СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"??стар бізді? досымыз" ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ??стар бізді? досымыз. Ма?саты: Кіші топта?ы с?билерді? с?здік ?орын дамыту, дыбыстарды айта білуге ?йрету, тор?ай туралы к?рген, білгендерін айт?ызу, ??стар?а ?ам?орлы? жасау ?ажеттігін т?сіндіру, таби?атты аялау?а ?йрету. ?діс-т?сілдер: к?рсету,ба?ылау, Серуен: Далада ж?ргенде тор?айларды ба?ылайды. Саба?ты? барысы: Б?лдіршіндер щенбер жасап, ойын ойнап отыр?анда т?рбиеші: - Балалар, біреуді? ?ндеткен дауысы естіледі ?ой. Б?рі ?нсіз ты?дай ?алады. Дауыс естіліп т?рады. Бір уа?ытта есік ?а?ылады. (ты?-ты?-ты?)

Просмотр содержимого документа
«"??стар бізді? досымыз" ашы? саба?»

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты: Кіші топтағы сәбилердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету, торғай туралы көрген, білгендерін айтқызу, құстарға қамқорлық жасау қажеттігін түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,бақылау,

Серуен: Далада жүргенде торғайларды бақылайды.


Сабақтың барысы:


Бүлдіршіндер щенбер жасап, ойын ойнап отырғанда тәрбиеші:

  • Балалар, біреудің әндеткен дауысы естіледі ғой. Бәрі үнсіз тыңдай қалады. Дауыс естіліп тұрады. Бір уақытта есік қағылады. (тық-тық-тық)

Тәрбиеші: Бұл кім екен? (тордағы торғай қонаққа келеді)

Бала: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, көңіл қойып тыңдандар, жарай ма?

Балаламен таңдасып,

Жазда бақты қорғайды.

«Шиқ-шиқ» дейтін дауысы бар

Бірақ өзі ұшады. (Торғай)

  • Бұл не? Кәне ойланамыз.

  • Өзі ағаш басында отырады, ұшады, бұл не болды екен деп ойланған балалар:

  • Торғай деп жауабын береді.

  • Дұрыс балалар торғай.

Тәрбиеші: Міне, балалар, торғай, қарандаршы қандай әдемі өзі. Бөз торғайды серуенде жүргенде де көрдік қой, торғай не істеп жүрді?

  • Ұшып жүрді.

  • Қайда қонды?

  • Ағаш басына қонды.

  • Дұрыс балалар енді торғайды міне, жақыннан көрейікші. Торғайдың көзі бар, тұмсығы бар, қанаты бар, жүні жұмсақ екен.

  • Кәне балалар, бәріміз бірігіп торғай деп айтайықшы.

  • Торғай.

  • Балалар мен сендерге «Торғай» деген өлеңді оқып беремін.

Торғай – торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі томпайып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

  • Балалар торғай қалай дыбыстайды екен?

  • «Шиқ-шиқ»-дейді.

  • Ал сендер құстар туралы қандай тақпақ білесіндер?

Гүлшат: Нан қоқымын шашпандар,

Жерде жатса баспандар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастандар.

Ақжүніс: Қарға қарға қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса долданып

Бұтаға келіп қорғанар.

Аркадия: Ала қанат сауысқан,

Жерді шоқып тауысқан.

Сергіту қимыл – қозғалысты жасау үшін, «Торғай» өлеңін қаталап айтып, қимыл жасайды. Торғай – торғай тоқылдақ, - дегенде қанатымызды жаямыз.

Жерден тары шоқып ап,- дегенде ішімізді көрсетеміз. Бөтегесі томпайып

дегенде қайтадан отырамыз.

  • Ал, балалар, торғайдың қарны ашар болар, жем мен су берейік.

  • Қарандаршы жемді қалай жейді?

  • Шоқып жейді.

  • Суды қалай ішеді екен?

  • Су ішкенде басын көтереді екен.

Тәрбиеші: Енді, балалар бейнелеу бұрышына барайық. Сендер бүгін бізге келген қонақпен торғаймен таныстыңдар, енді осы торғайға сыйлық жасап берейік. Әркім өзінше кім ермек мүсіндейді, кім карандашпен торғайдың суретін салып береді екен, кім торғайға жем салғыш істеп береді? Әдемілеп жасандар балалар. (Балалар жұмысқа кіріседі)

Ал, енді сурет салған жемдерді торғайға берейік. Торғайдың қарны тойды, сендерге рахмет айтып. Ойынға шақырады. Торғайдың жолдасы бар мысық. «Мысық пен торғайлар» деген сйынды ойнаймыз.

Ойын: «Мысық пен торғайлар».

Кәне балалар (торғайлар) ұшып келіндер.

  • Торғайлар жем жендер. Кәне кім қалай жейді?

  • Торғайлар сендер тез ұшындар, мысық ұйықтап жатыр, қазір мысық оянып кетіп, ұстап алады – дегенде мысық:

  • Мяу – мяу деп оянады, торғайларды көріп құлағы тікірейеді.

  • Торғайлар алысқа ұшындар, мысық оянады. (мысық мяу деп торғайларды қуады. Бірақ торғайлар ұстатпай ұяларына кіреді).

  • Блалар сендер бәрінде жақсы ойнадыңдар.

  • Енді мысық туралы тақпақ айтамыз.

Әділхан: Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Мяу-мяу, мяу-мяу.

Аркадия: Пеш үстінде мысық отыр,

Екі көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Оның тісі қышып отыр.

Қорытынды: Торғаймен қоштасу. Балалар торғайға арналған өлеңді айтайықшы. «Суық торғай» өлеңі.




Өлең: «Суық торғай»

Торғай, торғай тондыңба,

Тұра алмайсын орнында?!

Бір қонасын, бір ұшып,

Отырасын бүрісіп,

Қарап қойып жай ғана,

Жем іздейсін айнала.

Үйге кірші торғайым,

Мен аяздан қорғайын

Үйшік жасап берейін,

Алдына жем төгейін.