СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ ұлт зиялыларының өмірі, қоғамдық қызметі, тарихтағы орны

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік: келешек жастардың саналы болып өсуіне, Алаш зиялыларының уағыздаған ұлттық құндылықтарды өз бойларына сіңіре білуге тәрбиеленеді, сол арқылы рухани қажеттілігін жетілдіреді, туған елінің, өз ұлтының өзіндік ерекшеліктерін үйренеді,  қастерлей  білетін, білімді,   салауатты  оқушы  болуға  тәрбиеленеді. Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиеленеді.

2.Білімділік: Қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылығы бойынша өз ізденістері арқылы  алған білімдерін толықтырады, олардың  қазақ тілі мен әдебиеті тарихында алатын орнын,  маңызын таниды,  сатылай талдау арқылы қазақ зиялыларының еңбектерін саралай алуға дағдыланады, олар айтқан нақыл сөздерді синтаксистік,  морфологиялық тұрғыдан сатылай кешенді талдау арқылы білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгеріп, ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтанады.

 3.Дамытушылық: ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен  орындай білуге дағдыланады, өз пікірін сенімді  әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады, таным белсенділігі артады, тіл байлығы дамиды.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ ұлт зиялыларының өмірі, қоғамдық қызметі, тарихтағы орны»

5 «Б»сынып

Күні:

Кіріктірілген сабақ.

Пәні: СКТ тарих, әдебиет, қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлт зиялыларының өмірі, қоғамдық қызметі, тарихтағы орны

Сабақтың мақсаттары:

1.Тәрбиелік: келешек жастардың саналы болып өсуіне, Алаш зиялыларының уағыздаған ұлттық құндылықтарды өз бойларына сіңіре білуге тәрбиеленеді, сол арқылы рухани қажеттілігін жетілдіреді, туған елінің, өз ұлтының өзіндік ерекшеліктерін үйренеді, қастерлей білетін, білімді, салауатты оқушы болуға тәрбиеленеді. Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиеленеді.

2.Білімділік: Қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылығы бойынша өз ізденістері арқылы алған білімдерін толықтырады, олардың қазақ тілі мен әдебиеті тарихында алатын орнын,  маңызын таниды, сатылай талдау арқылы қазақ зиялыларының еңбектерін саралай алуға дағдыланады, олар айтқан нақыл сөздерді синтаксистік, морфологиялық тұрғыдан сатылай кешенді талдау арқылы білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгеріп, ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтанады.

3.Дамытушылық: ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындай білуге дағдыланады, өз пікірін сенімді  әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады, таным белсенділігі артады, тіл байлығы дамиды.

Сабақтың технологиясы: Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы»

 Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері: сатылай талдау, жинақтау, зерттеушілік әңгіме, ой қозғау, дебаттық әңгіме.

 Оқытуды басқару және көшбасшылық: топтық жұмыстар шеңберінде.

Дарынды балаларды оқыту: сатылай талдаудың шығармашылық тапсырмалары арқылы ойтолғау.

Сабақтың типі: зерттеу сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс.

Қажетті қосымша құралдар:

Интербелсенді тақта, топ идеясын қорғауға қолданылатын құралдар (түрлі түсті маркерлер, А-3 қағаздары, стикер, үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд презентация.















Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • оқушылармен сәлемдесу

  • түгендеу

  • оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу

  • оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Ойқозғау.

(Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін интербелсенді тақтадан Алаш арыстары туралы бейне сюжет көрсетіледі. Сол тұлғаларды тану арқылы бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын ашамыз).

Слайд-видео көрсетіледі.

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық - саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптас-ты. Олар: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов және т.б.
Алдын - ала берілген үй тапсырмасы ретінде оқушыларға Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов өмірі, білімі, қызметі, тарихтағы орны туралы сатылай кешенді талдау тапсырылды.

Ендеше, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын, «Ханталапай» әдісі бойынша сатыға бөлініп алайық. Ол үшін мен сіздерге ойынның шартын түсіндіріп өтейін.

Ойынның шарты:

Әр топтың басшысына бір-бір қоржыннан беремін. Мен «Талапай –ау, талапай, табылды ойын алақай» деп айтқан кезде топ басшылары қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Әр асық нөмірленген, сол өздеріңіз алған нөмірленген асықтар бойынша сатыға бөлінеміз. Дайындалуға 3 минут уақыт беріледі.

(оқушылар дайындалып болған соң, тақтаға шығып, саты бойынша талдап береді).

Сонау XX ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен осы тұлғалардың еңбектері қазіргі таңда тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан әр қазақ баласының санасына сіңірілген аяулы есімдер. Бұл – санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. Ендеше, осы ары қарай әдеби жағынан қарастыру үшін, сабағымызды әдебиет пәніне береміз.

Әдебиет-өмір айнасы. Талдау табыс кепілі.

-Ия,балалар , Қ.Мырза-Әлі атамыздың сөзімен айтсақ,

«Өзің ойлан,өзің тап,өзің ізден,

Деген ақыл оқимын көзіңізден, - олай болса, балалар,

бүгінгі күннің тапсырмаларының барлығы қазақтың қазына –байлығын жинайтын алтын сандығында болмақ! Ол –қазына байлық білім, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек.»


«Алтын сандық» 1- тапсырмасы: / Тапсырманы топ жетекшілері алып оқиды./

1. Нақыл сөз таңдап алып, бір сөзге диалог әдісі бойынша морфологиялық сатылай кешенді талдау жасап, топ атын қорғаңдар.


2. Сатылай кешенді талдау бойынша құрылған ашық тест тапсырмасын орындап, топ атын қорғаңдар.


3. Жартылай жазылған парақ әдісі бойынша ақын шығармашылығына сатылай кешенді талдау жүргізіп, топ атын қорғаңдар.


3 шапалақ



Сатылай кешенді талдау бойынша құрылған ашық тест тапсырмасын орындап, топ атын қорғаңдар.

Кім?



1.а)қазақтың аса көрнекті ағартушысы

неге?

неге?

неге?

неге?

ә) қазақтың аса көрнекті әншісі себебі,.........

б) қазақтың аса көрнекті суретшісі

’

2. а)драмашы

ә) ақын себебі,.........

б) режиссер



3. а) жазушы

ә) актер себебі,.........

б)жыршы


4. а) тарих зерттеуші, ғалым

ә) әдебиет зерттеуші, ғалым себебі,.........

б) жаратылыс зерттеуші, ғалым


5. Қаламгер туралы ойлар: «Оян, қазақ» сол кездегі қазақ зиялыларына да ұнады. Қазақ халқының да ойынан шықты. Сондай-ақ, дін адамдарының да көңілінен шықты. «Оян, қазақтың» елге ұнағаны соншалықты, кітапты мешіттер, молдалар елге таратты. Патша өкіметі кітап авторының соңына түсті. Ол кітапты оқуға тыйым салды» айтқан кім?

а)Ы.Алтынсарин

ә)М.Әуезов

б) Мәмбет Қойгелдиев.


6.Тәлім сөз – тәрбие құралы, қажетті нұсқаны тап:

Майда бол жігіт болсаң ---------, 
Жақсы емес қатты болу тікенектей. 
Ғылымын болса дағы ұшан-теңіз, 
Пайда жоқ өз халқыңа ----------. 


а) боз жібектей, қызмет етпей

ә) тал жібектей, қызмет етпей

б) тал жібектей, құрмет етпей



Жартылай жазылған парақ әдісі бойынша ақын шығармашылығына сатылай кешенді талдау жүргізіп, топ атын қорғаңдар.

1.Ұлттың ұлы ұстазы –кім?

2. Ағартушы – ұстаз, - неліктен ?’


3. Тілші-ғалым, - неліктен ?

’

4.Аудармашы, - неліктен ?


5.Ақын, - неліктен ?’


6. Ауыз –әдебиеті үлгілерін жинақтаушы, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,

- неліктен ?’


7.Қаламгер туралы ойлар: « »

8.Тәлім сөз –тәрбие құралы: « »











«Алтын сандық» 2- тапсырмасы: /Тапсырманы алып,топ жетекшілері оқиды/

1.Өздерің жинақтаған нақыл сөздер топтамасынан бір сөйлемге синтаксистік сатылай кешенді таллдау жасаңдар.



2.Ақындардың өлеңдер жинағынан

бір өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар.


3.«Ұйқасын тап» ойыны бойынша сатылай өлең құрастырыңдар.





-Кім қандай сатыға жауап беретіндігін анықтау үшін «теңге ілу» ойыны арқылы анықтаймыз. Бұл ойын атпен шауып келе жатып, теңге алу ойыны.

–Теңгені ілеміз! /Даярлануға 3минут/

Әр топ талдайтын сөйлемін, өлең атын А3 форматына жазып алып шығып қорғайды.

3 шапалақ


V. Қорытынды: Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы.

Ахмет Байтұрсынұлы