СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қош келдің,әз Наурыз

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

наурыз тойының ерекшеліктерімен таныстыра отырып,Ұлыс мерекесінің дәстүрлерімен,ырымдарымен оқушыларды тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің,әз Наурыз»

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). (« Шашу!» биі орындалады)

Жаңа жылда Қызыр баба :

Армысыңдар ,жамиғат!
Ұлыс күні барлығы (барлығы қол жаяды)
Нұрланар да жаңарар.
Бақытына ұрпақтың
Аман болсын аналар
Өздеріңді жетелер
Аман болсын әкелер
Жақсылыққа құштарлар
Аман болсын ұстаздар
Аман болсын Ұлы Отан
Аман болсын нұрлы таң
Жақсы оқысын ұлдарым,
Жақсы оқысын қыздарым
Тұлымдары желбіреп
Жүректері елжіреп
Қуаныссын барлығы
«Қызыр бабам келді»деп.
Әумин!

Бір топ қыз жігіттер ортаға шығып шағын айтыс ұйымдастырады:
Ұлдар тобы:
Құтты болсын мерекеміз,
Наурыз тойымыз,
Орындалсын бәріміздің арман ойымыз.
Көкпар,айтыссыз.
Айтысалық,кәне қыздар,
Бастайсың қайсыңыз?
қ сы:
Наурыз мерекем,
Артсын берекең.
Ал жігіттер, тыңдайық,
Қыздар не дер екен?

Қыздар тобы:
Күлімдейміз біз күндей,күлімдейміз,
Туған жердің бәйшешек гүлімдейміз.
Атымызға затымыз сай қыздармыз,
Жаман атқа ешқашан ілінбейміз.
Сәндеп өрген,қарашы, бұрымым бар,
Ұйпа тұйпа басыңда тұлымыңды ал.
«Жылқы күзет», «Тауға шық»десек егер
Қолға ұстар құрығың жоқ та шығар.

Ұлдар тобы:
Наурыз келсе құт келгені,
Есік ашайық.
Мерекеге ән жырменен
Шашу шашайық.
Қыздар, қыздар күлімдеген
Нұрлы күндейсің.
Аттарыңа заттарың сай
Болып жургейсің


Қыздар тобы:
Наурыз,Наурыз Жаңа жылым
Жаңа күндерім.
Жақсы көрем бұл елдің
Жадырап күлгенін.
Ұмыттыңдар неге ұлдар
салт пен дәстүрді,
Ұйқыашар деген болған
Наурыздың сыйлығы.

1-жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй
тартылып тұрады.
Киіз үйден ақ- жаулықты үш ана барлық сән- салтанатымен,бәйбішелік той киімімен шығып,қазақтың ас -су, аяқ- табақтарын далаға шығарып қоя бастайды. Қолдарында айран құйылған тегене,ожау бар. Осымен жайлап келіп жаңағы ыдыстарға құя бастайды. Бұл жаңа жылда көңіл ақ болсын деген ырым. Біреуі дастархан жаяды. Осы кезде екі адам жарапазан айтып келеді.

Айтамыз жарапазан отбасыңа
Тілейміз денсаулықты бас басыңа
Тілесек денсаулықты бас басыңа.
Амандық келер әр күн отбасыңа
Айтамыз жарапазан ауылыңа
Береке, бірлік берсін қауымыңа
Береке,бірлік берсе қауымыңа
Бас имес кімдер келіп ауылыңа
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба,
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?!
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?!

Әжелер: Құдайы қонақтар мереке алдында келіп қалған екен. Төрлетіңіздер. Дастархан басына келіңіздер.

2-жүргізуші:
Наурыз қайта оралды аты аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз
Үй дастархан ,даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз
Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше сыныптар өздерінің салт дәстүрлерін көрсетеді

«Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қырқынан шығару».

«Қамажай» биі биленеді.



1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке
Болсын думан береке!
Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі.
"Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.

2-жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Кезекті қазақша күйге берейік.
Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

1-жүргізуші:
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 -жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)