Мазмұны:
Мектеп бітіру кеші жыл сайын дәстүрлі өткізілетін мектебіміздегі маңызды іс шаралардың бірі. Бұл шараны өткізу үшін оқу жылының соңына дейін дайындық жұмыстары жүргізіледі.
1.Сынып оқушыларының жетістіктері мен шығармашылығынан слайд – шоу дайындау
2.Мектеп түлектерінің бейне суреттерінен естелік альбом дайындау
3.Мерекелік кешке дайындық, безендіру жұмыстары
Мақсаты: «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты аттестат тапсыру кешін ұйымдастыра
отырып, оқушылардың алтын ұя мектебіне, ұстазына, туған ауылына, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: «Қош бол, алтын ұя мектебім!» сахнадағы жазу; «Мектеп өмірінен» стенд, түрлі түсті шарлар және гүлдермен безендірілген сахна
Өтілетін орны : Мектеп мәжіліс залы
І- бөлім
Жүргізуші:
Кеш жарық құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және тәуелсіз еліміздің түлектері!
Жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
Қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі Шаймолданова Қарлығаш Жандарбекқызы және мектебіміздің түлектері :
Абдрахманов Асқар
Әлімжанов Әділет
Әнуарбек Абзал
Ертай Жалғас
Ертай Мейрлан
Қунышбай Ноян.
Оңали Мақсат
Садыканов Санжар
Тезекбаев Мадияр
Төлеген Әбіл
Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, мектеп түлектері бүгін еліміздің түкпір – түкпірінде жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектеріне ақ жол тілеп куәлік тапсыру рәсімі жүріп жатыр. Ендеше Шұбар орта мектебінің «Қош бол , алтын ұя мектебім!» атты мерекелік кешті ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Құрметіне көк тудың тік тұрайық,
Түлектерден басқаға бас бұрмайық,
Дабылменен ту көтеру рәсімін
Куә болып, қанеки қарсы алайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту енгізілуі.
Жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан Гимны.
Қазақстан Республикасының Гимның орындалуы.
Жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің
Енді аяндап қонақтарға келейін
Мектеппен қоштасу кешіне ортақ болған,
Қонақтарды таныстырып өтейік
1.Мектеп директоры : Идрисов Асқар Ануарбекұлы
2.Шұбар ауыл округінің әкімі: Сеитқожаев Қайсар Күнтуғанұлы
3.Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Балхашева Маржан
Абуғалиқызы
4.Аудан қонағы: ________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жүргізуші:
Биылғы мерекелік кешіміз тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
2016 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.
Бұл жыл - Қазақстан Республикасы Конституцияның 21 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауы жарияланған жыл.
Бұл жыл –Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бұл жыл – Ұлы Жеңістің 71 жыл толуымен ерекшеленген жыл.
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
Қазақ хандығына 550 жыл толуымен ерекшеленеді.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
Жүргізуші:
Түлектердің арманы аппақ нұрдай,
Бар тілегі қашанда жақұттардай,
Білімнің ордасына ие болған
Әрі басшы, әрі биік қорғанындай.
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы Идрисов Асқар Ануарбекұлына беріледі
Жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда ,
Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда .
Қол соғып қошеметпен шақырайық ,
"Куәліктер" тапсырылсын, түлектерге!
- Мектеп түлектерінің куәліктерін және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директоры Идрисов Асқар Ануарбекұлы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Балхашева Маржан Абуғалиқызын ортаға шақырамыз.
/ Фанфар ойналып, куәлік алып келінеді /
Жүргізуші:
Сәттілік тілеймін сапарына
Сыйлы бол теңдес құрбы қатарына
Бақ берсін аттестаттың қызығын көр,
Қызмет қыл егемен ел Отаныңа
Жүргізуші:
Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________ беріледі.
Жүргізуші:
Жаны жайсаң жомарт елге ағасыз,
Ағасыз ел көрінбей ме жағасыз
Болашақтың нардай жүгін арқалап,
Нық сеніммен қадам басып барасыз- дей отырып сөз кезегі Шұбар ауыл округінің әкімі Сеитқожаев Қайсар Күнтуғанұлына беріледі.
Жүргізуші:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаз Толкумбекова Гүлбану Әлімжанқызына беріледі
Жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстазы Қарбозова Бахыткуль Өмірқұлқызына беріледі.
Жүргізуші:
«Жетекші» деген ерекше тұлға,дара шың,
Ұмытылмай , көңілде мәңгі қалатын.
Сарғайып кеткен суреттеріңді парақтап,
Шәкірттерін оңаша еске алатын,-деп қанаттарын қатайтып,бірге жүріп,бірге күліп,намыстарын бірге қорғаған сынып жетекшісі Шаймолданова Қарлығаш Жандарбекқызына сөз кезегі беріледі.
Жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады
Халқынан,ата-анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы-дей келе ата-аналар атынан құттықтау сөз Орынтаева Эльмира Асқарғалиқызына беріледі.
Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады-дей келе болашақ 1 сынып бүлдіршіндердің орындауында «Шашу биін» қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Қуаныштан алаулайды реңі
Толқып та тұр кеудедегі жүрегі
Есінде қалсын ұстаздардың мәңгілік
Шәкірттердің толқып айтқан тілегі-дей отырып қолдарына жолдама алып, жүректері лүпілдеп,сезімге толы жанарлары мөлдіреп, қиналып та, қуанып та тұрған түлектердің сөзіне құлақ түрейік.
/ Түлектердің бағдарламасы /
Жүргізуші:
Аяқтап кешті, мектепті,
Гүлдерге толы қолдарың,
Шаттықтан, тіпті ес кетті,
Сәт сапар болсын жолдарың- дей келе түлектердің мектеп қабырғасындағы ең соңғы қоштасу вальсі
/Түлектердің қоштасу вальсы/
Жүргізуші:
Құрметті түлек!Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!
Тілейік біз армандарға жеткенін.
Бірлік деген даналар мен кемеңгер,
Бір-біріңді әрқашанда елеңдер.
Түрлі асу жолдарынан тағдырдың,
Бір-біріңе сүйеу болып жүріңдер.
Әрқашан сәтті болсын жолдарын
Оң болсын сапарларың -деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілей отырып
«Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты мерекелік кештің І –бөлімі осымен аяқталды.
Жүргізуші:
Кешіміздің ІІ бөлімі түлектердің музыкалық қойылымын көріп тамашалауға шақырамыз.