Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру
Тақырыбы: «Қоянға үй» құрастыру
Мақсаты:
- Білімділік: Заттарды тігінен, көлденеңінен орналастыруға және ойынағаннан соң материалдарды орнына ұқыпты жинауға үйрету білімдерін дамыту.
- Дамытушылық: зейін, ес секілді таным процестерін дамыту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру, шығармашылықтарын дамыту.
- Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Технология: Мантессори
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,үлгі
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер(ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы) суреттері
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
І. Ынталандыру кезеңі
|
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы күн апайлар!
- Балалар,көңіл- күйлерін қалай,?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
|
Шаттық шеңберін жасайды, тәрбиешімен бірге тақпақты жақсы көңіл күймен айтады.
Жақсы
Иә
|
Тосын сәт
|
/Топқа қоян тонып кіреді/
-Ой, балалар, бүгін бізге қонаққа не келді?
-Балалар қоянмен амандасайық.
|
Балалар амандасады.
Қоян
Балалар амандасады
|
ІІ. Ізденушілік кезеңі
Мантессори
Үлгі:
|
Қоян сіз неге тонып тұрсыз?
-Менің үйім сынып қалды. Далада тонып қалдым. -Сіздің қолыңызда не?
- Мен сендерге геометриялық пішіндер алып келдім.
Балалар, жылдың қай мезгілі? Дұрыс.
Күз мезгілінде күн суытады, жаңбыр жауады.
- Қоян тонып қалыпты, біз геометриялық пішіндерден үй құрастырып береміз бе?
Кәне, геометриялық пішіндерді тез-тез атайық.
  
|
Күз мезгілі
Иә
Балалар мұқият тыңдайды, тәрбиешінің көрсеткен пішіндердің атауын тез атайды. (Үшбұрыш,төртбұрыш,
шеңбер, шаршы).
|
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын : «Кім жылдам?»
|
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Шарты: Тәрбиеші пішіндер көрсетеді, балалар шапшандық танытып, пішіндерді атап шығады.
Бұл қандай пішін?
Оның түсі қандай?
Мынау қандай пішін?
Оның түсі қандай?
Ол неге ұқсайды?
Мынау қандай пішін?
Оның түсі қандай?
|
Бірге қайталап, қозғалыстарды орындайды.
Бұл пішін - ұшбұрыш
Түсі жасыл
Бұл пішін - шеңбер. Түсі қызыл. Ол допқа, көліктердің дөңгелектеріне ұқсайды.
Төртбұрыш. Бұл пішін үйдің қабырғасына ұқсайды.
|
Қорытынды
|
Қоян: Балалар, сендерге рахмет. Енді менің өз үйім бар. Сау болыңдар.
Сабақта нені үйрендік?
Қонаққа не келді?
Қоянға не құрастырып бердік?
Үйді неден құрастырып бердік?
|
Балалардың жауаптары.
|
Күтілетін нәтиже: Балалар геометриялық пішіндерден үй құрастыруға үйренеді.
Білуі тиіс:Үйлер, пішіндер.
Меңгеруі: Геометриялық үйдің пішіндерді ажырату .
Просмотр содержимого документа
««Қоянға үй» құрастыру»