202 «ә» топ білім алушысы – Амантаева Гүлім Ардаққызы
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта бөлім»
Біліктілігі: 0111083 «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі»
Эссе
«Қыз өмірдің қызғалдағы»
«Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр»
Ә.Нұршайықов
Мен қазақ қыздарына қайран қалам.
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам , - деп ақын ағамыз жырлағандай қазақ қыздары әсем де сұлу ажарларымен, батыл да қайсар ержүректіліктерімен, ұяң да балғын нәзіктіктерімен ғасырдан-ғасырға аңыз болып келе жатқандары баршамызға аян. Кешегі өткен Қарашаш, Жібек пен Баян, Еңлік апаларымыз ажарларына ақылы сай асқан арулар болған болса, Әлия мен Мәншүк апамыз ержүрек батырлық, тайсалмас табандылық көрсетіп батыр атанды.
Бүгінде ел аузынан түспей жүрген үлкен өнер иелері Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова сынды апайларымыздың өзі бір төбе емес пе?
Ал, бұдан басқа қоғамның ең күрделі салаларында: медицина, ғылым, техника, ауылшаруашылығы, өндіріс, тағы басқа салаларда тер төгіп, еңбегімен озып жүрген апайларымыз қаншама?!
«Жақсы қыз – рулы елдің бағы» демекші бүгінде қонағымыз болып отырған арулар да қоғамда өз орындарын тапқан, өз қамы үшін емес, рулы ел үшін еңбек етіп жүрген асыл жандар.
«Қыздарым, сенің ұятың – ұлтыңның намысы!» деген аталы сөз қыз тәрбиесіне орай айтылса керек, Ұясынан ұшқан құсы қиясына абыройлы қонса, ол артындағы ата – анасына мерей. Қыз бала тәрбиесі қашанда мәнді. Ата – бабамыз қызды аса қадірлеген, тәрбиесіне аса мән берген. «Адамның мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» депті ұлы Абай.
«Қыз — өрiс, ұл — қоныс» деп бiлгендiктен қазекем өрiсiн кеңейтер қыз балаға айрықша көңiл бөлген. «Қыз мiнездi келсiн, ұл өнерлi келсiн» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды. Қыз тәрбиесiндегi жеңге рөлi де көзден таса болмайды. «Қызы бар үйдiң жеңгесi сүйкiмдi келедi».
Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Оны мынандай мақал-мәтелдерден анық аңғарамыз. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырьп қамдаған. Барынша iзеттi, сыпайы, мейiрiмдi де iсмер, қылықты да қырмызы болуын үнемi қадағалап отырған. Еркiн ұстаған, бiрақ тым еркiнсiтпеген.
Қорыта айтқанда, менің ойымша қыз, әйел – өлмейтін тақырып. Өзінің қыры мен сыры көп, көркі мен, ақылы мен, парасаттылығымен, шебердің қолын, шешенің тілін байлайтын сиқырлы құбылыс секілді, оны дүниені тудырған құдірет деуге де болады. Әр шаңыраққа бақыт пен бірлік беретін – ана, берекесін келтіретін – ана. Өмір адамға бірақ рет беріледі. Сондықтан әр адам қолынан келіп тұрып бақытсыз болуы қиянат. Бүгінгі кешімізді «Ел болам десең бесігіңді түзе ». «Анадан алып туады», «Ана бауырындағы бұлақ», Сондықтан ана алдындағы қарыздың өтелмегенi өте ауыр. «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың», «Анасыз қыз жасауға жарымайды». Ендеше «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер». Сол себептi, «анасын көрiп, қызын ал».
Бұлар ана туралы халық даналығынан алынған бiрен-саран мысалдар ғана. Тағылымға толы осынау толғауларды тарата отырып, қазақ тiлiнiң түпсiз де терең байлығына, ойыңды көрiктендiрiп, көңiл сарайыңды нұрландыра түсер асқан қасиетiне қалайша шаттанбайсыз.
Қабылдаушы: Жұмағұлова Ә.Ә.