қалай бастайын.
Бір оңға, бір солға
Өзімді өзім айнала.
Бас аяқты топ-топ-топ
Шапалақта хоп-хоп-хоп.
Бір оңға, бір солға
Өзімді өзім айнала.
Мәндес сөздер.
Мәндес сөздер дегеніміз не?
Айтылуы, жазылуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздер.
мағынасы жақын кемінде екі сөзден
Мәндес сөздер
сөйлемнің бір-ақ бір сөз табынан
мүшесі
Тәуелсіздік – қазақ үшін ең қастерлі, қасиетті, киелі сөздің бірі.
3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Қарашаның жиырма жетісі.
Сынып жұмысы.
Оқулықтың 90-бетіндегі 1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, мәндес сөздерді табу.
Тақтамен жұмыс.
2-жаттығу. Жақшаның ішіндегі сөздердің тиістісін көп нүктенің орнына қойып жазу.
4-тапсырма. Құпия сөзді табу.
2 әріп тастай отырып, 3-әріптерді оқи отыра құпия сөзді табайық.
Құпия сөз – «Тәуелсіздік күні».
Тәуелсіздік деген сөзді айтқандаесімізге не түседі?
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным, Бірлігі Жарасқан мемлекетпіз.
5-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: «Жалғасын тап».
Атақты, ..... (әйгілі)
Батыр, .... (ержүрек, батыл)
Ақылды, ... (дана, ойшыл)
Әділетті, .... (шыншыл, адал)
Талапты, .... (ынталы, ниетті)
Тайғанау, .... (сырғанақ, сырғу)
Мейрам, .... (мереке, думан)
Сенді, .... (нанды, иланды)
6-тапсырма. Ой толғау. Кеспе қағазбен жұмыс.
Мәндес сөздер сөздер | қызмет | момын | нәрсе |
Жуас | | | |
Зат | | | |
жұмыс | | | |
Мәндес сөздер сөздер | мейрам | иілу | Асыра сілтеу |
Майысу | | | |
Мереке | | | |
Қосып айту | | | |
Мәндес сөздер сөздер | арман | әзіл | шолақ |
Қалжың | | | |
Мақсат | | | |
Қысқа | | | |
Мәндес сөздер сөздер | өжет | дәулет | сәби |
Байлық | | | |
Бала | | | |
Батыл | | | |
7-тапсырма. Ойын. «Қас қағым сәтте». Жылдамдық танытып, жауаптың бас әрпі бірдей әріп болуы керек.
«Халық банкі» тобына: жауап «А» әрпінен басталуы керек.
Қазіргі астана – Астана.
Қарт адам-Ата
Математикалық амал- алу.
«Қара» сөзіне қарсы сөз – ақ.
«Еуразиялық банкі» тобына: жауап «Қ» әрпінен басталуы керек.
Атақты күйші- Құрманғазы.
Ұлт-қазақ.
Жылқының сүті-қымыз.
Музыкалық аспап- қобыз.
«Казком банкі» тобына: жауап «Т» әрпінен басталуы керек.
Үй құсы – тауық.
Техника атауы-трактор.
45-ке 45-ті қосқанда неше шығады? - тоқсан
Жылқының түрі - тай
«Каспий банкі» тобына: жауап «С» әрпінен басталуы керек.
Сұйық зат – су.
Қыздың аты- Сара.
Адамның мінезі – сыпайы.
Тағатын бұйым – сырға.
Сабақты қорытындылау:
Оқушылар, сонымен айтылуы, жазылуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздерге мысал келтірейік.
Бұл сөздерді бір сөзбен «синонимдер» дейміз.
Бағалау:
Өздеріңнің жинақ қорларыңдағы ақшаларыңды санайсыңдар. Нәтижесіне қарап бағалау.
Үйге тапсырма: 91 – беттегі, 4- жаттығу.
Есет батыр атындағы мектеп бақша
Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Дайындаған: Есетова А.С.
Сыныбы: 4 «А»
2015 ж.
Мәндес сөздер сөздер | қызмет | момын | нәрсе |
Жуас | | | |
Зат | | | |
жұмыс | | | |
Мәндес сөздер сөздер | мейрам | иілу | Асыра сілтеу |
Майысу | | | |
Мереке | | | |
Қосып айту | | | |
Мәндес сөздер сөздер | арман | әзіл | шолақ |
Қалжың | | | |
Мақсат | | | |
Қысқа | | | |
Мәндес сөздер сөздер | өжет | дәулет | сәби |
Байлық | | | |
Бала | | | |
Батыл | | | |
Сөз не үшін керек?
Сөз неден құралады?
10 теңге
Мағынасы бір-біріне жуық сөздерді ата.
Мысал келтіру.
10 теңге
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ата.
Мысал келтіру.
Айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді ата.
Мысал келтіру.