Пәні: Қазақ әдебиеті | Күні: | Сыныбы: 8 А 8 Б |
Сабақтың тақырыбы | «Қыз Жібек» жыры ерекшелігі |
Сілтеме | Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет. |
Мақсаты | Мақсаты: білімділік: ауыз әдебиеті түрлерін қайталау, салт- дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру. .дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру. тәрбиелік: қазақ әдебиетіне қызығушылық тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтижелер | Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, тарих. |
Қолданылатын әдістер | Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, РАФТ стратегиясы, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы. |
Керекті жабдықтар | Оқулық , кесте, ватман, стикер, маркер т.б. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырлар мәтіндері |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | Ұйымдастыру Топқа бөлу Сыныптың оқушыларын түсті ленталар арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. Психологиялық ахуал туғызу Мұғалім жаттығу орындатады 2.Үй тапсырмасын тексеру. лиро - эпостық жырлар деген не? - лиро - эпостық жырлар кейіпкерлері кім? - лиро - эпостық жырларды басқалай қалай атаған? - қандай лиро - эпостық жырларды білесіңдер? | оқушылар түсті ленталар бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады. Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді Оқушылар үй жұмысын айтады, «Дұрыс, бұрыс» стратегиясы арқылы бағалайды |
Тұсаукесер | Батырлар жыры мен лиро эпостық жырладың ерекшелігі неде? | Оқушылар жауап береді, |
Негізгі бөлім Білу | «Сөздік жұмыс: оқып танысу, қайталау, сөздік дәптерлеріне жазу. Қалындық невеста Құл- раб Уәзір – визирь Сұлу – красавица Көш – караван Саудагер - купец | 1.Оқулықпен жұмыс, . Оқушылар дәптерлеріне жаңа сөздерді , анықтамаларды жазып алады. Жаңа сөздермен өз бетінше жұмыс жасайды |
Түсіну | Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау. «Сұрақтар (26 бет оқулық ) бойынша мазмұндау Тапсырма: кейіпкерлерді ретімен жазу (әңгімедегі кезекпен) | Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, |
Сергіту сәті | Музыка арқылы жүргізуді ұйымдастыру \дарынды оқушымен алдын ала жұмыс\ | Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін өз сыныптастары жасатады |
Талдау | жаңа сөздер кездесетін сөйлемдерді тапқызу, мағынасын түсінгенін анықтау сөздік жұмыс | Тапсырма орындау арқылы оқушылар жаңа сөздер бар жолдарды тауып, талдайды. |
Жинақтау | «Қыз Жібектен» басқа қандай эпостық жыр білесіңдер? - басты кейіпкерлері кім? | Сұрақтарға жауап береді |
Қорытынды Рефлексия | Бүгінгі күннің сөзі | Стикерлерге жазу |
Үйге тапсырма | «Қыз Жібек» жыры бойынша кинофильмді кім түсірген? Сұрақтар бойынша мазмұндау. | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау | Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. |