СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қайық" Шығармашылық, Мүсіндеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мүсіндеу сабағы бойынша Суда жүретін көлек ретінде пласталиннен Қайық жасау.

Просмотр содержимого документа
«"Қайық" Шығармашылық, Мүсіндеу»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средный группе

Өткізу күні/Дата проведения: 15.11.2019

Тәрбиеші/ Воспитатель: Смағұл П.А

Білім беру саласы/Образовательная область:Шығармашылық

Пән/Предмет:Мүсіндеу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Теңіздер мен мұхиттардың әлемі»

Тақырыбы/Тема: «Қайық»

Мақсаттары/Цели:

Тәрбиелік - воспитательная:Қайықты мүсіндеу балаларға түсті дұрыс тандауға, сұлулыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық – развивающая: Балаларға қайық қандай материалдан болатыны туралы түсіндіру.

Оқытушылық - обучающая : су көліктерімен таныстырып, олардың адамға не үшін керек екенің таныстыру түсіндіру.

Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық технологиясы, ойын әдісі

Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: сабаққа байланысты суреттер

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: теніз –море,мұхит-океан , балық-рыба


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:

Тыңдаңыздаршы балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты. Кім екен келген?

Балалар: Қонжық.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бірақ қонжығымыз өте көңілсіз екен. Неге мұңайып келгенін сұрап көрейік.


Балалар, қонжықтың айтуынша , оның ата-анасы теңіздің арғы бетінде тұрады, мында достарыммен келіп, адасып кетіпті, енді үйіне қалай жетерін білмей тұр екен?! Қонжыққа көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші:Ендеше балалар, қонжыққа көлік керек екен,көлік жасап береміз бе?

Балалар: Иә.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Тәрбиеші: Алдымен балалар айтыңыздаршы, сіздер қандай көлік түрлерін білесіздер?

Балалар: Жерде жүретін - автокөлік, жүк көлігі, поезд. Әуеде ұшатын - әуе шары, ұшақ, тікұшақ. Суда жүретін - қайық, кеме.

Дидактикалық ойын: «Көліктер».


Ойынның шарты: Балалар әртүрлі көлік түрлерін суреттерге қарай отырып, ажыратып, қай көлік түріне жататындығы туралы айтып өту қажет.

Балалар берілген тапсырманы орындайды.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді мына жерге назар аударыңыздаршы, не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Су, қайық түрлері(қағаздан және ағаштан жасалған қайықтар) .

Тәрбиеші: Ендеше біз қағаздан қайық жасап, қонжыққа берейік. Ол өзінің ата-анасына тезірек жетсін. Алдымен мына сызбанұсқа бойынша қағаздан қайық жасайық.

Үлгі сызбанұсқа бойынша қағаздан қайық жасаудың әдіс-тәсілдерін тәрбиеші түсіндіріп, жұмысты бастайды.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз орнымыздан тұрып саусақ бұлшық еттеріне арналған сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім-

Осыдан бәрі басталады.

Мынау менің басым-

Осы бәрін басқарады.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

Бір, екі, үш,

Жинап алдық күш!


Ал енді ермексаздаң қонжыққа қайық жасап берейік. Қане ол үшін бізге ермек саз бен сулы майлықтар керек.

Тәрбиеші: Жарайсыздар,балалар,отыра қойыңдар. Енді жұмысымызды аяқтайық.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Жасаған жұмыстарымызды мына үстел үстіндегі тұрған ыдыстағы суға жіберейік.

Балалар, сіздерге қонжық рахмет айтып жатыр, сіздер жасаған қайықпен өз ата-анасына қауышатын болды.

Қонжық балаларға алғысы ретінде әсем әуен орындап, би билеп берді.


Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: теніз –море,мұхит-океан, қайық-корабль

Жеке жұмыс: Алина мен Бейбарыстан нан тақырыбына байланысты сұрақтар қоямын?

3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бізге көмек сұрап, кім келді?

Балалар: Қонжық келді.

Тәрбиеші: Бізге қандай өтінішпен келді?

Балалар: Көмек сұрап келдік.

Тәрбиеші: Біз оған қалай көмектестік?

Балалар: Қағаздан қайық жасадық.

Тәрбиеші: Сіздерге ұнады ма?

Балалар: Иә, өте ұнады.

Тәрбиеші: Қағаздан қайық жасауды үйрендік пе?

Балалар: Иә, үйрендік.

Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар, сіздерге көп-көп рахмет!