Просмотр содержимого документа
«Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуындағы өзгерістер»
Сабақтың тақырыбы: Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің
жазылуындағы өзгерістер
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болып келуіне қарай қосымшанын да жуан не жіңішке болып үйдесіп жалғанантындығы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дамыта оқыту әдісі
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Өткенді пысықтау
62-жаттығу 133-бет. Берліген суреттегі нәрселердің атына сәйкес жалғау жалғап жазу.
ІII. Жан-жақты білімдерін тексеру
Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді. Кітап-кітабы, құрық-құрығы, әріп-әрпі
63-жаттығу.
Өнерпазды, ұстаға, жұлдызды, шолпылы, орақшы.
Зергерлік, киізді, күмісті, шегірткеге, білезікті.
Қарамен берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Өз бетімен жұмыс
64-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді салыстырып, түбір сөздің соңғы дыбыстарына назар аудару.
Кітап – кітабыңның.
65-жаттығу. Жұмбақты оқу, шешуін табу, жатқа жазу.
(Өрмекші). Қарамен жазылған сөздердің түбірін табу: сирағы – сирақ; құлағы – құлақ. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді? Ережені оқу, есте сақтау.
66-жаттығу. Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жазу:
бұршағы, кірпігі, көбелегі, құлағы, есігі, жаңғағы, өрігі, сандығы, тоқылдағы, жарығы, бүйрегі, күрегі. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді?
ІV. Бекіту:
67-жаттығу. Мақалды оқу, мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған (еңбек, еңбегіне) сөздерді салыстыру.
V. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.
VІ. Үйге тапсырма: 68-жаттығу, 135-бет.
VII. Оқушыларды бағалау