Қыздар - қызғалдақтар!
Би: Флешмоб. (ұлдар, қыздар)
Жүргізуші: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. – дей келе, бүгінгі 8 – наурыз мерекесіне арналған мектепалды даярлық «Ә» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерді 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. .
1 оқушы: Жігіттер, осы біз қыздарымызды неге теңейміз?
Гүлге! (бәрі бірге)
2 оқушы: Олай болса, гүлдей жайнаған қыздарымызды қарсы алайық!
Ажарлы қыз Ару.
Нәзік қыз Нұрай.
Мейірімді Меруерт.
Әсем қыз Әдемі.
Дарынды қыз Дильназ.
Әп-әдемі Әмина.
Айдай сұлу Аққу.
Зерек қыз Зере.
Аяулы қыз Аяна.
Алғыр қыз Ажар.
Жігіттер қолдарындағы гүлдерін ұсынады.
Жүргізуші: Балалар, мен сендердің білімдеріңді сынау үшін жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (аққала)
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (пияз)
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған (ана)
Жарайсыңдар балалар! Бұл аналарымыз.
Жүргізуші: ендеше, оқушыларымыздың аналарына арналған өлең жолдары бар, соларды ортаға шақырайық.
Тақпақ: Дильназ, Әдемі, Аққу, Арнұр, Ерхан, Аяна.
Жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанамыз,
Ана, сізді құттықтап.
Әндетеміз бәріміз.
Ән: «Ана жаным!»
Тақпақ: Досжан, Зере, Бекмұрат, Меруерт, Азамат, Ғаламат.
Жүргізуші: Жас ару алынбаған асуларсың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Күш қайратың әрқашан тасқындасың.
Би: «Біз кішкентай жұлдызбыз! »
Жүргізуші: Мерекеге арналарды бүгін билер,
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызды ұлдардың «Қойылым – би»
Таң қалдырып қанекей би билеңдер.
Би: «Қойылым - би»
Жүргізуші: Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым
Ән: «Ақ мамам».
Ойын: Анамызды киіндіру.
Тақпақ. Мирас, Ибраһим, Әмина, Ажар, Ару, Нұрай
Жүргізуші: Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың,
Өзіңе борышы көп балалардың.
Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.
Әжелеп жан-жағыңда жүре берсін,
Бал тәтті немерелер-қызықтарың.
Ән: «Менің әжем!»
Жүргізуші: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт.
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім
деп, тобымыздың жігіттері дайындаған сыйлықтарын қыздарымызға табыс
етейік.
Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым!
Әр баланың өзі дайындаған сыйлықтары бар. Сол сыйлықтарын аналарына табыс етсін.
Жүргізуші: 8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер. Осымен 8 наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыздар - қызғалдақтар» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!
Оқушылар: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
(Бәрі бірге).
Просмотр содержимого документа
«Қыздар - қызғалдақтар!»
Ембі қалалық №3 орта мектеп
Қыздар - қызғалдақтар!
МАД «Ә» тобы
Тәрбиеші: Жиенбаева А.Б.
2016 – 2017 оқу жылы