СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қош келдің, Жаңа жыл!» .

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді

                    безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Мыстан

                    кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар

                    ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату,

                    аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау. 

Просмотр содержимого документа
««Қош келдің, Жаңа жыл!» .»


Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!» .


Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді

безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Мыстан

кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар

ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату,

аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.


Қатысушылар: жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, Қоян, Аю мен

Маша, Қой, Мешін, Қасқыр, Түлкі, Сайқымазақ, балалар.


Барысы:

Залда көңілді әуен ойнап тұрады.


Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, әріптестер, бақытты балғын балалар! Баршаңызды

Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға

табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып  келсін дей отырып, №12 «Айгөлек»

ересектер тобының «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат

етіңіздер.

Ортамызға «Айгөлек» ересектер тобының балаларын қошеметпен шақырамын

(балалар залға кіріп орындарында тұрады).


Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда басталады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылмен келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!


Балалар: Жаңа жылыңызбен, С Новым годом, Happy new year !!! (балалар хормен үш тілде

келген қонақтарды құттықтайды).


Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымен ортаға Ибрахим, Мадияр, Інжу,

Аяулым, Әсия, Бекболды шақырамын.


Ибрахим: Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.


Аяулым: Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Мадияр: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!

Әсия: Праздник мы встерчаем

Елку наряжаем,

Вешаем игрушки,

Шарики, хлопушки.




Бекбол: Happy New year to you Хэппи ню иэ ту ю

May all your wishes come true Мэй ол ё вишес кам тру

Happy New Year my friend Хэппи ню иэ май френд

Happy New year to you! Хэппи ню иэ ту ю


Інжу: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Шырқатайық ән-жырды.


Жүргізуші: Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар!

Балалар сендер телефонның дауысын естідіңдер ме? Бұл кім болды екен бізге

қоңырау шалып жатқан? Телефон тұтқасын көтеріп: Алло! Ия, бұл балабақша.

Бізде қазір жаңа жыл мерекесі болып жатыр! Әрине, әрине келіңіз! Балалар қуанатын

болды. (Телефон тұтқасын қойып, балаларға қарайды). Бізге қоңырау шалған

ормандағы аңдар қоян, қасқыр, түлкі, аю екен. Олар бізге қонаққа келе жатыр!

(Есік қағылып, қоян, қасқыр, түлкі келеді, ал аю сәл кешігіп келеді). 


Қасқыр, түлкі қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!


Балалар: Сәлеметсіздер ме!


Қасқыр, түлкі қоян: Осында Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алайық деп келдік. Жаңа

жылдарыңыз құтты болсын!


Жүргізуші: Қош келдіңіздер, Жаңа жыл мерекесін бірге тойлайық. Қол ұстасып шыршаны

айналып ән шырқайық.


Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап».


Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарыңызбен! Мен қысқы ұйқыда жатып, қатты айқай -шудан оянып кеттім, не болып қалды деп сұрасам: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп келдім, осында болар деп. Сендер көрмедіңдер ме? Тентек қыз қайда кетті екен. Енді оны қайдан табамын?


Жүргізуші: Балалар, бізге келген қонағымыз қайсы мультфильмнің кейіпкері?

Балалар: «Маша мен аю».


осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқанып қарайды.

Маша: Қандай үлкен, әдемі шырша, ойыншықтары неткен көп - деп таңырқананып шыршаға қарайды. Шыршаның астындағы қорапты көріп қалып: мында сыйлық та бар екен. Қорабы сондай үлкен. Ішінде көп сыйлық бар шығар. Ашып көрейінші – дейді.


Аю: Машаны көріп, сені іздемеген жерім жоқ. Өзіңді әрең таптым ғой. (Маша сыйлықты ашуға ұмтылады, оны аю балалардың жанына отырғызады. Маша қайта сыйлыққа ұмтылады.

Маша: Мен мына сыйлықты ашып көргім келіп тұр.


Аю: Бұл балалардың сыйлығы.

Жүргізуші: Жарайды, балалар! Қорапты бірге ашып, сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен Сайқымазақ шығады).

Сайқымазақ: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

Ойын: «Кім шапшаң?». (Ойын барысында көңілді әуен ойнап тұрады).

Ойынға екі ойыншы қатысады. Орындықта күртеше, құлақшын, мойын орамал (шарф) және қолғап тұрады. Ойыншылар орындықта тұрған киімдерді киіп болған соң орындыққа шығып, «Жаңа жылыңызбен!» деп айтуы керек. Сол ойыншы жеңімпаз болып саналады.


Сайқымазақ: Балалар, ойын сіздерге ұнады ма?


Балалар: иә.


Жүргізуші: Бәрекелді, жарайсыңдар, ойын сондай қызықты, тартысты өтті.

Балалар, біздің ертеңгілігімізге Аяз ата мен Ақшақар келеміз деп еді. Олар

біздің балабақшамызды таба алмай, жолда адасып жүр ме екен? Кәнекей, бәріміз

бірге Аяз ата, Ақшақар – деп айқайлап шақырайық.


Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! Аяз Ата! Ақшақар - деп айғайлап шақырады.

Аяз Атаньң орнына Мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып,

қонақтардың алдына келіп тұра қалады.


Мыстан кемпір:  Ойбай, мыналардың түрлерін қара! Неге айқайлап жатырсыңдар! Аяз ата мен Ақшақар келмейді. Мен олардан бұрын мына ұшатып сыпыртқыммен жетіп келдім. Олардың жолын бөгеп тастадым. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем! Мына тұрған шыршаны қопарып алып кетейін бе? Жаңа жылды қалай тойлар екенсіңдер.


Маша: О, ұшатын сыпыртқы. Мен де ұшып көрейінші.


Мыстан кемпір: Әй, менен қорықпайтын қандай батыл қыз өзі? Тәйт, тиме сыпыртқыма, тиме

деймін. Әй, мынау қоймады ғой. (шыршаны бір айналып келеді) Ту, шаршап

кеттім ғой. Бұрын менен балалар қорқатын еді. Енді қорқуды да қойыпты. Мен

жүрмін қашып олардан. Қой мен кетейін.

Аю: Қайда кетті Маша, балалар! Ту-ту сені қуалап мен де шаршадым ғой. Мына балалар сияқты

отырмайсың ба? Мына балалар сияқтя отырмайсың ба?

Жүргізуші: Сөйтіп, Мыстан кемпірде өз жолымен кетті-ау. Жаңа жылды менсіз өткізесіңіздер

деп ашуланады келіп. Өзі үнемі басқаларға жамандық жасайды да жүреді. Аяз ата

мен Ақшақардың жолын бөгеп тастапты. Енді олар қалай жетер екен. Шыршаны

алып кетемін дейді. Жаңа жылдың сәні Шыршасыз мерекені қалай тойлаймыз.

Олай болса, көңілімізді көтеріп, балалар әрі қарай мерекемізді жалғастырайық.

Кезекті шырша туралы тақпақтарға берейік.


Семанұр: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.



Рамазан: Жылдың әсем бұл шағы

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі,

Шыныны қағып тұр шамы.


Әсет: Елочка, ты елка,

Елка просто диво.

Посмотрите сами,

Как она красива!


Әмина: Елочка, елочка

Вот она какая,

Стройная, красивая,

Яркая, большая.


Дәурен: Әдемілеп тігілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Енжарлықты тастайық

Шырша тойын бастайық.


Алижан: It’ s snowing, it’ s snowing Итс сневиң, итс сневиң

What a lot of snow! Вот э лот оф снев!

Let us make some snowballs Лет ас мейк сам сневболс

We all like to throu. Ви ол лайк ту срев.


Әсел: This is the season Зис из зе сион

When mornings are dark, Вен мониңс а дак

And birds do not sing Энд бөдс ду нөт сиң

In the forests and park. Инзе форесте энд пак

This is the season Зис из де сизон

When children ski Вен чилдрен скай

And Father Frost brings Энд фазе фрост брингс

The New Year tree. Зе ню е три.


Жүргізуші: Жарайсыңдар, әрі қарай шыршаны айналып, Шырша жырын

бірге шырқап жіберейік.

Ән: «Шырша жыры».


Жүргізуші: Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде – деп биші қыздарымыздың

«Шырша» биін тамашалайық!

Жүргізуші: балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді. Олар кешігіп жатыр.

Қане, бәріміз бар дауысымызбен айқайлап ортамызға шақырайық.


Балалар: Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата, Ақшақар
Біз Сіздерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, ұзақ жол жүріп шаршап келген боларсыз. Отырып балалардың

өнерлерін көріп, көңіліңіз көтерілсін. Кезекті тақпақтарға берейік.

Кәусар: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.


Ақмарал: Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы, шекері
Орасан көп сияқты.


Хамит: Аппақ тоға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.


Абзал: Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр.

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр.


Алишер: Без дедушки мороза

Снежинки не летят

Без дедушки мороза

Узоры не блестят.


Нұртөре: Елку в прадник нарядили

Весело до слез

Кто подарки к нам приносит?

Это – Дед Мороз!


Альбина: К нам пришел Дед Мороз

Будем веселится,

Будем петь и плясать,

С музыкой кружиться.


Фатима: December is the best of all Десембе из зе бест оф ол

Snowflakes dance, snowflakes fall Сновфлейкс дэнс, сновфлейкс фол

People see the New Year in Пипл си зе ню иэ ин

December ends New Year begins. Десембе эндс ню иэ бигинс.


Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыздың өнері өте көп. Балалардың келесі өнерін тамашалап

жіберейік.


Би: «Аяз аталар биі».


Аяз ата: Балалар, шыршамыз көңілсіз сияқты. Шыршамыздың шамдары сөніп тұр. Көңілді ету

үшін сиқырлы сөздерімізді айтайық.


Балалар: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)


Жүргізуші: Иә, балалар, шыршамыздың шамдары жарқырады. Аяз ата мен Ақшақарды ортаға

алып әнімізді шырқайық.


Ән: «Тамаша, тамаша».


Жүргізуші: Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.


Би: «Ақшақарлар».

Жүргізуші: Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Жылтырауық» (мишура).

Шарты: балалар 2 командаға бөлінеді. Ойынды ұйымдастырушы әрбір ойыншының қолына бір жылтырауықтан береді. Бірінші тұрған бала екінші тұрған баланың қолына жылтырауықты кигізеді. Екінші бала үшіншіге, үшінші, төртіншіге т.с. соңғы тұрған бала келіп бірінші баланың қолына кигізіп, орнына тұрады. Жылтырауықты кигізіп бітірген команда қолдарын жоғары көтереді, сол команда жеңімпаз болып саналады.



Жүргізуші: балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын қой жылымыз қайда?

Балалар, қой қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

Қой: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: Бір жыл бойы ортамызда болып, көп нәрсені бізге үйреткен Қой жылы сізге

алғысымыз шексіз!

Балалар: Қош бол, Ескі жыл!

Жүргізуші: Қызымыз мың бұралып билейді,

Қазір бізді ән-думанға бөлейді. Ортада Жаңбыр Әсия «Үнді биімен» қабыл

алыңыздар.


Жүргізуші: Балалар, енді ортамызға Жаңа жылды, Мешінді шақырайық.

Балалар: Жаңа жыл! Жаңа жыл!


Мешін жылы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Мешін жылы ортамызға. Енді, келген Жаңа Мешін жылының

құрметіне арнап Саламат Аяулым «Жаңа жыл» әнін орындап береді. Өабыл алыңыздар.


Ойын: Ата-аналарға арналған ойын.

1.  Сізге салфеткадан қиыршық қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз.

2.  Жіпті кім бірінші ораса, сол жеңімпаз.

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, өнерлі екенсіңдер. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!