1.Қызығушылықты ояту. «Неткен сұлу қазақ жері » -бейнеролик. Мақсатымен таныстыру -Балалар, сабақта суретпен жұмыс жасаймыз ба? Кітаппен жұмыс істейміз бе? Дәптерге жазамыз ба? -Сонымен бірге сұраққа жауап беріп үйренеміз. 2.Ұжымдық жұмыс. 2-тапсырма бойынша «Менің туған жерім – Қазақстан. Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлем үлгілерімен таныстырамын. Оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйренеді. Бейнеролик «Али мен Айя» -«Астанаға саяхат» -Али мен Айя қандай қалаға саяхат жасады? Олар Астанаға кіммен келді? Астанаға немен келді? -Қазақстандағы қандай қалаларды білесіңдер? -Мынау не? Медеу мұзайдыны қайда орналасқан? -Біз қай қалада тұрамыз? Бағалау: өзің-өзі  3.Жұптық жұмыс 4-тапсырмада оқушылар «Сен Алматыда (Астанада/Қазақстанда) тұрасың ба?» деген сұраққа жауап бере алуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша оқушылар жұппен сөйлеседі. Бағалау: жұптасын  4.Ұжымдық жұмыс *-Балалар, Қазақстан, қазақ, қала деген сөздерде қандай жаңа дыбыс бар? Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. -Қ қандай дыбыс? (дауыссыз) Қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретемін  *-Дәптерлерінді ашып, 1,2 тапсырманы орыңдаңдар. 1-тапсырма қ қара қасқыр 2-тапсырма Сен Алматыда тұрасың ба? Сен Астанада тұрасың ба? Сен Қазақстанда тұрасың ба? 3-тапсырма Мен Алматыда ... Мен Астанада ... 5.Топтық жұмыс Оқушыларға үш қиылған сурет таратамын. Тапсырма: суретті жинау, сұрақтарға жауап беріп, қысқаша мәтін құрастыру. Бұл не? Ол қайда орналасқан? Қала қандай? Сен осы қалада тұрасың ба?  Мынау-Бәйтерек. Ол Астанада орналасқан. Астана –әдемі қала. Мен Астанада тұрмаймын. Мынау-Медеу. Ол Алматыда орналасқан. Алматы-үлкен қала. Мен Алматыда тұрмаймын. Мынау-Мәдениет үйі. Ол Щучинск қаласында орналасқан. Щучинск-кішкентай қала.Мен Щучинск қаласында тұрамын. Бағалау: топтың жұмысын  6.Ұжымдық жұмыс 5-тапсырмада Қазақстандағы үлкен қала туралы «Алматы» деген өлеңмен таныстырамын: Жап-жасыл ағашы, Қып-қызыл алмасы, Ақ басты тауы бар – Алматы қаласы. Өлеңді тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстарын жүргіземін. Бағалау -Балалар, сабақ бойы өздерінді, достарыңды бағаладыңдар. Жақсы жұмыс істегендерін үшін мен де баға қоямын.(смайликтер). Рефлексия -Алматының ағаштары қандай? Алматының алмалары қандай? Алмаларды таңдап, сабақтан қандай әсер алғандарыңызды білдіріңдер. -сабақ ұнады, бәрін түсіндім. - сұрақтарым бар. -қиын болды, түсінбедім. |