СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қыс қызығы іс-шара

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыс қызығы іс-шара. Зимние забавы для детей

Просмотр содержимого документа
«Қыс қызығы іс-шара»

«Қыс қызығы» атты денсаулық күні

«Қорықпаймыз біз үрейден, Аяз атадан да мүлдем!»

Мақсаты: балаларға өз қабілеттерін, ептілігін оятуға мүмкіндік беру, өзіндік қимыл-қозғалыстарының тәжірибелерін әр түрлі қолдану, алғырлығын, шапшаңдылығын, күштілігін, төзімділігін дамыту, балалар арасында мейірімділік қарым-қатынасты қолдау; келістіре әрекеттей білуді бекіту.

Құрал-жабдықтар: 2 гимнастикалық орындық, 2 сақина, 2 қапшық, 4 шана, 2 доп, 2 шаңғы

Іс-шара барысы:


Балалар далада саппен жүріп, өз алаңшықтарына барады. Нұсқаушы балаларға Аяз Атадан келген хатты оқиды: «Қымбатты балалар, мереке шарасына байланысты орманды алқапқа келіңдер, сендерге арнайы сыйлықтар дайындадық. Сендер сол сыйлықты алу үшін бірнеше тапсырмалар орындайсыңдар» депті. Сол мезетте Аяз ата шығып:

- Ох, кім шулап жүр десем, бізге қонақтар келген екен ғой. Мен көріп тұрмын, сендер жаттығу жасағанды ұнататын сияқтысыңдар, спортпен дос екенсіңдер».

Аяз ата: «Ал, менімен ойнағыларың келе ме? Менде спортпен айналысқанды жақсы көремін».

Екі топ екі командаға бөлінеді. «Ақшақарлар» мен «Мұздықтар»


1-тапсырма. Гимнастикалық орындықты мұз баспалдағы деп ойлап, сол мұздың үстінде сырғанап, ақшақарларды сақина ішіне жинаймыз.

2-тапсырма. «Қорқақ хоккей ойнамайды»

(шайбаны кедергілер арасынан алып өтіп, қақпаға енгізу)

3-тапсырма. «Кім шапшаң?» Әр ойыншы бір-бірден ақшақар істеп, береді. Әуен аяқталғанша, қай топта көп ақшақар істесе, сол топта ұпай саны көп болады.

4-тапсырма. «Жүргізуші» ойынында Тәрбиеші апай таксист болады да, балаларды шанамен сырғанатып, межелі жерге апарады да, қайта оралады.

5-тапсырма. «Шаңғышылар». Балалар аяқтарына шаңғыны киіп, межелі жерге дейін сырғанайды, сол жерден келесі бала ауысып, отырады.


Аяз ата жақсы өнер көрсеткен балаларға тәтті сыйлықтар таратады және естелікке суретке түседі.