Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып
3-бала
Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды
Жүргізуші: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емеспе?); көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынамыз, Күз жаңбырлы суық болғанмен, күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, нағыз жемістерге бір тойамыз. Күзде біз тек қана Күз Күз деген ән шырқаймыз.
Ән «КҮЗ»
Алтын күз кіреді
Күз патшасы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапысрамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?
Олай болса бастайық.
1 тапсырма: Күзде жемістер де , көкеністер пісіп жетілді. Олардың қайсысының пайдасы мол? Жемістерде ме әлде көкеністерде ме?
Жүргізуші: Балалар Күз патшасы жемістер мен көкеністердің пайдасын білгісі келеді. Біз көметесеміз бе?. Кәне ендеше оның сұрағына біздің жемістерңмңз бен көкеністеріміздің тақпақтарын тыңдайық.
Жемістер мен көкеністер айтысы
қияр Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған күймде. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі сүйсіне. | Алма Мен - алмамын, алмамын Таңдай татар бал дәмім Мына тәтті бал-дәмді Дастарқандарыңа арнадым
|
Картоп Мен ұялшық картоппын, Мен емесепін мақтанар, Мені жақсы көреді, Үлкендермен балалар | Шие Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін |
Қызанақ Піскен кезде қызанақ, Көз тартар қызыл түсімен. Барма адам сүйсінбей, Томат шырынын ішпеген. | Жүзім Жүзім пісті бір-бірлеп, Үзіп мәзбіз біз енді. Қоңырауы күмбірлеп, Қыркүйекте күз келді. |
Қызылша Мен де бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге Менсіз борщ болмайды, Винегрет те үстелге. | Өрік: Уылжыған өрікпін, Мен бау-баққа көрікпін. Бал татыған дәмім бар. Көктемде ерте гүлдеймін. Піспей тұрған кезімде, Менен аулақ жүр деймін. |
Қырыққабат Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда. Мені қосса самсаға. Жейді бәрі тамсана. | Қарбыз: Күннің нұрлы шуағы, Шұғыла боп шылады. Шөлің әбден қанады, Көзің шамдай жанады. Тамылжыған шырыны, Таңдайымда қалады. |
Асқабақ Іші сары, сырты қатты, Дәні-дәрі, дәмі-тәтті. Пісіріп жесең ас тамақ, Мұның аты асқабақ. | Қауын: Жинап жатыр ауылым, Сап-сары ала қауынын. Алмақ едім үлкенін, Ауырын-ай, ауырын |
1бала Көкөністер бәрі де , Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер. | 2 бала Барлығың да дәмдісіңдер, Шырқап айтар әнімсіңдер. Көз тоймайтын кереметтер, Дастарханның сәнісіңдер.
|
Күз патшасы: Рахмет жемістер мен көкеністер. Дұрыс айтсыңдар балалар, жемістер де, көкеністер де адам өміріне маңызы өте зор.
2-жапырақ тапсырмасы:
К ө р і н і с (Бағбан тырмамен жер жыртып жүреді)
Жүргізуші:
Мұқалмаған жігері,
Атай әлі күшінде.
Қашан көрсең жүреді,
Бау-бақшаның ішінде.
Қолы неткен епті еді,
Бәрін өзі істейді. Ертелі кеш кетпені,
Иығынан кетпейді..(Кетеді)
Бағбан:(Күнбағысқа келеді)
Күнбағыс-ау,Күнбағыс,
Күнді сүйген сен нағыз.
Күн ауғанда сен ауып,
Төбеңнен күн өтпей ме?
Таңдайың кеуіп кетпей ме?
(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)
Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.
Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!
Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.
Қәне,жылдам тұрыңдар,
Күнді, күнді, көріңдер. (Әрқайсысын жұлқылап оятады)
Жуа: Не болды?
Сәбіз: Бұл не айқай?
Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)
Күнбағыс:Әй,сендер-ақ ұйықтай бересіңдер екен. Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме оданда? Сендер ешкімге керек емессіңдер.
Пияз: қалай керек емеспін. Мен адамдарға пайдалымын. Менде С,В дәрумендері көп. Жөтелге,тұмауға, еммін.
Картоп:Әй,әй!Пиязжан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға мен пайдалымын Менің құрамымда глюхоза,крахмал, деген заттар бар.
Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді. Тамаққа дақосады. Мені қан азайғанда да пайдаланады, сондықтан мен пайдалымын
Күнбағыс: Уа, Күз патшасы! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!
Күз патшасы:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер!
Күнбағыс: Алақай енді түсіндік.
Жүргізуші: Бәрекелді балалар жарайсыңдар, Енді Күз патшасына арнап би билеп берсек қалай қарайсыңдар?
Би «Флешмоб»
Күз патшасы: менің 3 тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?
3 тапсырма.
Жургізуші: Күз белгілерін маған кім айтып береді?
Балалар: Күн суытады
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары.(жапырақтар)
Келесі тапсырма. Мен сендерге сурет көрсетемін. Ал сендер ол жайында маған сипаттап бересіңдер? Келістік пе?
Құлпынай (Суретін көрсетіп) түсі кызыл оте дәмді жидек, көздің көруін жақсартады. Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.
Қауын - түсі сары, сопақша, құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына емдейді.
Өрікті - түсі тоқсары жуне сары болды, сопақша келген жидек. Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина оның құрамында иод көп болғандықтан қан қысымы, ауруларын емдеуге қайнатпасын пайдаланған.
Пияз - тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады. Оны тазалағанда жылатады
Аскөк – түсі жасыл өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.
Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.
Күз патшайымы: Бәрекелді балалар, барін жақсы білесіңдер, жарайсыңдар!
Жүргізуші Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Келесі кезекті ойынға берсек қайтеді.
Ал енді біз тұрмайық
Ойын ойнап шырқайық
Жапырақтар мен күзгі
Сергіп ойнап алайық
Ойын: Өз жапырағыңды тап!
4- тапсырма: Ойынның шарты: 3 бастаушы, қолдарында жапырақтар. 3 шеңберге тұрып ар топ оө командасын жинайды. Музыка баяулағанда командадағы балалар ұйықтайды. Ал бастаушылар орындарын ауыстырады. Музыка жылдамдатқанда команда ұйқыларынан оянып өз бастаушы жапырақтарын табу керек. Бірнеше рет қайталау.
Жүргізуші: Балалар күздің тапсырмаларын бұлжытпай орындап отырсығдар, бәрекелді.
Күзге арнаған тақпақтарымызды Күз патшайымына арнап берейік
Күзім-ау,күзім-ау, Мінезің қызық-ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау. | Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі. | Аспанды сұрғылт бұлт, Жан-жақтан жабады. Күн бірте суытып, Жауын көп жауады. |
Үстінде егінжай Салқын жел соғады Гүл шөбі белдің сай Қуарып солады | Күз мезгілі келіпті Жемістері пісіпті Бау бақшаны жинайтын Мезгілі де жетіпті | |
Жүргізуші: Балдай тәтті балапан
Бақшада ән самғаған
Әнімізді шырқайық
Қарсы алыңыз ән балдырған
Ән «Алтын күз»
. Күз патшайымы : Білімдерің өздеріңе сай екен, Өте жақсы балалар; Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін. Өйткені:
Егінді ел жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала. Деп балаларға әзірлеген сыйларын таратып беріп қоштасады.
Жүргізуші: Осымен біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтайық, бізге тағы да келіп тұр.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.