Тақырыбы: "Қош бол, даярлығым"
Мақсаты: Балалардың даярлықта алған тәрбие мен білімін көрсету.Отаның елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке , сыйластыққа тәрбиелеу.
«Қош бол, даярлығым» атты қоштасу мерекесіне шақырамыз.
Әдісі: ертеңгілік
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!-Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектеп алды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап , оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бүлдіршінімізге сәт сапар тілей отырып , Қош бол, даярлығым атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өтті қызық көн күндер,
Алты жасқа жетіңдер
Барасындар мектепке
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Біздің балаларымыздың болашағынан көп үміт күтіп, бірге қуанып, бірге күліп жүретін, қолы тимей жатса да, бар шаруасын тастап жүгіріп жүретін мектептің меңгерушісі –Муканова Кулмайрашқа сөз береміз.
Балалардың осы мерекеге арнап жаттаған өлең жолдарын тыңданыздар.
Диана:Қош келдіңдер!Құрметті меймандар,
Бізбен бірге қоштасу тойын тойлаңыздар!
Гүлдей жайнап өстік балабақшада,
Енді бізді есейді деп ойлаңдар!
Інжу:Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Даярлықты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін
Фархат:Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз,
Мектепке ертең барамыз
Мектепте сауық құрамыз.
Хор:Әрбір сөздің мәнерін ,
Үйреткен көп өнерін
Адам етіп баптаған
Анамыз саған мың алғыс
Ақсезім:Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз
Інжу:Жасымыз толды жетіге,
Ересек біздер баламыз
Екіге қосып екіні
Әріпті жаза аламыз
Қарақат:Ақ, қара деп бөлмейміз
Бір жылда туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз
Ақсезім:Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Диана:Жеті ұлы бар бір ұйдің
Сәл демалып,
Тыным ал,
Тақпақ тыңдап,
Ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – бесінші ұл.
Алтыншы ұлы ол – Сенбі,
Жетіншісі-Жексенбі
Олай болса балалардың білімдерін тексеріп көрейік.
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
ҚР-ның елбасы кім?
ҚР-ның рәміздерін атаңдар?
Біздің елордамыз қалай аталады?
Біз қандай тілде сөйлейміз?
Жыл мезгілін атаңдар?
Бір аптада неше күн бар?
Бір жылда неше ай бар?
Табиғат нешеге бөлінеді?
Тірі және өлі табиғатқа нелер жатады?
Кім білгір
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Мына сөздерді кім оқып береді?
-Қандай сергіту сәтін білеміз?
1-20-ға дейін тура және кері санау
-Көршілерін ата
Ән «биші қыз»
Ойын: «ия, жоқ»
Мектепке біз барамыз ба?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан тілді аламыз ба?
Ақылды бала боламыз ба?
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
Таңертең ерте тұрамыз ба?
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
Екі алғанда жылаймызба?
Оқушы біз боламыз ба?
Ата – аналарға
Балағызға әрқашан тірексіз бе?
Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
Тамағын уақытында бересіз бе?
Төзімділікке әр уақыта сіз төсесіз бе?
Сериал көріп жатасыз ба?
Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
Оқыту мұғалімніңжұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
Балағыз үшін балаларды ұрасыз ба?
Бала үшін асулардан асасыз ба?
Балалар бүгін бақшамызбен қоштасып,
Шәкірт болмақ мектеппенен достасып
Жайнап өсіп құлпырыпты бал құрақ
Әрбір үйде жанған бір-бір шаңырақ!
Бойда өскен, ойда өскен шат бәрі
Барлығыңда бақшамыздың мақтаны
Еркелеген кешегі бал балдырған
Ұл-қыз болды талап отын жандырған
Ойын «Кім жылдам?»
Қызық есеп айтайын
Сынап сізді байқайын
Жауап айтыңдар бөгелмей
Шешім болсын дегендей
Екі балапан тұр,
Екі балалапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған –
Барлығы қанша балапан?
Аулада жүр балалар:
Самат, Арнат, Сашалар,
Келді және оларға
Сәуле, Шолпан ойнауға.
(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?)
Келеді көп құс ұшып;
Кептер, аққу, қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда.
Қанша құс бар қосып шық.
Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа,
Бес сәбізден бірден жеп,
Тойып алды тамаққа.
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі – қайың астынан.
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Метептің жүрегі,
Білімнің тірегі (мұғалім)
Сауықтырар сырқаты
Жылы үн мен тіл қатты (дәрігер)
Құстай ұшаы
Құландай ұшады
Қойдан да қорқады (қоян)
Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісі ат
Бейғам елді іздейді
Малдан күдер үзбейді (Қасқыр)
Ойын: «Жоғалған буынды тап»
Қане, қайсы алақан,
Біз – кішкентай. (балапан)
Аралардың нәрі,
Бау-бақшаның сәні. (гүл)
Тік, тік, тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. (шырша)
Менің тұрақты мекенім,
Сәнді етіп жүремін. (үй)
Ән: «Ерке қыз»
Келесі сөз кезегі мектепмеңгерушісіне беріледі
Енді бүгінгі жаңа қадам
Басасыңдар мектепке
Батылдықпен жігерлікті
Тілеймін мен сендерге
Кілең төртпен бестік деген жақсы баға алыңдар
Өсті ақыл ойларың, өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын құтты болсын тойларың
Құрметті ата-аналар балалық шақты еске алып, біздердің, ата-аналардың мақтанышына айналып, елімізге адал еңбек ететін білімді тәрбиелі азаматтар болып өсіңдер!
Қымбатты достар, ата-аналар «Қош бол, даярлығым» атты қоштасу кешіміз аяқталды.
Барлыңызға зор денсаулық, ашық аспан , бақытты өмір тілейміз!
Қадамдарыңыз құтты болсын!
Қазақстан бастауыш мектебі
Тақырыбы:
«Қош бол, даярлығым»
(тәрбие сағат)
Мұғалімі: Кадирова М
Қазақстан ауылы , 2017 оқу жылы